Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 11. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі



бет11/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Лекция 11. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі

Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Қазіргі таңдағы шығып жатқан өндіріс жаңа мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек.


Кәсіптік насихаттау әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрінде қарастырылады, оның негізгі функциясы білімді, идеяны, көркемдік бағалылықты тарату. Кәсіптік насихаттаудың сипатты шектелуі – мақсатқа бағыттылығы, дифференциалдылығы, жоспарлылығы, формалар мен әдістердің әртүрлілігі.
Кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының әділ көрсеткіші оқу орнынан кейін, армия қатарын бітіріп немесе туған жеріне қайта оралу.
Қазіргі өндірістік кәсіпорындар және «Меншік туралы» заңға сәйкес мемлекеттік, жеке меншіктік т.с.с. кәсіп нысандары талаптарының бірі көпшілік арасында кәсіптік бағдарды жүргізу. Сондықтан, бұл жұмыс кәсіпорындарда, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, жүргізіледі. Мұның маңызы нарықтық қатынастар кезеңінде айта қаларлықтай өсті, өйткені жұмыстың келемі мен формалары әртүрлі. Алға қойылған нақтылы міндет кәсіптік бағдардың көлемін, ұйымдастыру мен басқару формасы мен жолдарын белгілейді.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әртүрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері – факультативтер, техникалық үйірмелер, әртүрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты – балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі[3].
Еңбек пәнінің оқытушысы — еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден, кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әртүрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл-кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.
Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.
Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:
- мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;
- мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін жасау, ілу;
- әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз – бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу – аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары – білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді.
Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет