Лекция. Тақырыбы: Ясауи мәдениеті: Майлықожа, Абай, Шәкәрім, Жүніс Әмре шығармаларындағы рухани сабақтастық. Лекция жоспары: Ясауи мәдениеті



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі23,09 Kb.
#133505
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
12 -лекция


12-лекция. Тақырыбы: Ясауи мәдениеті: Майлықожа, Абай, Шәкәрім, Жүніс Әмре шығармаларындағы рухани сабақтастық.
Лекция жоспары:

  1. Ясауи мәдениеті

  2. Майлықожа, Абай, Шәкәрім, Жүніс Әмре шығармаларындағы рухани сабақтастық.



Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.Ясауи дүниетанымын көпшілікке жеткізу дағдыларын көрсетеді;
2.Түркі халықтарының дүниетанымындағы ортақ сопылық мәселелерін шешу барысында өз көзқарастарын, идеалдарын жақтауда жоғары сенімділік көрсетеді;
3. Хикмет мағыналары және ерекшеліктері Ясауи ілімінің маңызы туралы талдайды;
Лекция мазмұны:
Ахмет Йасауи адам бірінші 18 мың ғаламды жаратқан Аллаға ғашық болуы керек, оның құдіретіне шек келтірмей, ғажап, ғаламат күш иесі екенін мойындауы керек деп уағыздайды. Ол өзі рухы, тәні, жаны таза адам бола түра, өзінде көп кемшілік бар деп есептейді де сол кемшіліктен қалай құтылам деп толғанады. Жалған сопыларды, дәруіштерді сынайды. Қазақ даласын билеген әкімдер мен болыстарда құлқынқұмарлық өрбіп, жемқорлық етек жайған тұста, Шал ақын ел билеушілерді имандылыққа, ізгілікке, нысапты болуға үндеді. Бұл үшін ол Ахмет Йассауи хикметтерінде айтылатын ой-пікірлерді ортаға салды.Адам бойындағы имандылықтың бір көрінісі болып табылатын қанағат, ынсап жайындағы этикалық-дидактикалық түжырымдар бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің керкемдік жалғасын тапты. Дулат ақын қанағат жайында айтылған Ахмет Йассауидің ой-пікірлерін қазақ халқының жаңа тарихи жағдайына бейімдеп жырлады.
Ал Абай адам болып қалыптасуға қажетті бес асыл қасиеттің бірі –қанағат деп біледі:
Талап, еңбек, тереңой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ахмет Йассауи сопылық сарында өсиет-уағыз айтумен шектеліп қалмайды. Ол өзі өмір сүріп отырған қоғамның қайраткері, белсенді ақыны ретінде адам баласының Алла алдында әділ, ақиқатшыл, кең пейілді, ізгі жан болуын талап етеді. Ақын «Аллаға ғашық болғандар хақ жолына түскендер» туралы айта келіп, Алланың барлығына, құранның растығына күдік келтірудің өзі күнә екенін ескертеді. Ал Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде Ахмет Йассауидің мораль философиясындағы құдайды танып-білу, имандылық, ораза, қажылық, т. б. мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын зор білгірлікпен жырлайды. Абайдың «имани гүл» (үш сүю), «жәуанмәртлік», «толық адам» сияқты аса күрделі гуманистік ойлары Йассауи философиясынан туындап жатады. Абай өзінің «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші сөздерінде» және бірқатар өлеңдерінде кезінде Йассауи қолданған діни атаулар мен терминдерді сол күйінде, өзгертпей жазады. Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл,
Ойлан-дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолыңа малың түгіл.

Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы,


Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы, -
дейді.
Ахмет Йассауи өз хикметтерінде алланы танып-білу, сүю арқылы ғана бүкіл адамзатты сүюге болады деген пікір айтады:
Менің хикметтерімді надан естімес,
Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес -
Тән сөйлемес, жас сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан кешкен шын ғашықтар хақты көздер.
Абай:
Алланың, пайғамбардың жолындамыз,
Ынтамызды бұзбастық иманымыз.
Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,
Кәні біздің нәпсіні жиғанымыз? –
деп жырлайды.
Сондай-ақ Абай өз ұстазы Йассауи сөзімен айтқанда, «ділі, көңілі қара надандарды», «ғибрат сөзді естімейтін, білмейтіндерді» өлтіре сынайды.
Абай:
Жамандық, жақсылықпен - оған бір бәс,
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас.
Арын сатып, ант ұрып іздегені –
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас, -
Деп зор күйінішпенжазады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет