жүреді, өйткені жинағыш түтіктер қабырғалары суды жақсы еткізеді, әрі олар ткань сұйықтығының осмос
қысымы жоғары бөлімі — бүйректің ми қабатының интерстициальдық тканін бойлап өтеді.
Несеп каналдарында реабсорбциямен қатар кейбір зат-тардың секрециясы да жүреді. Мысалы, гиппур
қышқылы қанда жоқ, ал нағыз несептің құрамында болады. Сондықтан да, бүйректегі несеп жасалу процесі
тек жай ғана қысым айырымына байланысты орындалатын фильтрация және реабсорбциядан тұрмайды.
Несеп жасалу процесі, бүйрек тканінің қызметі организмнің физиологиялық жағдайына байланысты әр
түрлі дәрежеде өзгеріп отырады.
Н е с е п ж а с а л у д ы ң р е ф л е к т о р л ы қ жолмен р е т т е л у і . Нефрондардың қызметі
рефлекторлық жолмен реттеледі. Орыс гистологы Ю. Д. С м и р н о в өте жіңішке нерв талшықтары
мальпигий шумағындағы тамырларға, одан әрі каналдарға барып ңерв торын құрайтындығын және олар
бүйректің қалың қабатына еніп, тіпті жеке клеткаларды жабдықтайтынын ерте-ақ дәлелдеген болатын.
Бүйректің симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірсе, шумақтардың қанмен қамтамасыз етілуі
өзгереді де фильтрация процесі артады. Каналдардағы реабсорбция және секреция процестері де,
симпатикалық нерв талшықтарының басқаруымен реттелетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденеді.
И. П. П а в л о в ұсынып, Л. А. О р б е л и өзгеріс енгізіп толықтырған. Несеп ағардың тесігін сыртқа
шығара отырып, фистула қою әдісі арқылы жануарларға жасалынған ұзақ тәжірибелер несеп жасалу
рефлексін сыртқы жоне ішкі рецепторларды тітіркендіру арқылы өзгертуге болатынын анықтады.
Мәселен, ауыртатын тітіркендіргіштер несептің жасалуын азайтады, тіпті тоқтатып та тастайды.
Кезеген нервті тітіркендіргенде бүйректегі несеп ж-салу процесі азаяды. Парасимпатикалық нерв
системасы каналдағы кері сіңу процесін реттейді. Бүйректің несеп жасау процесі, бүйрекке үлкен ми
сыңарларының қыртысынан импульс келу тоқталса да қалыпты жағдайдағыдай жүре береді мысалы, адам
ұйықтағанда т. б. Бұдан бүйректің қызметі орталық нерв системасымен басқарылмайды деген ұғым тумау
керек.
Үлкен ми сыңарларының алдыңғы бөлімінде несеп жасауға әсер ететін нерв орталығы бар екендігін
1879 ж. В. М. Б е х т е р е в ашты. Ал сол орталық несеп жасалу процесінің жылдамдығын, тіпті несептің
құрамын басқаратындығын 1923 ж. В. Й. У ч к о көптеген тәжірибелер арқылы дәлелдеді. Бұл орталық
бүлінсе, несеп жасалу тоқталмайды, бірақ несеп жасалу процесі артатындай организмде жағдай болса,
бүйрек қызметі керісінше, төмендейді (мысалы, организмге шамадан тыс су енгізілгенде).
Үлкен ми сыңарларындағы несеп жасау орталығы орталықтан тебетін нерв жолдары арқылы аралық
мидағы, симпатикалық нерв системасындағы, 11І-қарыншаның түбіндегі, сүр төмпешік пен төмпешік асты
ауданда жатқан несеп жасау процесінің теменгі орталықтарымен байланысады.
Бүл орталықтардың қозуынан қанға несеп жасау процесіне әсер ететін ішкі секреция бездерінің
гормондары бөлінеді. Мишықты тітіркендірсе, несептің қүрамымен сыртқа қант шығарылады. Сол сияқты
несеп жасалуды ІУ-қарыншаның түбін тітіркендіру арқылы да, өзгертуге болады. Бүйрек нервтері несеп
жасалу процесіне қанмен қамтамасыз етуді өзгерту арқылы әсер етеді.
Н е с е п ж а с а л у д ы ң г у м о р а л ь д ы қ жолмен р е т т е л у і . Иттерге операция жасап,
бүйректерін мойын терісінің астына тігіп, бүйрек артериясын күре тамырымен, бүйрек венасын ярём
венасымен жалғастырып, бүйрекке қанның келіп түруын реттестірген соң, несеп жасалу процесі бұрынғы
қалпына келеді. Тіпті іштен және сырттан келген әсерлерге бұрынғы қалыпты жағдайдай жауап береді.
Бүйрек нервтерінің барлығын кесіп тастаса да, несептің түзілу процесі жойылмайды, кеспестен бұрын
жасалынған шартты рефлекстер қалпынша сақталады. Бұдан біз бүйректің қызметі орталық нерв
системасының эфференттік жолымен қатар, гуморальдық жолмен де реттелетінін көреміз.
Түзілетін несептің мөлшерін қандағы аденогипофиз гормондары (диурездік гормон) арттырады.
Нейрогипофиз гормондары (антидиурездік гормон) каналдарда судың реабсорбциясын жоғарылатып, несеп
жасалу мәлшерін азайтып, ал оның құрамындағы мочевина және тұздардың концентрациясын арттырады.
Бүйректің несеп жасау қызметіне гипофиз гормондары екі түрлі әсер етеді. Несеп аз жасалғанда диурез
азаяды да, керісінше, көп жасалғанда диурез көбейеді.
Бүйректегі несеп түзуді ішкі секреция бездерінің гормондары реттейді. Бүйрек үсті безінің қыртыс
қабатының гормоны кортин натрий иондарының реабсорбциясын күшейтеді, ал ішкі ми қабатының
гормоны адреналин мальпигий шумақтарына шығатын қан тамырларының қабырғасын тарылтады.
Қалқанша, қалқан серік бездерінің гормондары да тканьдегі су және тұз алмасу процестеріне әсер ету
арқылы диурезді реттеуге қатысады.
Бүйректің өзіндегі ренин ферментінің әсерінен ангиотонин заты түзіледі. Бұл да адреналин сияқты,
тамырларды тарылтады. Соның нәтижесінде мальпигий шумағының капиллярларында қанның қысымы
жоғарылап, капсулада жүретін фильтрация процесін күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: