Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1


Жүйке жүйесінің филогенезі



бет5/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Жүйке жүйесінің филогенезі. Өзіндік рецептивтік түзілістердің ең қарапайым түрін біз инфузорияларда (біржасушалыларда) кездестіреміз. Инфузорияның рецептивті аппараты ауыз тесігінің алдында орналасқан арнаулы жетілген протоплазма аймағынан тұрады. Одан қозғалыс мүшесі болып табылатын мионемаларға бірнеше талшықтар, жұтқыншақ қабырғасына бірнеше талшықтар кетіп, көпжасушалылардың жұтқыншақ маңы сақинасына ұқсас түзіліс пайда болады. Инфузориялардың осы аппараты бұзылған кезде қозғалыстар тепе-теңдігі бұзылады. Инфузорияның рецептивті түзілістері жүйке жүйесінің прототипі болып табылады.
Көпжасушалы жануарларда торлы жүйке жүйесі түзіледі. Мысалы, гидраның деңгейінде жасушалар арасында тұрақты байланыстар пайда болады. Нерв жасушаларының бір-бірімен тор, яғни жүйке жүйесінің алғашқы элементін түзіп, қосылуын қамтамасыз ететін өсінділері болады. Гидраның беткейінен тітіркеністер қызмет орындалу үшін ішкі жасушаларға беріледі.
Омыртқасыздардың жүйке жүйесі нерв түйіні (ганглий) түріндегі ерекше рецепторлардың болуымен сипатталады, сонымен бірге кейбір жануарларда олар дене беткейінде таралып, ал басқаларында организмнің әртүрлі нүктелерінде орналасып, әр сегмент үшін рефлекторлық орталық ролін орындайды. Жүйке жүйесінің құрылысының ганглионарлы түрі төменгі даму сатысындағы тірі организмдерге тән.
Омыртқалыларда алғашқы рет орталық жүйке жүйесі пайда болады (жұлын). Нерв жүйесінің бұл көбірек жетілген түріне енді орталықтандырылған әрекеттер, сонымен қатар жергілікті (таңдаулы) тітіркенуді шақыру қабілеті тән.
Бірақ келесі сатыдағы балықтардың миының адамның миы сияқты 5 бөліктен тұратындығы байқалады. Әсіресе оларда ортаңғы ми мен мишық күшті дамыған. Жабынды тәрізді бөлігі көрінбейді, қыртыстық құрылымдар жұқа пластинка түрінде болады.
Амфибияларда негізінен иіс қызметін атқаратын алдыңғы мидың жабынды тәрізді бөлігі біраз көрінеді. Нағыз қыртыс әлі жоқ, бірақ кубтәрізді жасушалардың қабаты бар. Үлкен мидың жартышарлары ортаңғы миға қарағанда басым болады. Мишығы балықтармен салыстырғанда әлсіз дамыған.
Бауырмен жорғалаушыларда (жыландарда, тасбақаларда және т.с.с.) қыртыс бөлігінің біраз түзілгендігі байқалады. Мидың басқа бөліктеріне қарағанда алдыңғы ми анық басым болады.
Құстарда алдыңғы мидың жабынды тәрізді бөлігі одан да жақсы дамыған. Жартышарлардың дамығандығы сонша, аралық миды ғана емес, ортаңғы миды да жауып тұрады. Әсіресе, жолақты дене, сонымен қатар көру төмпешігі мен мишық та жақсы дамыған. Нағыз қыртыстың өзі шамалы ғана дамыған.
Алдыңғы мидың жабынды тәрізді бөлігі сүтқоректілерде ең күшті дамыған. Олардың жарты шарлары көптеген жүйке жасушаларынан тұратын сұр затпен қапталған.
Жоғары омыртқалыларда ми жарты шарлары немесе жаңа ми (неоэнцефалон) ежелгі түзілімдерді – аралық ми мен ортаңғы миды, немесе ескі миды (палеоэнцефалонды) жауып тұрады. Сонымен қатар, мидың сыртқы беті де өзгереді. Осылай, қоянның өзінде сайлар мен қатпарлардың
түзілуі байқалады, ал мысықта олар айқындала түседі. Одан кейін, итте сайлар мен қатпарлар аздап қарапайымдау архитектоникалы болса да, өте айқын дамыған болады. Маймылдың миы сыртқы түрі бойынша адам миына едәуір жақындай түседі, сонымен қатар сайлар мен қатпарлардың орналасу түрі де күрделенеді. Мидың жабынды тәрізді бөлімі адамда ең жоғарғы даму дәрежесіне жетед


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет