Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет28/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі

Папиллома қандай болсын жаста дамуы мүмкін, көбнесе 2 жастан 8 жасқа дейінгі аралықтағы балаларда кездеседі, кейде алғашқы айларда дамуы ықтимал. Папиллома өте баяу өседі. Оның ең негізгі белгілерінің бірі - дауыстың қырылдауы; кейде дауыс мүлдем жоғалып (афония), тыныс алу қиынға соғуы мүмкін.
Операция жасау арқылы емдейді, кейде рентгенотерапия қолданылады. Рентгенотерапия оң нәтиже берсе, онда операция жасаудың қажеттілігі болмайды.
Көмейдің қауіпті ісігі. Көмей ісігі көбнесе қарт адамдарда
кездеседі, бірақ жастар арасында да байқалады; саркома балалық
жақта жиі дамиды. Бұрынғы кезде ісіктің өсуінен және метастаздан пайда болған қанның кетуі мен тұншығу салдарынан адамдар өз өмірлерімен қоштасатын.
Ерте диагностикалаудың және емдеу әдістерінің тиімділігіне байланысты қазіргі кезде бұл ауруды емдеу мүмкін болып отыр. Қазіргі кезде көмей ісігін емдеу оны толық немесе жартылай
алып тастауға және рентгендік сәулемен немесе радиймен сәулелендіруге негізделген.
Көмейін алып тастаған адамдардың сөйлеу қызметін қалпына келтіру өте маңызды болып табылады. Ондай адамдарда дауыстың пайда болуы үшін өңеш пен қарынға жұту немесе сору арқылы жиналатын ауа қолданылады, қарын мұнда өкпені алмастырып тұр, ал көмейдегі кілегей қабаттың қандай болмасын тарылуы мен қатпарлары немесе өңештің бастапқы бөлімі дыбыс қатпарының қызметін атқарып тұр. Қарын мен өңештен шығаттан ауа дыбыс береді, оны псевдодауыс немесе жалған дауыс деп атайды.
Осы жалған дауыс артикуляциялық аппараттың көмегімен сөйлеу дауысына өзгереді. Операциядан кейін дауыстың дұрыс шығуы үшін және сөйлеу қызметін қалпына келтіру үшін логопедиялық жаттығуларды жасау қажет. Жүйке-бұлшық еттің бұзылуы. Балалық шақта көмей параличі және оның жырылуы сирек байқалады. Олар орталықтан және перифериядан пайда болуы мүмкін.
Орталық паралич белгілі бір ми бөлімінің (ми сыңары, сопақша ми) зақымдалуына байланысты туындайды. Ал перифериялық паралич инфекциялық зақымдануынан (рефматизм, дифтерия, тифоз) немесе төменгі көмейдің жүйке мен жүйке талшықтарының жарақаттануынан дамиды. Кейде көмей бұлшық еттерінің параличі және жырылуы бронхиалды, мойын лимфа бездерінің, қалқанша безі мен өңеш ісігінің ұлғаюынан жүйке талшықтарының басылып, қысылып қалу нәтижесінде пайда болады.
Егер бүкіл жүйке зақымдалса, онда көмейдің барлық ішкі бұлшық еттерінің қызметі бұзылады, дауыс саңылауын жиыратын, босататын бұлшық еттер де; дауыс қатпары жартылай ашық болады, фонация кезінде және дем алуда өзгермейді. Фонация кезінде дауыс қатпарларының жанаспауына байланысты жабылмаған дауыс саңылауы арқылы ауаның шығуы жүреді, дауыстың пайда болуы бұзылады, афония байқалады. Бірақ бір жақты паралич кезінде басқа дауыс қатпары фонация кезінде ортаңғы сызыққа жетіп, зақымдалған қатпармен жанасады; осы кезде афония жоғалады.
Екі жақты паралич кезінде дауыс қатпарлары бір-бірімен жанаса
алмағындықтан толық афония байқалады. Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшық еттің параличі көмейдің сәйкес жағын қозғалмайтын қалыпқа әкеледі; дауыс қатпары фонация кезіндегідей, орташа қалыпта қалады. Бірақ паралич дауыстың пайда болуына сондай кедергі болмайды. Көмейді кеңейтетін бұлшық еттердің екі жақты параличі тыныс алу қызметінің бұзылуын тудырады, дауыс саңылауының қажет мөлшерде кеңеймеу салдарынан ауа жеткілікті өтпейді.
Көмейдің жеке бұлшық еттерінің параличі мен жырылуы кезінде электроемдеу және жылу процедуралары (фарадизация, гальванизация, диатермия және т.б.), массаж, дауыс жаттығулары жүргізіледі. Ал көмейді кеңейтетін бұлшық еттің екі жақты параличінде операция (трахеотомия) жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет