Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет11/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көпүйекті (мультиполярлы), қосүйекті 
(биополярлы), бірүйекті (униполярлы) болып бөлінеді. Адамның жұлын түйіндерінде биполярлы және 
жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы жасушалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) 
нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері. Атқаратын қызметіне қарай сезімтал, қозғалтқыш, аралық 
нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон қабылдағыштарда туған қозуды орталыққа жеткізеді. 
Бұлар жұлын түйінінде, артқы ашасында, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі. Қозғалтқыш нейрондар 
жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір 
ашасында, ми қыртысының қозғалтқыш аймақтарында (аймақтарында) ми бағанынын ядроларында 
орналасқан. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан ақпараттарды (серпіністерді) қозғалтқыш 
нейрондарға жеткізеді. 
Аталған жасушалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. 
Оларды Реншоу жасушалары (нейрондары) дейді. Реншоу нейрондары көбінесе қозғалтқыш нейрондардың 
айналасында орналасады. Олар қозғалтқыш нейрондардың аксон бұтағына келіп түскен серпіністердің 
әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғни тоқтатып 
тастайды. 
Қазіргі кезде тежелу нейрондары мидың басқа да бөлімдерінде, мәселен, мишықта, ми қыртысында, 
ретикулярлық құрылымда болатыны анықталды. 
Ми бағанында, ми сыңарларында келіп түскен ақпараттарды тал- дайтын, іріктейтін, сақтайтын арнайы 
нейрондар бар. Торлы құрылым нейрондары қозу және тежелу үрдістерін реттейді, олардың сөнуіне, тууына 
қажет жағдайлар жасайды. 
Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі 
Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рефлекс (reflecsus - латын сөзі - тойтарыс беру) 
тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұнғыш рет қолданған француз философы Рене 
Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді 
одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. 
Анохин. 
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі 
жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке 
орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. 
Сурет. Үш нейрондық жұлын рефлексінің доғасы. 
1 - тері қабылдауышы; 2 - сезгіш талшық; 3 - жұлын түйіні; 4 - аралық және қозғалтқыш нейрон; 5 - 
қозғалтқыш талшық; 6 - бұлшықет. 


Ол бес бөлімнен, атап айтқанда: 1) қабылдаушы құрылым - рецептордан; 2) қозуды орталыққа 
жеткізетін афференттік жүйкеден; 3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4) қозуды орталықтан 
эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5) жауап беруші құрылым - эффектордан тұрады. Рефлекстік 
доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бүзылса рефлекс 
біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым 
қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі эфференттік 
ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афферентация) 
арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады. 
Әрбір рефлекстің сезу өрісі болады. 
Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп атайды. 
Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физиологиялық ерекшел- іктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа 
бөлінеді: 
1. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік (ехіегив - сыртқы), интероцептивтік 
(interior - ішкі), проприоцептивтік (proprius - өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Recertio - лат. - алу, 
қабылдау. Демек, рецептор - қабылдағыш деген сөз. Экстерорецепторлар дене сыртында: теріде, ауыз, 
көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды. 
Интерорецепторлар ішкі ағзаларда, тіндерде, қантамырларында, ал проприорецептор сіңірде, буын 
қабында орналасқан. 
2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді. 
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми (мезенцефалды), аралық 
ми (диенцефалды), алдыңы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді. 
4. Қимыл-әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау реф- лекстері болып ажыратылады. 
5. Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші рефлекстер болады. 
6. И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді. 
7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп 
нейронды рефлекстер болып та бөлінеді. 
Жүйке орталығы туралы ұғым. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке 
жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде 
өз орталығы болады. Мәселен, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), 
зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде 
орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ орталық 
жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Сондықтан 
бірыңғай қызметті орталықтар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық жүйке жүйесі 
көптеген жүйке орта- лықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет