Лекция тақырыптары (Лексикология)


Дәріс 3-4. № 3 дәріс сабағының тақырыбы



бет3/12
Дата18.10.2022
өлшемі43,01 Kb.
#43814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 3-4.
3 дәріс сабағының тақырыбы:
Лексикасының негізгі объектісі сөз.
Сөз-дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Бұл туралы академик В.В. Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, яғни белгілі сөз арқылы, яғни белгілі сөз арқылы ойлайды. Сөз деген терминді тар мағынада заттың, құбылыстың атауы деп немесе сөз ұғымының белгілеген түрі деп аталады. Сөздің о баста-ақ атқаратын қызметі туралы айта келіп, В.В Виноградов: «Сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құрылатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді, жаңа мәнді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, ерекше сөздер болуға тиіс емес пе?» дегенді айтады. Сөз айтушы мен тыңдаушыға ортақ,яғни түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берелік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп ұғыну керек. Осыны ескерген профессор А.И. Смирницкий «Звуковая материя языка, крайняя существенная для него ( языка), без которой он не может существовать и развиваться как действительно важнейшее средство общения, составляет все же лишь одно сторону, внешнего; у языка есть и другая сторона, внутренная, смысловая сторона значений» деген еді. Сөздің екі жағы болады. Біріншісі, материалдық жағы, дыбыстық жағы да,екіншісі-идеалдық жағы, мағыналық, ұғымдық жағы. Бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады.
Сөз – көпқабатты құбылыс. Ал сөздің тілдік қабатынан тыс тілдік емес білімдер қабаты, яғни мәдени семантикалық қабаттары болады.
Тілдік таңбаның семантикалық құрылымын ғылыми зерттеулерде екі деңгейге бөліп карастырады: тілдік қабаты және мәдени семантикалық қабаты. Тілдік-мәдени семантикаға ие тілдік (этикеттік) таңбаны екі деңгейге бөліп қараудың тиімді жағы бар.
Әдеттегідей, тілдік таңбаның бірінші деңгейіне лексика-фразеологизмдердің тілдік семантикасы жатады. Ал екінші деңгейіне, яғни мәдени семантикаға коннотативті мағыналар жатады. Коннотативті мағыналар:
-стереотивтік;
-символдық;
-эталондық мағыналар болып бөлінеді. Олардың әдеттегіден тыс образды мағыналары болады.
4 дәріс. Лексикологияның түрлері мен салалары.
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламаларымен де түсіндіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр. рһraгis — сөйлемше+logos —ілім) төл объекті ретінде қарастырады. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр. sетаsіа — мән, мағына +Іоgоs — ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады. Тіл білімінің лексикология саласында сөздердің мағынасы, оның зерттелуі, фразеология, семасиология, этимология сөздік құрамның тарихи арналары, лексикография сөз болады. Лексикология ғылымы тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да өзінің объектісі ретінде қарастырады. Өйткені шындық болмыстан, заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар тек жеке сөздермен ғана түсіндірілмей, тұрақты тіркестер түрінде де түсіндіріледі. Мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология ғылымы да лексикологияның нысаны ретінде қарастырылады. Кез келген тілдік бірліктердің екі жағы болатыны белгілі. Бірі – тұлғалық, яғни дыбыстық жағы болса, екіншісі – ішкі мазмұны, мағыналық жағы. Сөз бен оның мағынасы бір-бірімен тығыз байланысты. Мағынасыз сөз, сөзсіз мағына жоқ. Сөздің мағыналық жағын тіл білімінде семасиология деп атайды. Ол сөздің мағынасын, оның түрлерін, құрылымын, даму заңдылықтарын, себептерін сондай-ақ сөз мағынасына анықтама беру тәсілдерін зерттейді. Сондықтан да лексикология семасиология ғылымымен тікелей байланысты. Қазақ лексикологиясының синхрониялық жайы диахрониялық күйімен ұштастыра қарастырылады. Тіл бірліктерінің мағынасын ашуда оның түп төркініне, туыстас тілдер тарихына үңілуге тура келеді. Сондықтан сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтары қарастырылатын тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу төркінін зерттейді.

5

5 дәріс.
. Семасиология.
Сөздік құрамдағы жеке единицалардың білдіретін мағыналарын, оның түрлері мен дамуын, ауысуы мен өзгеруін қарастыратын ілім семасиология деп аталады. Семасиология (грек. sеmаsіа - мағына, lоgоs - сөз, ілім) – Европалық тіл білімі дәстүрінде: лексикалық семантиканы, яғии сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің бір тарауы. 1 сағат Лингвистикалық түс сөздік, 185). Сөз тіл білімінің барлық салаларында зерттеу нысаны бола алады. Сөз – заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттері мен қимыл-қозғалыс, іс-әрекеттерінің атауы. Әрбір атау қоғам таныған, әбден қалыптасқан белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те білгілі бір ұғымға ие бола отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырады. Сондықтан да ол лексикалық бірлікке ие. Тілдегі сөздердің бәрі белгілі дыбыстардан тұрады. Сөз – дыбыстық құрамның жиынтығы. Сөздің сыртқы дыбыстық жағы, екіншісі – сөздің ішкі мазмұны. Сөздің сыртқы формасы бар жерде оның ішкі мазмұны да болады, ішкі мазмұн бар жерде оның сыртқы формасы да болады. Яғни сөздің сыртқы формасы – оның материалдық көрсеткіші. Сөзді жасайтын дыбыстар тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады. Қазіргі тіл білімінде сөз табиғаты мынадай қасиеттерге ие: сөз құрылымының тұйықтығы. Дербес сөз және оның түсініктілігінің болуы үшін оның құрамына өзгеріс енгізуге болмайтындығы – оның тұйықтылығының, тұтастығының сақталынуы болып табылады; сөздің о баста зат я құбылысқа атау болып қалыптасуының себебін көрсету мүмкін еместігі; сөздің даяр күйінде жұмсалынуы, қайталанып келуі.
Қазіргі тілдік жағдаят, тек бірыңғай, жалаң тілдік семантикамен шектелудің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, тілдік субъектінің (жеке адам, әлеуметтік жіктер, халық, ұлт) санасында екі бірдей семантикалық код-тілдік және мәдени семантикалық код бір-бірімен астасып, байланысып жатса, тілдік тұлғаның мәдени-тілдік құзіреті әлдеқайда жоғары болмақ. Бірақ, өкініштісі, қазіргі кезде субъектінің тілдік санасындағы мәдени семантика көмескілене бастады. Бұл жерде тілдік семантика дегеніміз, ашып айтсақ, тілдік бірліктердің сөздіктерде берілетін түсіндірмесімен сәйкес келетін тілдік ақпараттар жүйесі болып табылады. Ал мәдени семантика халықтың, ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп келе жатқан дәстүрлі білімдер жүйесін құрайды. Лингвомәдени семантиканы анықтауда «адам және қоғам», «адам және табиғат», «тіл және қоғам», «тіл және мәдениет» принципі негізге алынады. Ұлттық тілдің құрамындағы этномәдени маркерлі лексиканың астарында мәдени семантиканы ашудың жолдары мен тәсілдерін білудің маңызы зор.
Сөздердің семантикалық табиғаты күрделі. Сөздердің қолданылуы қарым-қатынас ситуациясына тәуелді. Сөз актісінде сөздердің мағынасы статикалық күйде қалып қоймай, динамикалық сипатқа ие болады. Сөз қолданыста сөздердің, яғни тілдік жүйедегі виртуалды тілдік бірліктердің табиғаты мен сол тілдік бірліктердің вербалды қарым-қатынас кезіндегі табиғаты бірдей, тепе-тең болып, дәлме-дәл сәйкесіп отырмайды. Сондықтан жүйедегі бірліктер мен қолданыстағы бірліктердің мән-мағынасын ажырата қарап, саралап берудің тілтаным ғылымында айрықша мәні бар. Виртуалды тілдік бірліктердің вербалды қатынас кезіндегі табиғатын, қалай өзгергенін, неге өзгешеленетінін контекстік-семантикалық аяда айқындау, вербалды бірліктерді контекстік бірліктермен коммуникация аспектісінде салыстыру тілтанымдық тұрғыдан аса маңызды және өзекті деп білеміз. Сөз саптауда белгілі бір тұлғаның грамматикалық мағынасы мен қызметі сәйкес келе бермейді. Қазақ тілінде туыстық атаулардың кейбірі қаратпа болып жұмсалғанда, әрі номинатив, әрі қаратпа қызметте жұмсалады да, этикеттік қарым-қатынасты білдірудің арнайы амал тәсіліне айналады. Функционалдық тұрғыдан қарар болсақ, тәуелдік жалғауының қызметі сан алуан, ол тек «меншікті» мағынаны ғана білдіріп қоймайды, сондай-ақ қаратпа сөз типтерін жасайтын да қызметі бар деуге болады. Мұндай сөздерде тәуелдік мағына болмайды, бұл жерде тәуелдік мағына бейтараптанып (деактуализацияланып) сөз этикеттік тәсілге айналады. Этикеттік қызметтегі сөздердің, грамматикалық тұлғалардың өзінің дағдылы мағынасынан өзгеше мәнде жұмсалуы, яғни имплицитті мағынада жұмсалуы жиі кездеседі. Мұндай құбылысты коммуниканттар ескеріп отыруы қажет. Мұндай құбылыс тілдік құралдардың оралымдылығын, икемділігін көрсетеді.



6-7*



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет