Жалпылау есімдігі. Жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы – өлең айтып, ән салалық (А). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би (мақал).
Берілген мысалдан көрінгендей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, бәрінен де бос қалдық? (А) Біліпті дерттің барлығын (А). Әдетте жалыпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.
Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі:ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А).
Белгісіздік есімдігі. Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін (А). Адамның кейбір кездері көңілде алаң басылса (А). Бұл сөйлемдергі біреу есімдігі белгсіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай, белгісізі бір кездер мәнінде өолданылған.
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әркім, кім-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әрқашан дегендер жатады.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
Есімдіктер әртүрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ(Ж.Молдағалиев)
Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып
Достарыңызбен бөлісу: |