қабырғаларындағы гиалуронидаза ферментін активтендіреді. Бұдан бүйрек каналшаларының эпителий
клеткаларын бекітуші (цементтеуші) гиалурон қышқылының деполимеризациясы күшейеді де, бүйрек
каналшаларының су өткізгіштігі жоғарылайды, ендеше судың реабсорбциясы күшейеді — оның сыртқа
шығарылуы күрт азаяды. Су-тұз алмасуын реттеуде маңызды роль атқаратын келесі бір фактор, бүйрек үсті
безінің қыртыс қабатында жасалатын гормон — альдостерон. Ол бүйрек каналшаларының эпителиіндегі
янтар қышқылының дегидрогеназасын активтендіреді, бұдан бүйректе натрийдің реабсорбциясы күшейеді.
Тканьдерде натрий концентрациясының көбеюінен ондағы осморецепторлар тітіркенеді, ал бұл АДГ-нің
жасалуын күшейтеді, ендеше судың денеде сақталуы жақсарады. Альдостеронның секрециясын
реттейтін бірнеше механизм бар. Біріншіден, оның секрециясын гипофиздің адренокортикотропты гормоны
(АКТГ) кушейтеді: екіншіден, оған тікелей гипоталамуста жасалатын зат — адреногломерулотропин әсер
етеді; үшіншіден, бүйректе жасалатын ерекше зат — ренин-альдестерон жасалуды активтендіреді.
Жоғарыда айтылған нерв орталықтары зат алмасуға тікелей әсер етсе және түрлі секреция бездері
арқылы да әсер етеді. Мәселен, нерв системасының әсерінен қалқанша безінің гормондары тироксин мен
трийодтирониннің жасалуы және қанға өтуі өзгереді, ал бұл жағдай тканьдегі белок алмасуын өзгертеді.
Белок алмасуына қалқанша безінен басқа гипофиздің алдыңғы бөлімі де, едәуір әсер етеді. Клиникадағы
бақылауларға қарағанда гипофиздің, қалқанша бездің және жыныс бездерінің қызметі төмендегенде
семіру процесі жылдамдайды. Бұдан шығатын қорытынды— бездер май алмасуына әсер етеді екен.
Бүйрек үсті безінің гормоны — адреналин — углевод алмасуын реттейді. Мұның әсерінен бауыр
мен еттегі гликоген күшті ыдырайды, ал аралшық бездің гормоңы — инсулин — керісінше, гликогеннің
синтезделуін жақсартады.Сондықтан да қантты диабет ауруында инсулиннің препаратын қолданады.
Минералдық заттар мен судың алмасуын гуморальдық жолмен реттеуде гипофиздің артқы бөлімінің
гормоны — возапрессин мен бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатынан жасалатын минерал-кортикоидтар
зор роль атқарады. Вазопрессиннің әсері бүйрек каналшаларында несеп түзілуі процесін азайтады, ал
минерал-кортикоидтар организмдегі клетка аралық сұйықтықты көбейтеді, одан сыртқа натрий бөлінуді
азайтады, ал керісінше, калий көп белінетін болады.
Осы айтылған зат алмасудың әр түрлі жақтарына әсер ететін гормондардың жасалуы әр уақытта нерв
системасының реттеушілік қызметіне бағынышты болады. Ендеше, гормондар әсерінен зат алмасудың
реттелуін таза гормондық демей, нейро-гормондық деп атаған жөн болады.
Өзгерген орта жағдайына организмнің оңай және тез бейімделе алатындығы белгілі, яғни организмде
өзгерген жаңа ортаға лайық зат алмасу дәрежесі қалыптасты деген сөз. Міне, осының қалыптасуына тек
жоғарыда айтып кеткен механизмдер ғана емес, сонымен қатар көптеген шартты рефлекстер де қатысады.
Олай болса, зат алмасуды реттеуге үлкен ми сыңарларының қыртысы міндетті түрде қатысқаны. Зат
алмасу процестерінің шартты рефлекс жасалу арқылы өзгеретіндігін алғаш рет эксперимент жолымен И. П.
П а в л о в, одан кейін К- М. Б ы к о в бастаған оның оқушылары дәлелдеп берді. Адам көп глюкоза
қабылдаса, қандағы қант мөлшері көбейеді (шартсыз рефлекс). Ал егер қоңыраудың немесе метрономның
дыбысын денеге глюкоза жіберумен қабаттастырып бірнеше рет қайталаса, кейін глюкоза бермесе де,
жалғыз дыбыстың өзінен-ақ қандағы қант мөлшерінің кебейгендігін көруге болады (шартты рефлекс). Дәл
осы метрономның немесе қоңыраудың (не тіпті кез-келген басқа тітіркендіргіштің) әсерін организмнің
жұмыс істеп жатқан кезімен, не болмаса, денеге қалқанша бездің гормонын жіберумен байланыстырсақ,
жалпы зат алмасу процесінің жоғарылағанын анықтаймыз.
Шартты тітіркендіргіштердің әсерінен адамдағы зат алмасу процесі жұмысқа кірісер алдында, тамақты
көргенде, ал спортсмендерде жарысқа шығар алдында күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: