Лекция. Тақырыбы: Түркі филологиясының танымдық, тәрбиелік мәні. Жоспары: Тіл тарихын зерттеудің мәні. Жазба ескерткіштерді зерттеудің мәні



бет36/36
Дата16.03.2022
өлшемі111,05 Kb.
#28194
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ò?ðê³ ôèëîëîãèÿñûíû? òàíûìäû?, ò?ðáèåë³ê ì?í³.

Б.А. Серебрянников топтамасы: (КСРО ҒА корреспондент мүшесі) «К проблеме классификации тюркских языков» деген мақаласында С.Е. Малов, Баскаковоптауларын санайды. Бұл ғалым тілде көне, жаңа құбылыстар қатар өмір сүре береді, біріңғай жаңа немесе біріңғай көне фактілерге ие тіл деген болмайды. Сондықтан белгілі бір тілдегі көне фактіге қарап оны көне тіл, жаңа фактіге сүйеніп оны жаңа тіл деп бөлу дұрыс емес деп С.Е. Малов пікірін теріске шығарады. Аталған мақалада автор Н. Баспаковтың классификациялай принципіне де жан – жақты тоқталып, оны біраз мәселе төңірегінде қатал сынайды. Ол түркі тілдерін Н.Баспаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 түрлі шарт керек:

    • Біріншіден, тарихи құжаттарда, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастық, төркіндестік барлығы даусыз болсын;

    • Екіншіден, тайпалық бірліктер тілініңқандай екендігі белгілі болсын; Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н. Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бірде – біріне кесімді жауап бере алған жоқ..

    • Екіншіден, Н.Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан ре айтып айқындаған тілдік топтарды тек басқаша жаңа атаумен ғана атаған.

    • Үшіншіден, әр топқа жататын тілдік тілдік ерекшеліктер деп көрсеткендері де онша сенімді емес, көпшілігі - әр түрлі топтағы тілдерде бірдей кездесетінортақ тұлғалар, оның үстіне белгілі бір дыбыстың әр түрлі топтан әр басқа болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп санайды.

Б. Серебрянников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір топқа жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сөздер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сөздердің сандық мөлшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді топқа дұрыс жіктеуге зор септігін тигізді дейді.

Ортақ сөздердің сандық мөлшеріне қарай алсақ, түркі тілдерін төрт топқа бөлуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен тілдері;



    1. татар, башқұрт, құмық, ноғай, балқар, өзбек, ұйғыр тілдері;

    2. қазақ, қырғыз тілдері;

    3. тува, хакас, якут, чуваш,;

Туыстық жақындығы талас туғызбайтын әбден шешілген тілдік топтар қатарына Б. Серебрянников мыналарды жатқызады:

  1. Татар, башқұрт;

  2. Ұйғыр, өзбек;

  3. Түрікмен, әзербайжан, түрік, гагауыз;

  4. Хакас, шор;

  5. Якут, чуваш.

Ал қалғандары:

  1. Қазақ, ноғай, қарақалпақ;

  2. Алтай, қырғыз;

  3. Қарайым, құмық, қарағай, балқар, қырым, татар;

  4. Тува, тофа тілдерінің туыстық шамасын әлі де зерттей, айқындай түскен қиын дейді.

Талдаған классификацияларда жеке түркі тілдерінң қай топқа жатқызылатыны жөнінде де бірізділік жоқ.. Мысалы, қазақ тілі И. Березин еңбегінде оңтүстік немесе қыпшақ тобына жатқызылса, В. Радлов, Г. Рамстедт, Бенцинг, К. Менгес еңбектерінде батыс түркі тілдер тобына, Богородийцкиде Орта Азия тілдері тобына, Корш пен А. Самойлович, Рясинин еңбектерінде солтүсті батыс тілдері тобына, С. Малов жаңа түркі тілдер тобвына, Н. Баскаков батыс – хун - қыпшақ – ноғай тілдер тобына қосқан. Ал Б. Серебрянников ортақ сөздердің лексикалық индексі жағынан қазақ тілі мен қырғыз тілдері өзара жақын дейді.

Түркі тілдерін классификациялауға байланысты соңғы пікір иесі түркия ғалымы Т.Текин 1976 ж Алматыда өткен Бүкілодақтақ II түркологиялық конференцияда сөйлеген сөзінде өзіне дейінгі топтауларды айта келіп, сәтсіздіктерін көрсеткен. Себебі дейді, зерттеушілердің түркі тілдерінің өлі, тірілерін тегіс қамтып жіктегісі келетінін сынап, орхон, көне ұйғыр, қыпшақ тілдері жазба ескерткіштерін жіктеуге қоспау керектігін ұсынды. Екінші кемшілік – фонетикалық критерий берік, жүйелі сақталмайды. Осыларды айта келіп автор түркі тілдерін фонетикалық белгілеріне сүйеніп бөлуді ұсынад.

Түркі семьясына жататын тілдерді классификациялау бағытында істелген біоаз жұмыстардың барлығына қарамастан бұл мәселе күні бүгінге дейін тыңғылықты шешімін таппай келді. Оның басты себебі, біріншіден, бұл мәселені зерттеудің тиімді әдістемесінің жоқтығы болса, екіншіден, түркі тілдерінің дыбыстық, грамматикалық жүйелерін бір – біріне салыстыра зерттеу, сол арқылы олар арасындағы бірлік пен өзгешіліктерді жете ашу істерінің жетімсіздігі болып отыр.

Бұдан басқа да лингвистика тарихында топтаулар бар. М: И.Бецинг, К.Г.Менгес, шетел түркологтерінен түрік ғалымы Т.Текин т.т.



Профессор Н.А.Баскаков топтауы ең толық, түркі тарихи зерттеулерін есепке алған және түркі тілдерінен фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін басшылыққа алған топтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет