Сүтқоректілерде эмбриональдық даму процесінде де, үлкейгеннен кейін де көбіне мочевина жасалады.
Ұрықта жасалған мочевина анасының организміндегі су алмасу процесі арцылы, ал туғаннан соң арнаулы
шығару органдары (бүйрек, тері т. б.) арқылы шығарылады.
Қорытып айтқанда, зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдері организмнің өмір сүретін
биологиялық табиғи орталығына байланысты екенін көреміз.
Ш ы ғ а р у о р г а н д а р ы н ы ң қ ы с қ а ш а зволюциясы. Бір клеткалы организмдерде
экскреция қызметін жиырылғыш вакуольдер, атқарады. Ал төменгі сатыдағы көп клеткалыларда бір жағы
тұйық, екінші жағы сыртқа шығатын каналға жалғасатын, тарамдалған түтіктер системасы атқарады.
Насекомдарда бүйрек ролін ішек каналына құятын мальпигий түтіктері атқарады. .
Төменгі сатылы омыртқалыларда иректелген түтік системасынан түратын алғашқы бүйрек дене
қуысына ашылатын воронкаға барып жалғасады. Воронка қасында қан тамырларының шумағы орналасады.
Балықтарда каналдың бір жағы тұйықталып, ішіне вена тамырлары кіреді. Эволюция процесінде кейбір
балықтарда «тұщы су бүйрегі» пайда болған, онда плазманың сүзілуінен су және кейбір басқа да керекті
заттар қанға кері сіңеді. Құстарда бүйректің қан тамырларының шумағында капилляр торының тарамдалуы
нашар дамыған. Оларда несеп канал арқыды клоакаға шығарылады. Сүтқоректілерде бүйректің қан
тамырлар шумағы өте жоғары дамыған. Бүйректегі каналдарда су және басқа организмге керекті заттар
қанға кері сіңеді.
С ү т қ о р е к т і л е р
б ү й р е г і н і ң
қ ұ р ы л ы с ы .
Жоғары
сатыдағы
омыртқалы
жануарлардың несеп шығару системасы екі бүйрек және олардан шығатын екі несеп ағар, қуықтан тұрады.
Қуықта несеп белгілі бір мөлшерге келгенше жиналып, несеп шығаратын канал арқылы сыртқа
шығарылады.
Сүтқоректілердің бүйрегі өте күрделі құрылысты орган. Ол екі қабаттан түрады .
1) Сыртқы қыртыс қабаты.
2) Ішкі ми қабаты.
Қыртыс қабатын бір типті структуралы нефрондар алып жатады. Олардың құрамына ішінде капилляр
шумағы (мальпигий шумағы) бар капсула кіреді (Шумлянский-Боумен капсуласы). Капсула тостағанша
тәрізді болып келеді, сөйтіп бір қатар эпителий клеткаларынан түратын қос қабырғалы болады. Екі
қабырғаның арасында кеңістік бар. Ішкі қабырғасы капиллярлардың шумағымен тығыз жанасып сүзгіш
мембрананы жасайды. Капсуланың ішкі және сыртқы қабатының арасындағы кеңістікке шумақтың
капилляр тамырларының қабырғасы арқылы сүзіліп шыққан сұйықтық жиналады.
Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатардағы ирек каналға жалғасады. Кеңістікте сүзіліп жиналған
сұйықтық бұл ирек каналдар арқылы өтіп, одан әрі оның ми қабатындағы жалғасы — тура каналға түседі.
Тура канал жіңішкеріп төмен қарай созылады, каналдың осы бөлегін Генле ілгегінің төмен кететін иіні
(проксимальдық каналша) деп атайды. Қалың ми қабатының аяқталар жерінде бұл тура канал ілгек тәрізді
бұрылып қайта кеңейіп, қыртыс қабатына қарай жоғары көтеріледі. Каналдың бұл бөлімін Генле ілгегінің
жоғары кететін иіні (дистальдық каналша) деп атайды. Жоғары шыққан тура канал қыртыс қабатта екінші
қатардағы иректелген каналға айналады. Өте қысқа байланыстырғыш бөлімі арқылы бұл канал жинағыш
түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктер емізікше тәрізді түтіктерге жақындағанда өзара байланысып, ішіндегі
сұйықтықты емізікшеге құяды. Емізікше түтіктері бүйрек астаушасына жалғасады. Нефронды біріңші рет
1782 жылы А. М. Ш у м л я н с к и й сипаттады.
Суреттелген «әдеттегі» («кәдімгі») нефрондардан басқа түгелдей дерлік ақшыл ми тәрізді затта
жататын басқа да нефрондар бар. Олардың шумақтары қыртыс және ми тәрізді заттардың щекарасында
(кортико-медуллярлық зонада) жатады, ал Генле ілгегі бүйрек астаушасына іргелеседі. Мұндай
нефрондарды ю к с т а м е д у л л я р л ы қ деп атайды. Бүйректе «әдеттегі» нефронның дистальды ирек
каналшасы өзінің сосудты шумағының полюсіне іргелес орналасады. Қаналшаның бұл бөлімін қалыңдақ
(тасиlа dепsа) деп атайды. Міне осы жерде әкелгіш артериолдық да қабырғасы өзгерген болады, сейтіп ол
полярлық жастықша, немесе периваскулярлық манжета деп аталатын қалыңданған бөлімдер түзеді.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше осы юкстагломерулярлық аппарат (ЮГА) делінетін жерде ренин
гормоны жасалады. ЮГА клеткаларында жасалатын заттар альдостерон секрециясын күшейтіп, натрий
иондарының дистальды бөлімдегі реабсорбциясына қатысады. ЮГА клеткаларының антогонисі ретінде
бүйректің ми тәрізді затындағы интерстиция клеткаларында жасалатын гормондар (простагландиндер)
қызмет етеді (антигипертензиялық әрекет) және электролиттер мен судың алмасуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: