Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет56/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
К а л ь ц и й. Мұның иондары организмдегі биохимиялық реакциялардың жүруіне көмектеседі.
Қанның ұюындағы кальций ролінің ерекше екендігін оқушылар бұрынғы өткен тақрыптардан біледі. Ет пен 
нерв системасының қалыпты қызметі үшін де, кальцийдің тиісті концентрациясы қажет. Кальций денеде 
негізінен фосфор қышқылының және көмір қышқылының тұздары түрінде (90%) сүйек пен тісте кездеседі. 
Бір тәулікте ересек адамға 0,6—0,8 г кальций керек. Әсіресе, скелет дұрыс өсуі үшін кальцийді жас 
организм және екі қабат әйелдер көп қажет етеді. Кальций жетіспеген жагдайда екі қабат әйелдер, емшекте 
баласы барлары да, 
денесіндегі кальцийдің қорын көп жұмсап, өздерінің сүйегі жұмсарады, тістері түседі.
Сүйектегі кальций тұрақты
болмайды, үнемі өзгеріп тұрады, себебі организмде бір жағынан жаңа сүйек
ткані түзілсе, екінші жағынан ескілері бұзылып, құрамындағы кальций қанға өтеді. Бала рахит болып 
ауырған кезінде (В витамині жетіспесе), тетания кезінде (қалқан серік безінің гормоны әдеттегіден кем 
жасалса), кальций алмасу бұзылады.
Ф о с ф о р. Аралық алмасуда фосфордың атқаратын ролі зор. Әсіресе, углеводтар алмасуындағы 
фосфорлану процесі кезінде, ет жиырылуын қамтамасыз ететін химиялық процестерде фосфор көп 
қатысады. Организмде фосфор универсальдық энергия көзі болып табылатын аденазинтрифосфор 


қышқылының (АТФ) құрамында кездесуінің үлкен мәні бар. Жоғарыда айтып кеткендей, кальцийдің өзі 
сүйекте негізінен фосфор қышқылдарының тұздары түрінде болады. Олай болса, организмде жалғыз 
кальций ғана болып, бірақ фосфор жетіспесе де, сүйек дұрыс өспейді. Бір тәулікте адам тамақ арқылы 1—2 г 
фосфор қабылдауы тиіс.
Т е м і р. Организмдегі темірдің барлығы органикалық қосылыстардың құрамында кездеседі. Бүл 
қосылыстар белоктармен комплекс түзеді. Темір гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздану 
реакцияларына қатысатын ферменттер — каталаза, пероксидаза және цитохром сиякты ферменттердің 
қүрамына - кіреді. Сондықтан оттегін тасуға, тотығу процестеріне қатысады. Бір тәуліктегі оған 
қажеттілік— 10—30 мг, егер организмге одан артық түссе бауырда қорға жинала алады. Емшектегі бала 
іште даму кезіндегі жиналған темірді пайдаланады. Бұл жоғарыда айтқан элементтерден басқа, организмнің 
барлық тіршілік әрекеттері дүрыс іске асу үшін аз мөлшерде болса да, басқа да элементтерді сөзсіз аспен 
бірге қабылдау керек. Мысалы, организмде йод жетіспесе, зат алмасуда маңызы зор қалқанша бездің 
қызметі бұзылады. Ал егер мыс, марганец жетіспесе тотығу-тотықсыздану реакциялары бұзылады; кобальт-
витамин Ві
2
-нің құрамына кіреді, ендеше оның аздығы қан аздылық ауруына ұшыратады. Цинк-инсулин мен 
жыныс гормондарын синтездеуге қатысады т. с. с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет