Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Орталық жүйке жүйесінің рефлекстерді үйлестіруі



Pdf көрінісі
бет13/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77
Орталық жүйке жүйесінің рефлекстерді үйлестіруі 


Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, 
координациялау. Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте 
бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлынның екінші жартысындағы аталған 
орталықтарда қарама-қарсы үрдістер туады, яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қозады. 
Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады. Осының арқасында адам жүре алады. Адам бір сәтте 
тамақты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау мен жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Біреуі 
қозғанда, екіншісі тежеледі. Сондай-ақ дем алу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Осының 
арқасында тыныстың екі кезеңі өмір бойы бірін-бірі алмастырып отырады. Орталық жүйке жүйесі де қозу 
мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтар- дың қарым-қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп 
үйлестіріп отырады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндегі су- бординация 
құбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы 
өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) 
рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (ирраднациясы), бір жерге 
шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері 
байланыс, соңғы жалпы жол. 
Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, қызметі байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды. 
Қозудың жайылуын қозу жайылысы дейді. Қозу мен қатар оның айналасындағы орталықтарда тежелу туып, 
қозу үрдісін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне шоғырланады 
(концентрация). Қозу сияқты тежелу де орталықта жайылады, одан соң жиналады. Жүйке үрдістерінің бұл 
қасиеті ми сыңарлары қыртысында да кездесетінін И.П. Павлов әдейі қонылған тәжірибеде дәлелдеген. Қозу 
мен тежелудің жанылысы мен шоғырланысы тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Торлы құрылым жүйке 
үрдістерінің жайылысы мен шоғырлануын реттейтін орталық болып саналады. 
Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістің тууына себепкер болады. Бұл 
индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір 
сегментінің жартысында бүгу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындады жазу орталығы 
қозып, бүгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Осыған орай 
индукция бір мезгілді және бір дәйекті кезекті болып екі түрге бөлінеді. 
Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрок- циялық (жегілген немесе 
қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы 
қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды. Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз 
етеді. Осыған орай дем алғаи сәтте дем шығарылмайды, ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды
бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т.т. 
Көпке денін репрокциялық (жегілген) тежелудің пайда болу меха- низмі белгісіз еді. Д.Ж. Экклс жұлын 
орталықтарында кездесетін бір мезгілді индукцияның Реншоу жасушалары тәрізді аралық тежелу 
жасушалардың қатысымен туатынын анықтады. Мысалы, бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты 
қоздырумен қатар қызметі қарама-қарсы орталықты, аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру 
арқылы тежейтінін көрсетті. 
Доминаттық қозу (лат. – dominantus - үстемдік, үстем). Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық 
үстемдік ететін билеуші орталық бола алады (А.А. Ухтомский). Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың 
қызметін тоқтата алады. Бұл орталықтың ерекше қасиеттері бар: 
1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді. 
2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де, басқа 
орталықтардың кызметін тежейді. 
3. Қозу созыңқы (инертті) болады. 
4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жнілігінен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті 
жауап береді. 
5. Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқ- татып тастайды. Организмге өте 
қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы 
зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі 
жоғалады, билігі тоқтайды. Оте тұрақты үстем қозу сау адамда кездеспейтін ой пікірлердің пайда болуына 
әкеліп соғуы мүмкін. 
Кері байланыс (афферентация) жолдары. Рефлекс тоқтаған соң оның нәтижесі көптеген 
қабылдағыштарды тітіркендіреді. Олардан шыққан хабар ми қыртысы орталықтарындағы акцепторға 
(салыстырушы) жеткізіледі. Акцепторда рефлекс нәтижесінің бағдарламаға сәйкес не сәйкес еместігі 
анықталады. Егер рефлекстік әрекет көңілдегідей болса, рефлекс тоқталады. Әйтпесе рефлекс мақсатқа 
жеткенше бірнеше рет қайталанылады. Керісінше байланыс организмде кездесетін үрдістерді, әрекеттерді 
өздігінен реттеуді қамтамасыз етеді. 
Соңғы жалпы жол құбылысы қонвергенцияға (түйістіріліске) не- гізделген. Орталық жүйке жүйесінде 
конвергенция құбылысы кеңінен кездесетіні белгілі. Жұлында сезгіш нейрондардың саны мотонейрондарға 
қарағанда 5 есе көп. Демек, олар аз санды мотонейрондарға серпіністер жеткізеді. Жұлын мотонейронына 
көптеген сезгіш және аралық нейрондардан, бас миының әр бөлімдерінен серпіністер жиналады. Сондықтан 
жұлын мотонейроны түрлі рефлекстерге қатысады, яғни мотонейрон көптеген рефлекстердің соңғы жалпы 
жолы болып саналады. Жан-жақтан жиналған серпіністер мотонейронға таласады. Мұндай жағдайда дәл сол 
сәтте тіршілік үшін маңызды және күшті серпіністер жеңеді, олар мотонейронға ие болады. “Талас” 


нәтижесіне мотонейронның әрекеттік жағдайы (қозу қасиеті, қажуы) әсер етеді. Сонымен бұл құбылыс та 
рефлекстердің келісімді болуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет