Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет6/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Бақылау сұрақтар:
1.Нейрон. Нейронның құрылысы мен қасиеттері
2.Рефлекс және оның доғасы
3.Жүйке жүйесінің маңызы
4.Жүйке жүйесінің құрылысы
5.Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.


Лекция № 3
Орталық жүйке жүйесiнiң құрылысы мен қызметі: жұлын мен ми бағанасы
Жоспар:
1. Жүйке ұлпасы (тіні).
2. Жұлынның құрылысы мен қызметі.
3. Ми бағанасының құрылысы мен қызметі.
1. Нерв жүйесін нерв жасушалары, яғни нейрондар, құрайды. Нейрондардың пішіні, өлшемі және бұтақтарының сипаты әртүрлі болады. Нейрон денесінен тарайтын бұтақтар: қысқа дендриттер және ұзын аксондар. Әрбір жасушада бірнеше қысқа және бір ұзын бұтақ болуы мүмкін. Олардың өзіндік ұштары болады.
Осылай, қысқа бұтақтар тікенектер деп аталған өте ұсақ бұтақталумен бітеді. Ұзын бұтақ аяқталатын жерінде тарамдалып, телодендрий құрайды. Дендриттер арқылы нерв импульстары жасушаға келіп түседі. Импульстар нейроннан аксондар арқылы таралады. Ақсонды сыртынан миелин қабықшасы қаптайды.
Нерв ұлпасы ақ заттан және сұр заттан тұрады. Сұр затты нейрондардың денесі мен дендриттер құраса, ақ затты аксондар құрайды. Нейрон теориясының авторлары ерекше контакт немесе синапс түзетін жасушааралық байланыстардың болатындығын ұсынды. Нерв жүйесінде өтетін негізгі үрдістер – қозу және тежелу. Нерв тінінің тағы бір құрылымдық элементі болып глия жасушалары – нейроглия – саналады. Глия жасушаларының өте көп бұтақшалары болады, олар нейрондармен тығыз байланыста бола отырып, нейрон массаларын ұстап тұратын өзіндік тірек механизмі болып табылады және басқа да функцияларды атқарады – зат алмасу, қорғаныш және т.б.
Нейрон теориясының авторлары ерекше контакт немесе синапс түзетін жасушааралық байланыстардың болатындығын ұсынды. Синапста нерв импульсі бір жасушаның аксонынан келесі жасушаның денесіне немесе дендритіне беріледі. Бірінші жасушаның мембранасы пресинаптикалық, ал келесі жасушанікі постсинаптикалық мембрана деп аталады да, арасындағы саңылау синапс саңылауы деп аталады.
Нейрон денесінде түзілетін медиатор деген зат нерв импульсінің берілуін қамтамасыз етеді. Ол аксонның ұшына келіп, ол жерде майда көпіршіктердің ішіне жиналады. Нейрон мембранасының потенциалы өзгеріп, биологиялық ток пайда болады, ол аксонның бойымен оның ұшына жеткен кезде ішінде медиатор жиналған көпіршіктер жарылып, медиатор синапс саңылауына шығады. Сөйтіп, келесі постсинаптикалық мембрананы тітіркендіреді, осылайша нерв импульсі бір жасушадан келесі жасушаға беріледі де, әрі қарай тізбекпен қажет бағытта беріледі..
2. Жүйке жүйесі құрылымына қарай орталық (ми және жұлын) және перифериялық (жүйкелер, жүйке өрімдері және түйіндері) болып бөлінеді. Ал қызметіне қарай соматикалық және вегетативтік нерв жүйесі (симпатикалық, парасимпатикалық) болып бөлінеді

Жүйке жүйесі


‖ ‖
шеткі (31 жұп жұлын жүйкелері, орталық (ми және жұлын)
12 жұп бас-ми жүйкелері, жүйке
түйіндері, жүйке өрімдері)
Ал қызметі бойынша былай бөлінеді:
‖ ‖
соматикалық(сезгіш және Жүйке жүйесі вегетативті
қозғалтқыш жүйкелер) немесе
автономды
(симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелер).


2. Жұлын (лат. medulla spinalis) 5 бөлімнен, 31 сегменттен тұрады. Мойын бөлігінде 8 сегмент, кеуде бөлімінде – 12, бел бөлімінде – 5, сегізкөз бөлігінде – 5, құймышақ бөлігінде 1 сегмент болады. Әр сегменттен бір жұп жұлын нервтері шығады. Олардың жұлынға жақын бөліктері түбіршіктер (radix).
Жұлынның ортасында сұр зат орналасқан, оның пішіні көбелек тәрізді, ол рефлекторлық қызмет атқарады. Сұр заттың сыртында ақ зат орналасқан, ол афферентті және эфферентті жолдардан тұрады және өткізгіштік қызмет атқарады.
Анатомияда организмнің мүшелері мен әртүрлі құрылымдарының орналасуын белгілеу үшін 3 жазықтық қолданылады: 1) сагиттальды – денені оң және сол жаққа бөледі. Ортаңғы сагиттальды жазықтыққа қатысты құрылым медиальды және латеральды орналасуы мүмкін; 2) фронтальды – денені алдыңғы және артқы бөлімге бөледі; 3) аксиальды немесе горизонтальды (көлденең) – денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
3. Ми (лат. cerebrum, др.-греч. encephalon) құрылысы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да өте күрделі мүше болып табылады. Ми бірнеше үлкен бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы өмірлік маңызды қызметтерге және әрекеттерге жауапты: ми бағанасы немесе діңгегі (сопақша ми (лат.bulbus), ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми), мишық, үлкен ми сыңарлары (алдыңғы ми).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет