Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар



бет33/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

3. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар
Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов).
Бұл жұрнақтардың қолданылу аясы бірдей емес, -ш жұрнағы өте жиі қолданылады. Ол көбіне, кісі аттарына жалғанады. Кейде туыстық атаулармен қолданылады: көкеш, , анаш, апаш. Бұлар тәуелденген тұлғада қолданылады: көкешім, қалқашым, анашым, апашым. Соңғы анашым менің, апашым менің сияқты тұлғадағы қолданыста сыйлау мәні қосылады.
4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.
1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. Бұл жұрнақ жіңішке сөзге де, жуан сөзге де бір тұлғада жалғанады яғни буын үндестігіне ' бағынбайды. Мысалы, Әрбір жыра, шұканақ, немесе өзенсымақ өңірлермен жол жүрген сайын, сол күдігін айтады (М.Әуезов). Бұл жымда ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған (М.Әуезов).
2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол –сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов).
3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мән береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов).
4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін біддіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов).
5. Ұрғашы мәнді жұрнақ
Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мүстафин). Күлаш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен). Ал 3 жас 8 айлық дөнежін інгендердің салмағы сақ інгендерден 19 кг. артык тартқан (И.Жұмағүлов). Бұзауын сағынған кұнажындар жіңішке даусымен мөңіреп, мен келе жатырмын деп хабар беріп қойды (Б.Соқпақбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет