Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет26/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлеу мүшелерінің патологиясы
2. Мұрын мен мұрын қуысының аурулары
3. Мұрын полиптері
4. Атрофиялық тұмау
5. Созылмалы тұмау
6. Өткір тұмаудың белгілері, емдеу жолы қандай?


Лекция № 15
Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу


Жоспары:



  1. Көмей аурулары.

  2. Бала тілі мен дауысының бұзылуын алдын алу



1. Көмей аурулары
Дауыс қатпарлары орналасқан көмей дауыстың пайда болуына (фонация) қатысатын мүше болып табылады. Сондықтан көмейдің барлық аурулары мен зақымдалулары дауыс қызметінің бұзылуымен байланысты. Мұндай зақымдалулар дисфония, яғни дыбыс биіктігінің, күшінің және тембрінің патологиялық өзгеруі түрінде және афония, яғни дыбыстың мүлдем болмауымен байқалуы мүмкін.
Дисфония көбінесе дауыстың қырылдау түрінде болады, кейде өте әлсіз болады, кейбір жағдайда, керсінше, дауыстың қатты шығуы байқалады. Афония кезінде дауыс мүлдем шықпайды. Даму аномалиялары. Көмей үсті құрлысының ауытқулары жиі кездеседі. Ол дамымай қалған түрде және мүлдем жоқ болуы мүмін.
Кейде көмей үсті деформацияға ұшырайды. Дауыстың пайда болуы мен сөйлеу қызметіне көмей дефектілері маңызды әсер етпейді. Кейбір жағдайда туа пайда болған көмей диафрагмасы байқалады (48сур.) – дауыс қатпарлары арасындағы жұқа қабыршақ, ол ауа өтетін кеңістік қалдырады. Тыныс алу саңылауының жабылу дәрежесіне байланысты тыныс алудың қиындауы байқалады; кейде басқа да дауыс дефектілері болуы мүмкін.
Көмей диафрагмасын тек хирургиялық жолмен емдейді; бірақ кейде операциядан кейін диафрагма қайта пайда болады. Көмейдің бөгде денелері. Бөгде денелер ауыз қуысынан көмейге және төменгі тыныс жолдарына дем алған кезде түседі. Көбнесе бұл балаларда кездеседі. Егер бала қандай болсын кішкентай затты ауызға салғанда дем алса немесе күлсе, онда дем алған ауаның орнына бұл зат тыныс алу жолдарына түседі.
Көмейге түскен бөгде зат көмейде қалып қойып, трахея және бронхаға түсуі мүмкін. Кейде рефлекторлы түрде пайда болған жөтел кезінде бөгде
заттар тыныс алу жолдарынан сыртқа шығады. Мұрындағы бөгде
заттарға қарағанда көмей, трахея және бронхаларда қалып қойған
бөгде заттарды тез арада алып тастау қажет, қабыну процесінің дамуын болдырмас үшін. Көмейдегі бөгде заттарды тек дәрігер–маман
ала алады.
Өткір ларингит. Көмей кілегей қабатының өткір қабынуы, немесе өткір ларингит (гректің larynx - көмей), тұмау кезінде тыныс алу жолдарының кілегей қабатындағы зақымдалудың салдарынан дамиды.
Көмейде қабыну процесінің пайда болу себептері – ылғалды, суық бөлемеде болу, суық ауаны ауызбен жұту және дауысты қатты шығару мен темекі тарту. Ең алғашқыда көмейде құрғақ сезім пайда болады, содан құрғақ жөтел байқалады, дауыс қырылдап, кейде мүлдем жоғалады (афония). Көмейді байқаған кезде кілегей қабаты қысарып, ісінген болады, дауыс қатпарлары қалыңдаған, дауыс шығарған кезде олар толығымен жанаспайды. Өткір ларингит көпке созылмайды және дұрыс емдеу кезінде сырқат адам 7-10 күннің ішінде жазылып кетеді.
Негізгі емдеулер – көмейдің толық тыныштық жағдайда болуы. 5-7 күн толығымен сөйлеспеу қажет, қатты тітіркендіретін тағамдарды ішпеу (бұрыш, горчица, уксус), сонымен қатар суық және ыстық тағамдарды қабылдамау, темекі мүлдем шекпеу керек.
Емдеу процедуралары – жылы сусын, мойынды жылы ұстау (таңғыш, компресс), булы ингаляция. Дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдау. Ларингитті алдын алу мақсатында суық ауада сөйлемеу керек, әсіресе балалар, өйткені сөйлеген кезде тыныс алу мұрын арқылы емес ауыз арқылы жүреді, кірген суық ауа осы кезде тікелей көмейге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет