Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет27/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Созылмалы ларингит. Көмей кілегей қабатының созылмалы ларингиті көбнесе өткір ларингиттің бірнеше рет қайталану салдарынан дамиды.
Оның басқа бір себебі, бұл көмейге қатты күш түсіру. Созылмалы ларингиттің пайда болу себептері:
1) мырын арқылы тыныс алу қиынға соқса немесе мүлдем болмаса, ауыз арқылы көп уақыт дем алу;
2) төменгі тыныс алу жолдарының ауруларында (созылмалы
бронхит) байқалатын жөтелдің әсерінен;
3) тұмау кезінде мұрынжұтқыншақтан бөлінетін кілегейлі немесе іріңді бөліністің көмейді тітіркеуі.Кейбір жақсы еститін балалар да дауысты қатты шығарып сөйлейді, осындай балаларда созылмалы ларингит дамуы мүмкін.
Созылмалы ларингиттің негізгі белгісі дисфония (дауыстың өзгеруі) болып табылады. Кейде құрғақ жөтел байқалады. Дисфония әр түрлі дәрежеде байқалуы мүмкін; ол дауыс қатпарларының біртекті емес ісінуіне және тұтқыр, қою кілегейдің жабысуына байланысты;ларингиттің құрғақ формасында (атрофиялық) дауыс қатпарларында құрғақ қабыршақтар пайда болады, олар тек сөйлеуді ғана емес, тыныс алуды да қиындатады. Созылмалы ларингитті емдеу кезінде ең алдымен көмейде созылмалы қабыну процестерінің дамуына септігін тигізетін
себептерді жою қажет. Емдеу процедуралары ретінде пульверизация, ингаляция, дәрілік заттарды көмейге жағу мен шаю қолданылады.
Дауыс қатпарларының түйіні. Дауысқа ұзақ уақыт және шамадан тыс күш түсірілсе, онда дауыс қатпарларында түйін пайда болады. Түйіндер дауыс қатпарларының бос шетінде симметриялы орналасқан, оның мөлшері сондай үлкен емес. Екі дауыс қатпарында симметриялы орналасқандықтан, олардың толық жанасуына мүмкіндік бермейді. Қатпарлар арасында саңылау пайда болады, ол арқылы ауа шығып, нәтижесінде дауыс қырылдап шығады. Дауыс қатпарларының түйіні қатты дауыс шығарып, айқайлайтын балаларда, дауысы қойылмаған әншілерде жиі байқалады.
Сондықтан дауыс қатпарының түйінің ән айту түйіні деп те атайды. Кейде осындай түйіндер мұғалімдер мен тәрбиешілерде болады. Пайда болу себебі көмейдің жиі қабынуы (ларингит).
Негізгі емдеу шарасы – тыныштық. Дауыс қатпарының түйіні бар балалар қатты дауыстап сөйлемеу керек, олар хорға және әр түрлі театр қойылымдарына қатыса алмайды. Дәрілік заттар арқылы дауыс қатпарларын жағу немесе шаю арқылы емдейді. Егер мұндай емдеу нәтиже бермесе, онда операция арқылы алып тасталады, бірақ кейде бұл түйіндер қайта шығуы мүмкін. Дауыс қатпарының фибромасы -тегіс бетті, дөңгеленіп келген ісік.
Ол дауыс қатпарының бір жағында және жиі жоғарғы немесе төменгі бетте пайда болады. Фиброма кейде қатпарда бүкіл беттігімен жатады, кейде жұқа аяқшасы арқылы бекініп тұрады (49сур.). Фиброма өте баяу өседі, оның мөлшері бидай дәнінен ірі бұршаққа дейін ауытқиды.
Егер фиброма дауыс қатпарының жоғарға немесе төменгі бетінде пайда болса, онда ол дауыстың сондай дәрежеде өзгеруін тудырмайды; ал егер ол қатпардың бос шетінде пайда болса, онда дауыстың қырылдауы байқалады.
Егер фиброманың жұқа ұзын аяқшасы болса, онда дауыс өзгермелі болады: фиброма астына түсіп, дауыс қатпарында жататын болса, онда дауыс салыстырымды түрде таза болады; егер қатпар арасында қысылып қалса, онда дауыс қырылдайды. Фиброманың дамуы түйіннің дамуы сияқты дауысқа көп күш түсіруден пайда болады. Тек хирургиялық жол арқылы емделеді. Көмей папилломасы – түсті орамжапыраққа немесе әтеш айдарына ұқсас ісік. Кейде папиллома тек дауыс қатпарында болуы мүмкін, бірақ жиі түрде ол көмейдің кілегейлі қабатының бүкіл беттігін алады, кейбір жағдайда жұтқыншақ пен трахеяны да. Мұндай жағдайда жоғарғы тыныс алу жолдарының папилломатозы жөнінде айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет