Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар



бет36/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

6. Дерексіз заттық ұғым атауларын жасайтын жұрнақтар
-дық, -дік: кажығандық, түңілгендік, еріккендік, алжығандык, білместік, зорлық
-малық, -палық: ауырмалық, ауыртпалық
-мшы: алдамшы, жолдамшы
-ық, -ік: қызық, бұзық, пысық, білік, бұйрық
-ыш, -іш: қуаныш, күйініш, сүйініш, сағыныш, аяныш, алданыш
-ыс, -іс: қарғыс, алғыс, таныс, өзгеріс, ілініс
-мақ, -мек: қыспақ, салмақ, жұмбақ
-мыс: тұрмыс, болмыс, жазмыш
-ман: алдарман, өлермен.
-жал: болжал
-мал: жорамал
-асы, -есі: шығасы, кіресі, аласы, бересі, тиесі
-ын, -ін: мақтан, шығын, жасырын
7. Ауру атауларын жасайтын жұрнақтар
-ма, -ме: шойрылма (радикулит), баспа (ангина) -кақ: тырысқақ.
8. Өнерге қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-ме: терме, қайырма, желдірме -ер: серпер
9. Ұлттық ойынға қатысты атауларды жасайтын жұрнақтар
-пақ: аударыспақ
-ыс, -іс: сайыс, күрес, айқас, жарыс
-ушы: жаттықтырушы
10. Етістіктен зат атауларын жасайтын жүрнақтардың термин сөздер жасауы
Жоғарыда келтіріген жүрнақтардың біразы түрлі ғылым саласында термин сөздер жасаған.
Тіл білімінің терминдерін жасаған жұрнақтар
-уыш, -уіш: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, еліктеуіш
-ша: қосымша
-у: жалғау
-нды: құранды (жұрнақ), туынды
-тік: көптік, септік, жалғаулық, септеулік, демеулік
-ік: ілік
-ыс: барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес (септік), тіркес, құрмалас, салалас
-ын: буын
-м: сөйлем
-ма: қыстырма, қосарлама (қос сөз), қайталама
-мал: тасымал
-ды, -ді: өнімді, асырмалы, күшейтпелі, салыстырмалы
-сіз: өнімсіз т.б.


Бақылау сұрақтары:

  1. Зат есім сөзжасамы туралы түсінік, оның зерттелуі

  2. Зат есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуы

  3. Зат есім жасайтын жұрнақтар

  4. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

  5. Лексикалық мағыныны өзгертетін

  6. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар

  7. Зат есімнің зат есімнің өзінен және сын есімнен, сан есімнені есімдіктен және етістіктен т.б. жасалуы

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  5. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

18 лекция. Тақырыбы: Аналитикалық тәсілмен зат есімнің жасалуы
Жоспар:

  1. Күрделі зат есімнің жасалуы

  2. Біріккен және кіріккен зат атаулары

  3. Тіркескен күрделі зат атаулары

  4. Қосарланған күрделі зат атаулары

  5. Қысқарған күрделі зат атаулары

  6. Идиомаланған күрделі зат есім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет