Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 13. Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбиелік жұмыстар



бет13/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Лекция 13. Балалар мен жасөспірімдердің бастамашылдығын дамытудағы тәрбиелік жұмыстар

Дүниежүзіндегі алғашқы балалар бірлестіктері скауттер ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі «scout» сөзі барлаушы деген мағынаны білдіреді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941) өзінің «Скауттер үшін нұсқаулық», «Жастар үшін скаут өнері» (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады. Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут (boyscouts), ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Үндістан, Ресей және т.б.) жұмыс істеді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақұйымдарының басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни балалар бірлестіктері құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып, Кеңестер Одағы тұсында 1922 жылы В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионерлерұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары мен спорт кешендері болды. 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық бірлестіктер болып табылады.


Балалар бірлестіктерібалалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары, қоғамдық ұйымның айрықша түрі.
Қазіргі кезеңде Бүкілодақтық пионер ұйымының орнына бірыңғай монополиялық, көпшілік балалар қозғалысының формалары мен құрылымының жиынтығы пайда болды. Құрамында Ресей Федерациясының және ТМД елдерінің 65 субъектілері, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық балалар құрылымы бар. Балалар ұйымдарының халықаралық федерациясы құрылды. Мысалы «Юная Россия» балалар ұйымдарының федерациясы тәрбиеленушілердің әртүрлі деңгейдегі 72 қоғамдық бірлестіктерін (алғашқы бірлестіктерден одаққа, ассоциацияларға дейін) біріктіреді.
Ресми түрде тіркелгендермен бірге жастардың 30 пайызы ұнататын формальді емес, стихиялы пайда болған балалар мен жастардың бірлестіктері жұмыс істейді.
Балалар ұйымдарының мәні – маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
«Ұйым» сөзінің бірнеше мағынасы бар:

  1. іс-әрекетінің түрі;

  2. ішкі жағдайы, яғни ұйымшылдығы, келісімділігі;

  3. әлеуметтік құрылымы.

Субмәдениет (лат. sub – төменгі, нем. kultur – мәдениет) – дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра, сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер және т.б. құрайды. 
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктерге ғана байланысты емес, сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты.
Субмәдениет – жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсету мен дамытудың бір жолы. 
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл сөздер жасөспiрiм­дердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Алғашқы кезде субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi.
Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет.
Балалардың бұл мағынасыз бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар: отбасындағы түсініспеушіліктер, барлық адамдар сияқты болуды қаламау, өзіне көңіл аудартқысы келу, мода қуу, батыстық бейнеге еліктеу, өмірлік мақсаты болмау, эмоционалдық қажеттілік және т.б.
Қазақстан – бел­гілі ұлттық дәстүрлер мен жа­ңа­шыл­дықты өзі­не жинақтаған ерекше мем­лекет. Біздің жас­тар, бір жағынан, қоғамның инновациялық әлеуеті болып табылады жә­не білім алу, жаңашылдықты қабылдау­, мамандығы бойынша өсіп-өркен­деу­де және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Сонымен қатар, тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы са­надағы дәстүрлілік пен діл ерек­шелігі жас­тардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр. Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, ден­саулық, отбасы секілді құндылықтарға қа­рым-қатынастары оның рухани-адам­гершілік ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты.
Бүгінгі таңдағы педагогикалық əдебиеттерде (Н.Г.Полянская жəне т.б.) балалар бірлестіктерінің қызмет атқару моделі берілген. Мұнда төмендегідей балалар бірлестіктеріндегі тəрбиеленушілер тұлғасын дамыту ерекшеліктеріне сəйкестендірілген іс-əрекеттерді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен педагогикалық шарттары көрсетілген:

  • алғашқы бейімделу;

  • жаңа іс-əрекет түрлерін меңгеру;

  • жаңа жағдайға орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену;

  • білімдері мен ептіліктерін тұрмыста пайдалануға дайындық жасау.

Бұл бірлестіктердегі іс-əрекеттер тобы 3 принципке орай орындалады:

  • балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері шеңберінде жалпыадамзаттық құндылықтарды жан-жақты үйлестіру;

  • тəрбиеленушілерді адамның өмірлік ұстанымдары мен əлеуметтік рөлдерінің дамуына ұтымды негіз қызметін атқаратын қоғамдық əрі тұлғалық мəнді қатынастарға араластыру;

  • балалар шығармашылық бірлестіктерінде тəрбиеленушілердің өзіндік ұйымдасуына жəне бойындағы мүмкіндіктерін өзінше жүзеге асыруына жəрдем беретін ұжымның өзіндік басқаруы мен педагогикалық жетекшілікті өзара байланыстыра жүргізу.

Ерекше тəрбиелік мүмкіндіктерге ие уақытша бірлестіктер де (балалар лагерлері, жастардың
Жасөспірімді тәрбиелеу үздіксіз үдеріс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан-жақты болуына арналады.
Қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – тәрбиеленушілердің бос уақытты тиімді пайдалануы. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейін көтеру, қоғамдық жұмыстарды атқару, дене тәрбиесі, спорт және көркемөнермен айналысуға арналған уақыттың бір бөлігі.
Адамның жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К.Маркс айтқандай, рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың, негізгі қоғам мүшелерінің жан-жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болуы үшін, оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. 
Сондай-ақ, олардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыруда клубтың ерекшелігі өз еркімен ұйымдасқан тәрбие ұйымы ретінде оған қолы бос қатысушыларды жинайды. Сондықтан да ол клуб мүшелерінің қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту және қалыптастыруды көздейді. Ол үшінтәрбиеленушілердің қолы бос кездерін білу қажет. Осындай жұмыстарды атқарған кезде ғана клуб жұмысын нәтижелі ұйымдастыруға мүмкін болып, оның қоғамдық маңызды бағыты қалыптасады, тіпті ол адамгершілік тәрбиесінде де үлкен рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет