Лекция тақырыыбы: Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі



бет2/5
Дата02.06.2023
өлшемі21,6 Kb.
#98101
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Есімдік

Жіктеу есімдігі. Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктер мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше, түрі бар. Олар мынадай:

Жақ

Жекеше түрі

Көпше түрі

I
II
Сыпайы
III

Мен,
сен
Сіз
Ол

Біз, біздер
Сендер
Сіздер
Олар

Бірінші жақ – айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ – тыңдаушы жақ. Бұлар – адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? Деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол – аламға, адамнан басқа затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы : бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмаймын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?) – оқыған азамат. Ол (не?) – биік тау т.б.
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер – жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік

Мен

Сен

Ол



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет