Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1


Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу



бет29/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі

5. Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу
Сөйлеу дыбыстарын шығару күрделі физиологиялық қызмет болып табылады. Ол үшін орталық сөйлеу аппаратының және дауысты пайда болдыратын перифериялық мүшелер мен артикуляцияның қалыпты құрлысы мен қызметі қажет. Сөйлеу аппаратының қандай болмасын бөлімдерінің даму дефектілері мен зақымдалулары дауыс пен тілдің пайда болуының кедергі болады.
Дауыс пен тіл кемшіліктері көмейдің созылмалы ауруларында, дауыс қатпарының түйінінде, фибромасы мен папилломасында, мұрын арқылы тыныс алудың бұзылуында, перифериялық сөйлеу аппаратының дефектілерінде, мидың зақымдалуында, инфекциялық аурулар мен ісіктерде пайда болады. Сөйлеу аппаратының құрлысында туа пайда болған дефектілерді және жұқпалы аурулар нәтижесінде пайда болған дефектілерді алдын алу кезінде әлеуметтік-алдын алу шараларының маңызы өте зор.
Дауыс аппаратының созылмалы ауруларын алдын алу үшін балаларды тұмаудан, ангинадан, өткір ларингит пен басқа да аурулардан сақтау қажет. Баланы жылы киіндіріп, ыстыққа үйретпеу керек, өйткені организм өзгермелі сыртқы орта температурасына бейімделу қабілетінен айырылады. Әрине, шынығу кезінде абай болу қажет: денені суыққа біртіндеп бейімдеу керек, шынығуды жазда бастаған жөн – баланы жалан аяқ жүруге, суық суда шомылуға және т.б.; қандай болмасын ауру пайда болғанда шынығуды тоқтатып, толық емделіп болғаннан кейін қайта бастауға болады. Денсаулықты нығайту мен организмді шынықтыруда дене шынықтыру және спорт түрлерінің балалар үшін маңызы зор.
Көмей кілегей қабатының созылмалы қабынуын тудыратын - дем алатын ауадағы зиянды қоспалар, әсіресе темекі түтіні. Сондықтан балаларға темекінің зиянды жақтарын сынып сағаттарында айтып жеткізген дұрыс.Мұрын арқылы дем алған кезде ауа механикалық қоспалардан тазаратынын жылынатынын және ылғалданатының білеміз. Егер ауыз арқылы дем алса, онда дем алатын ауа зиянды заттардан қажетті
дәрежеде тазаланбайды.
Сондықтан қалыпты тыныс алуға бөгет болатын кедергілерді дем алуды қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен қатар мұрынның кілегейлі қабатының қорғаныш қызметін қалпына келтіру үшін жояды. Бірақ мұрын қуысы бос болғанымен, сөйлегенде, өлең айтқанда, тез жүріп, жүгіргенде ауыз арқылы тыныс алу қажет болады.
Сондықтан моншадан кейін, қозғалмалы ойындардан кейін суық ауаға шығып, сөйлемеген жөн. Сонымен қатар ылғалды, суық ауа райында тез жүріп, жүгірмеу керек, өйткені осыбарлық жағдайларда ауыз арқылы дем алынады. Артикуляция мен дауыстың пайда болу мүшелерінің анатомиялық жағынан зақымдалуынан туындаған дауыс пен тіл дефектілерін жою үшін медициналық шаралар, лагопедиялық жаттығулар қолданылады.
Бірақ дауыс аппаратының осындай дефектілері сирек болады. Балаларда сөйлеу қызметінің бұзылуы жиі байқалады. Бұл көбнесе тәрбиенің дұрыс болмауына байланысты. Осыған орай отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде сөз мәдениетінің дұрыс болуының маңызы зор болып отыр, әсіресе тілдің қарқынды даму кезеңінде. Мектепке дейінгі балалар дұрыс сөйлеу ортасында дамығаны дұрыс. Ата-аналар мен тәрбиешілердің сөйлеген сөздері түсінікті, анық және грамматикалық дұрыс болуы тиіс.
Сөзді дұрыс айтпау бала тілінің дамуына кедергі болуы мүмкін, сондықтан осыны ескерген жөн. Балаларда тіл дамуының бұзылуын алдын алуда және болдырмауда кереңдікті ерте анықтаудың маңызы зор. Ондай балалардың есту мүшелерін дұрыс және уақытында емдеумен қатар, олардың тіл дамуына уақытылы жүйелі көмек қажет. Мұндай қөмекті оларға барлық қоршаған адамдар, әсіресе ата-аналар беру тиіс. Керең балаларға арналған мектептерге кейде 3-4 жаста есту қабілетінен айырылған балалар түседі, олардың тілі бұл жаста қалыптасқан болады, оны сақтап, дамытуға болушы еді.
Есту қабілеті төмен балаларға арналған мектептерде есту қабілеті сондай төмен төмен балаларға арналған мектептерде есту қабілеті сондай төмен емес, бірақ сөйлеу қабілетінде кемшіліктері бар балаларды кездестіруге болады. Кейде ата-аналар сурдопедагогтар мен логопедтердің кеңесін қолдана отыра, керең және есту қабілеті төмен балалардың тілін дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді.
Балалардың тілін өздігінен дамыту үшін олардың есту қабілеті жоғары деңгейде сақталуы тиіс. Есту қабілетінің аздап төмендеуі сөздің айтылу дефектілерін және грамматикалық құрылуының бұзылуын тудырады.
Есту дефектілерін уақытында анықтау - алдын алудың бір жолы болып табылады. Бала бақша тәрбиешілері мен төменгі сынып мұғалімдері балалардың сөйлеу дефектілерін алдын алуда және оны болдырмауда маңызды рөл атқарады. Олар сөйлеу дыбыстарын, сөзді, сөз тіркестерін және өз ойларын дұрыс айтуға белсенді қатысуы қажет. Мұғалім сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуға, анық, асықпай сөйлеуге бейімдеп, үйрету тиіс.
Тұмау және басқа да тыныс алу ауруларында балалар тыныш сөйлеп, ән күй сабағынан босатылғаны дұрыс.Егер қандай болмасын сөйлеу дефектілері байқалған болса, мұғалім түсіндіру және дұрыс артикуляция көрсеті арқылы осы кемшіліктерді жоюға тырысу қажет. Сөйлеу аппаратының анатомиялық дефектілерінде логопед және дәрігер-мамандар жұмылдырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет