Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Орталық жүйке жүйесінің қозуды өткізу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Орталық жүйке жүйесінің қозуды өткізу ерекшеліктері 
Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозуды өткізу 
ерекшеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. 
1.Жүйке орталығында қозу бір-ақ бағытта, яғни сезімтал нейроннан аралық нейронға, одан әрі 
қозғалтқыш нейронға өтеді. Бұл үшін қозу түйіспеден өтерде алдымен түйіспеге дейінгі мембранадан 
медиатор бөлінуі, соңғысы одан кейінгі мембранадағы қабылдағыштармен әрекеттесуі, осының нәтижесінде 
түйіспеден кейінгі қоздыру потенциалы пайда болуы керек. 
Тәжірибе жүзінде жұлынның белгілі бір сегментінің артқы түбірін тітіркендіріп, сол сегменттің 
алдыңғы түбірінде әрекет потенциалын осциллограф арқылы тіркеуге болады. Ал тап сол сегментгің 
алдыңғы түбірін тітіркендірсе, оның артқы түбірінде әрекет потенциалы пайда болмайды. Демек, бұл қозу 
тек артқы түбірден алдыңғы түбірге қарай ғана өтеді деген сөз. 
2. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіріп, жүйке орталығынан баяу өтеді. 
3. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез 
қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, түйіспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейрон 
денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. 
Тәжірибе жүзінде жұлын сегментінің артқы түбірін осы арадағы еттердің жиырылуы тоқтағанша үзбей 
тітіркендіріп, содан соң тітіркендіргішті сол сегменттің алдыңғы түбіріне көшірсе, жиырылуы тоқтаған ет 
қайтадан жиырыла бастайды. Жұлынның артқы түбірін ұзақ уақыт үзбей тітіркендіру салдарынан ет 
жиырылуының тоқтауы орталық жүйке жүйесінің қажуын, ал тітіркендіргіштің орнын ауыстыру 
нәтижесінде еттің қайтадан жиырылуы оның қажымағанын көрсетеді. 
4. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. 
Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу 
келесіге жол салады, сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді. Қалған іздің ұзактығы әркелкі. Қозу ізі қысқа яғни тез 
жойылатын болса, түйіспедегі әрекеттік құбылыстарға байланысты болғаны: қозудың өтуін жеңілдететін із 
біріншіден, түйіспе лабилдігінің жоғарылауынан, екіншіден, ондады медиаторлардың ыдырауының 
баяулауынан. Қозу ұзақ сакталса тұрақты із қалдырады. Бұл түйіспелерде, нейрондарда пайда болатын 
морфобиохимиялық өзгерістерге байланысты: жүйке ұшындағы бүршіктер жуандайды, түйіспе саңылауы 
тарылады, жаңа түйіспелер, қалыптасып нейрон денесінде ерекше РНҚ түзіледі, жаңа белок пайда болады, 
әсіресе қозуды есте қалдыруға бейімделген нейрондарда соған тән өзгерістер туады. 


5. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола 
бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда 
болады, Сондықтан жүйке орталығы шеткі ағзаларға ешқашан жеке (дара) серпініс жібермейді, керісінше 
сол орталықтан ағзаларға буда-буда болып шыққан серпіністер барады. Жүйке орталығының осы қасиеті 
туралы физиологтар мынадай теңеу келтіреді: “Орталық жүйке жүйесі мылтықтың дара оғына пулеметтің 
дүркін-дүркін оғымен жауап береді”. Мұнымен бірге жиі тітіркендіргіштің әсерінен панда болатын қозудың 
саны орталықта бірсыпыра төмен болуы мүмкін. 
6. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатын жауап (реф- лекстік әсерленіс) уақыты жағынан 
әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке деиін 
тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Ол жүйке орталығындағы нейрондар 
арасындағы байланыстарға байланысты. Қозған нейроннан шыққан қозу аксон тармақтары арқылы 
айналасындағы нейрондарға жайылып, олардан алғашқы қозған нейронға қайтып оралады да қозу үрдісін 
одан әрі жалғастырады. Осындай нейроидар арасындағы сақиналық байланысты нейрондар тұзағы дейді. 
7. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесінде өту ерекшелігі осы екі 
құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, 
яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция 
(тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше 
нейроннан қеліп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жиналуы. 
8. 1862 жылы И.М. Сеченов ашқан жаңалық - орталық жүйке жүйе- сінде туған қозу тап осындай екінші 
бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Нейрондардың осы физиологиялық қасиеті қозуды 
жинақтау не жинақы қозу деп аталады. Жинақы қозу бір ізді не кезекті кеңістіктік не бір мезгілді болып 
екіге бөлінеді. Рецептивтік өрістің белгілі бір жеріндегі қабылдағыштарды тітіркендірсе, оларда пайда 
болған серпіністер бірінен соң бірі сезгіш нейрондардың жүйке талшықтары арқылы аралық, одан кенін 
қозғалтқыш нейрондардың белгілі түйіспелеріне ғана жеткізілетін болса, серпіністер жиналып ондағы 
қозуды күшейтеді. Осылайша белгілі бір жолмен таралған қозудың жинақталып күшеюі бір ізді жинақы 
қозу боп сана- лады. Серпіністер бірінен соң бірі бір жолмен нейронға келген сәтте түйіспеде бөлінетін 
медиаторлар саны көбейеді, ол постсинапстық қоздыру потенциалын күшейтеді де постсинапстық нейронды 
қатты қоздырады. Сол себепті рефлекстік жауап үдейді. Бір ізді жинақы қозуды тәжірибе жүзінде байқау 
үшін жұлыны сақталған бақа сирағын электростимулятордың бір жұп электродымен (табалдырық деңгейіне 
жетпеген күшпен) бір рет тітіркендіреді де рефлекстік жауап болмайтынына көз жеткен соң сол күшпен (10-
15гц) бірнеше рет тітіркендіреді. Сол кезде бақа сирағы бүгіліп қозудың орталықта жинақталғанын 
көрсетеді. 
Кеңістіктік жинақы қозуды байқау үшін табалдырық деңгейінен төмен күшпен бірден екі не одан да 
көп жұп электродпен бақа сирағын тітіркендіреді. Тәжірибе нәтижесі - бір пар электрод әсер етпейді, ал 
бірнеше пар электрод әсерінен рефлекстік жауап ретінде бақа сирағы жиырыла бастайды. Мұның себебі - 
бір рецептивтік өрісте бірден бірнеше қабылдағыш тітіркендіріледі де, олардың серпіні бірнеше нейронды 
қоздырады. Рефлекстік жауап қозған нейрондар санына тікелей байланысты. Қозудың бұл кеңістік жинағы 
дивергенция мен конвергенция құбылыстарына тәуелді. Екі не бірнеше аксон аркьшы орталыққа жеткен 
серпіністер көптеген нейрондарды (нейрондар қауымдалысын) қоздырады. Нейрондар қауымдалысы деп 
жалғыз жүйке талшығы тармақтарынан қозатын нейрондар тобын айтады. Олардың орта шеніңде 
орналасқан нейрондарда түйіспелер көбірек, ал шеткі әрбір нейронда бір-ақ түйіспе болуы мүмкін. 
Денесінде бірнеше түйіспе болса, нейрон тезірек қозады. Екі нейрон қауымдалысының шеткі нейрондары 
ортақ болуы мүмкін. Сол себепті кеңістіктік жинақы қозуда көптеген орталық нейрондармен бірге шеткі 
нейрондар да қозады. Сөйтіп қозған нейрондар саны көбейеді де рефлекстік жауап күшейеді. 
9. Орталықта қозу жинақталуымен қатар окклюзия (бітелу) құбылысы да жүріп жатады. Оның мәні 
мынада: қозудың кеңістіктік жинақталуы рефлекстік жауапты күшейтеді, бірақ оның нәтижесі 
арифметикалық жиынтықтан төмен болады. Мәселен, екі жүйке талшығын (А, В) тітіркендірсе серпіністер 
жинақталады. Жүйке талшығын жеке-жеке тітіркендірсе, орталықта әрбір қозған талшыққа 4 қозған 
нейроннан келеді. Екі талшықтың екеуін де бір мезгілде тітіркендірсе 8 нейронның орнына 6-ақ нейрон 
қозады, өйткені шеткі екі нейрон екі талшыққа ортақ болуы мүмкін. Сондықтан қозу жиынтығы 
арифметикалық жиынтықтан төмен болғандықтан рефлекстік жауап әрине болжам жауаптан төмен болмақ. 
10. Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады. Тонус деген сөздің екі түрлі мағынасы бар. Орталық 
жүйке жүйесінде тонус “үзбей қозу” дегенге келеді. Орталықтың тонусы күшейсе, бұл қозудың үдегенін 
көрсетеді, ал тонус төмендесе - қозудың бәсеңдегені. Мәселен, кезеген жүйке тонусы күшейсе, орталықтың 
қозуы күшейіп, жүрек соғуы сирейді. 
11. Әрбір жүйке орталығы кейбір фармакологиялық заттарға (эфир, хлороформ, барбитураттар, 
апоморфин, лобелин т.б.) өте сезімтал келеді. Мәселен, ми қыртысы хлороформ мен эфирге өте сезімтал. 
Барбитураттар (аминазин) торлы құрылымға (ретикулярлық формация) ғана әсер етеді. Апоморфин құсу 
орталығын қоздырады, ал лобелин тыныс орталығы тонусын күшейтеді. 
12. Орталық жүйке жүйесі оттегінің тапшылығына (гипоксия) өте сезімтал. Гипоксияға әсіресе ми 
қыртысының нейрондары шыдамсыз, ол тіпті 5 минутке шыдамайды: нейрондар зақымданады, жойылады. 
Сопақша ми нейрондары 25 минуттік гипоксиядан зақымданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет