Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1


Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімі



бет14/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі

2. Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімі. Шеткі сөйлеу аппараты үш бөліктен тұрады:
1. Тыныс алу бөлігі
2. Дауыс шығару бөлігі
3. Дыбысты өзгерту бөлігі (артикуляциялық)
Тыныс алу бөліміне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам дем шығару арқы-лы сөйлеуді, оның сөйлеген кездегі дем алуы, дем шығаруы өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып - дем шығару арқылы әр түрлі дыбыс шығарып, әр түрлі әуенді сөз құрап, сөйлеу қабілетіне ие болады. Бұл құбылыста әсіресе дем шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады (1:20 тіп-тен 1:30), ересек адамдар орта есеппен 16-18 рет дем алып, дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары-жоғы 8-10 рет дем алып, дем шығарады екен. Адамның сөйлеу қабілеті бұзылып дизатрияға, ринола-лияға және тұтықпаға шалдыққанда, оның дем алып, дем шы-ғару да процесі бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртысы бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасқан, үстіңгі жағында жұтқыншаққа; ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдарымен жалғасып жатады.
Көмекей мен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша (надгортанник) орналасқан, соның арқасында жұтылған сілекей (тамақ) көмекей қуысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады. Дауыс сіңірлері бір-біріне қабысып жақын тұрады.
Адам дауыс шығару үшін дем шығарады. Сол сәтте ауа дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері қайтып өз орнына келеді. Дауыс сіңірлерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы дауыс шығаратын өкпеден сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады. Дауыс сіңірле-рі дірілдеуі көмекей қуысында ауаны әртүрлі дірілге келтіріп, қозғайды, соған байланысты дыбыс пайда болады.
Дауыстың пайда болуын фонация деп айтады. Дауыс сіңірлері белгілі мақсаттарға байланысты түрлі қалыптарға түседі. Мысалы, сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі (1 қосымша. 2-суретті қара). Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына және тембіріне қарай бөлінеді. Дауыстың күші дауыс сіңірлерінің қозғалу амплитудасына байланысты. Ауа қысымы неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс сіңірлерінің қозғалу амплитудасы да кең болып, дауыс күші жоғарлайды.
Дауыс күші үшін резонатарлы қуыстарының (мұрын, ауыз, жұтқыншақ қуыстары) да маңызы бар. Дауыстың жінішке-жуандығы дауыс сіңірлерінің қозғалуының жиілігіне және дауыс сіңірлерінің ұзындығына, жуандығына және шиелену деңгейіне байланысты келеді. Ал дауыс тембрі көмекейдің формасына, көлеміне және құрылыс ерекшеліктеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет