Сілекей бездері тұтқыр, әрі созылғыш сөл бөлетін клеткалардан және сұйық, суы көп ішінде муцин
белогы бар сөл бөлетін сероздық клеткалардан тұрады.
С і л е к е й с ө л і н і ң қ ұ р а м ы қ а с и е т і және м а ң ы з ы. Сілекей сөлі — түссіз, жеңіл
көбіктенетін, созылғыш, исі жоқ, әлсіз сілтілі сұйық зат. Сілекей сөлінде органикалық емес қосылыстардан:
хлоридтер, фосфаттар, сульфат іздері, натрий, калий және кальций бикорбонаттары, азот қышқылының
тұздары, аммиак, роданиттер бар. Ал органикалық қосылыстардан: муцин,
глобулин, амин қышқылдары
креатинин, несеп қышқылы және мочевина бар. Бұлардан басқа сілекей сөлінде — оттегі және көмір
қышқыл газы кездеседі.
Сілекей бездерінің сөлі ас қорыту процесіне қатысуымен қатар зат алмасу процесінің
нәтижесінде бөлінген керексіз зйянды, улы заттарды организмнен шығарып отырады. Кейбір .
жануарлардың, мысалы иттің сілекей бездеді, жылу шығаруды реттейді. Сілекей сөлінің құрамында
бактерияларды ерітетін белок заты — лизоцим болады. Жануарлар жараланса, жарасын жалайды. Бұл
жануарлар жарасының іріңдеп кетуінен сақтайды.
Адамның және бірқатар жануарлардың сілекей сөлінде крахмалды мальтозаға айналдыратын птиалин
ферменті және мальтозаны глюкозаға дейін ыдырататын мальтаза ферменті бар.
Сілекей сөлі ферменттері
рН әлсіз сілті, әлсіз қышқыл және нейтральды ортада ғана әсер ете алады. Сонымен ауыз қуысында
тамақтың углевод құрамдары ыдырай бастайды. Бірақ толық ыдырап үлгермейді, себебі тамақ ауыз
қуысында небары 15—18 секунд қана болады. Сондықтан сілекей сөлі ферменттерінің углеводтарға әсері
қарында тамақ бөліктерінің ішіне қарын сөлі толық сіңгенше ғана жүреді,
Сілекей сөлі құрамындағы белок табиғатты муцин ыдыраған тамақ заттарының сыртын
шырыштандырып, оларды жұту процесі кезінде жұтқыншақ, өңешті жарақаттамай, шапшаң жылжып өтуін
қамтамасыз етеді.
Сілекей сөлінің құрамы ауызға түскен заттарға байланысты ауызға құм, тас, қышқыл, ащы заттар түссе
сөл көп бөлінеді. Құрғақ тамаққа сөл көбірек, керісінше, сулы тамаққа азырақ бөлінеді. Птиалин
ферментінің көбісі қүлаққасы және шықшытасты бездерінде жасалады. Селдің құрамындағы сілті қанның
реакциясьшың тұрақтылығын сақтайды, әрі қарын сәлі қышқылдығын азайтады.
Адамда тәулігіне 1,5 литрге жуық сілекей сөлі бөлінеді.
Сөлдің құрамы, қасиеті және мөлшері
желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне, түріне, әр организмнің жалпы физиологиялық жағдайына
байланысты өзгеріп тұрады.
Ш а й н а у. Ауызға түскен тамақтың механикалық жолменен ұсақталуын шайнау дейміз. Шайнау
еттері жиырылуынан төменгі жақ қозғалып, тамақ екі тістің арасына түсіп ұсақталып, үгітіліп, жаншылып
сілекей сөлі арқылы жібіп, әрі қорытылып, жұтуға дайындалады.
Шайнау еттерінің жұмысы рефлекторлық жолмен реттеліп тамақ рецепторларды (дәм, температура)
тітіркендіреді. Рецепторларда пайда болған импульс орталыққа тебетін нерв системасына беріліп,
орталықтан тебетін нерв арқылы жауап импульс бездерге және шайнау, тіл еттеріне жеткізіледі де, без сөл
бөледі, ал еттер жиырылып қозғалыс рефлексі пайда болады. Шайнау еттерінің жиырылу күші ауызға
түскен тамақтың құрамына, табиғатына бай-ланысты.
Орталыққа тебетін импульстер нерв орталығына бет пен тіл-жұтқыншақ нерв талшықтары өткізіледі.
Ал орталықтан тебетін импульстер нерв орталықтарынан шайнау еттеріне, тілге
бет пен тіласты қозғалыс
нервтері арқылы жеткізіледі.
Шайнау нерв орталығы сопақша мида орналасады. Ал ми қыртысында В. М. Бехтеров ашқан ең
жоғарғы шайнау нерв орталығы орналасқан.
Е м у. Бала үшін ему — тамақ ішудің ең негізгі және жалғыз жолы. Ему процесі шайнау және жақ
еттерінің дамуына, қалыптасуына әсер етеді. Үлкен адамда сұйықтық ішу ему сияқты жүреді.
Ж ұ т у. Тамақ шайналып жұтылуға дайындалғаннан кейін, жақ, ұрт және тіл еттерінің көмегімен
сырылып көмекей доғасына барып, жұмсақ таңдай және жұтқыншақтың кілегейлі қабығына орналасқан
рецепторларды тітіркендіреді. Рецепторларда пайда болған импульс орталыққа тебетін үш тармақты, тіл,
жұтқыншақ, жоғарғы кеңірдек нервтері арқылы сопақша мидағы жұту нерв орталығына беріледі. Нерв
орталықтарының жауап импульстері жұтқыншақ, көмекей еттерінің
өзара байланысын жиырылуынан,
көмекей тесігі ашылып, тамақ көмекей доғасынан өтіп жұтқыншаққа барады. Бұл бірінші ерікті жұту
фазасы. Себебі физиологиялық қалыпты жағдайда жұтудың басталуы ми қыртысында орналасқан ең
жоғарғы жұту нерв орталығы импульсінің пайда болуынан басталады. Әрі қарай тамақ жұтқыншақтан өтіп,
өңештің басталар жеріне түседі. Бұл — жұтудың екінші еріксіз фазасы.
Өңештің ет қабатын құрайтын сақина тәрізді және ұзыннан орналасқан бірыңғай салалы ет
талшықтары, жоғарыдан темен қарай толқын тәрізді жиырылуынан тамақ өңештен қарынға ауысады.
Тамақтың өңеш арқылы жылжуы жұту қозғалысына байланысты, ол қозғалыс болмаса, өңештің қарынға
жалғасқаң жеріндегі кардиалдық сфинктер ашылмайды. Тамақ өңеш арқылы өткенде рефлекторлық жолмен
қарын сфинкторы ашылады да, тамақ қарынға ауысады. Бұл жұтудың соңғы, еріксіз фазасы. Өңеш еттерінің
қозғалысы кезеген нерв арқылы реттеледі.
Сопақша мидағы жұту нерв орталығымен ондағы жүрек қызметін реттейтін және тыныс алу нерв
орталықтары өзара байланыста жұмыс жасайды. Сол себепті жұту процесі
уақытында тыныс алу тоқтап,
жүректің соғуы жиілейді, ол ауызда тамақ, сілекей сөлі жоқта пайда болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: