Лекция тақырыыбы: Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі



бет3/5
Дата02.06.2023
өлшемі21,6 Kb.
#98101
түріЛекция
1   2   3   4   5
Біз

А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.

мен
ме-нің
ма-ған
ме-ні
мен-де
ме-нен
мені-мен

сен
се-нің
са-ған
се-ні
сен-де
се-нен
сені-мен

ол
о-ның
о-ған
о-ны
о-нда
о-дан
оны-мен



біз
біз-дің
біз-ге
біз-ді
біз-де
біз- ден
біз-бен


Септік

Сендер

Сіздер

А.
І.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.

сендер
сендер-дің
сендер-ге
сендер-ді
сендер-де
сендер-ден
сендер-мен

сіздер
сіздер-дің
сіздер-ге
сіздер-ді
сіздер-де
сіздер-ден
сіздер-мен

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1) ілік, табыс, шығыс, септіктерде түбірдегі л,ң дыбыстары түсіп қалады;
2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;
3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы,-і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық төзгеріске түскен -ны(ң), -ні(ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып, л,н түсіп қалған түбірге –ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғау жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.

Жақ

Мен, біз

Сен, сендер
Сіз сіздер

Ол, олар

I


II
IIІ

Мен-мін
біз -біз

-
-
сен-сің,сіз –сіз
сендер-сіңдер
сіздер-сіздер

-
-


олар,ол

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып толықтауыш, жіктеліп, келіп баяндауыш қызметін атқарады.
Сілтеу есімдігі. Сілтеу есімдіктері меңзеу, сілтеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдереді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, со, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктереі сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнң орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә.Ә.). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік кқрсетті (М.Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктері қай? (қырандай, ұрыста) ? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр.
Сілтеу есімдіктеріне көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септеліп те қолданылады. Мысалы: бұл-бұлар, сол-солар, осы-осылар, анау-анауым-анауың, анаулары, т.б.
Сұрау есімдігі. Жауап алу мақсатымен сұрау мағнасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешіші? қайда? қайдан? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септк, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т.б.
Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана І, ІІ жақтарда жіктеледі. Себебі І және ІІ жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғаа болады. ІІІ жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.
Өздік есімдігі. Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулі түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің және зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (АсқардыІң) өзі, оқушылардың өздері, біздің өзіміз, сендердің өздерің, т.б. Өздік есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет