Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар



бет32/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

1. Сыйлау, кұрметтеу мәнді жұрнақтар
Сыйлау, қүрметтеу мағынасы тілде белгілі жұрнақтар арқылы беріледі. Қазақ тілінде үлкенді сыйлау, құрметтеу мағынасынын арнайы көрсеткіштер арқылы берілуі тілде қалыптасқаны занды құбылыс деп танылуы керек. Оны халықтың салт-санасы туғызған. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дәстүр, салт-санасының бір түрі-халықтың өмірінен кең орын алған салт-сана, дәстүр тілден де өз көрінісін тапқан. Осы салт-сананың, дәстүрдің сақталуы бұл мәндегі жұрнақтардың қазір тілде жиі қолданылуын сақтаған.
1. Сыйлау, құрметтеу мәндегі жұрнақтар -еке, -қа, -ке,
Бұл жұрнақтардың қолданылуында екі түрлі ерекшелік бар: 1) бұл жұрнақтар кісі аттарына жалғанғанда, кісі аттарының бір я бірнеше буыны қысқарады. Осы жұрнақтар казақ тілінде көне замаинан келе жатқан сөз қысқартудың жолымен тікелей байланысты. Мысалы, Жаке (Жамбыл), Асеке (Асқарбек), Сәке (Сағындық), Құреке (Құрманбек), Зәке (Зейнолла) т.б. Әдетте кісі аттарын қысқартып, оған -еке, -қа, -ке жұрнақтарын қосып қолдану жасы үлкен, сыйлы, құрметті адамдарға қатысты. Бірақ кейде жасы кіші адамдарға сый-құрмет көрсету, ілтипат білдіру үшін де қолдану кездесе береді.
2. Тіліміздегі —й жұрнағы да сыйлау, ілтипат, ізет білдіру, үлкен тұту мәнін береді. Бұл жұрнақтың қолданылу аясы тар, ол туыстық мәндегі атауларға ғана жалғанады және олардың бәріне емес, тек аға, апа, әке, шеше, ата, жезде, әпке сөздеріне жалғанады: ағай, апай, шешей, атай, әкей, жездей. Осылардың ішіндегі жиі қолданылатыны ағай, апай сөздері. Бұлар туған ағасы мен туған апасына қолданылмайды. Бұл сөздердің әлеуметтік мәні басқа тілдердегі синьор, ханым сөздерінің мәніне жақын. Олар танитын адамға да, танымайтын, аты-жөнін білмейтін адамға да қолданыла береді. Мысалы, Құрметті Кенен ағайдың әндерін тыңдауға құмартып келем (С.Мұқанов). — Апай, сізге мен қалай рақмет айтарымды білмей отырмын,-деді Ғани даусы дірілдеп (М.Иманжанов). — Ағай, бұл қай көше? (ауызекі сөзден).
2. Жақсы көру мәнді жұрнақтар
Жақсы көру сезімін білдіру мәнін-тай,-жан жұрнақтары білдіреді. Мысалы, Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! — деп, қоштасты да, кішкене есікті ашып, жай салмақпен басып жүріп кетті (М.Әуезов). -Ой, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? — деп, ішінен "әкесі ұрды ма?" деп те ойлап кеп еді (М.Әуезов). Бұл жұрнақтар кісі аттарына, кіші адамға, туыстық атауларға жалғанады: жеңешетай, әкетай, көкетай, әпкетай, ағатай, апатай, Сәулетай, Ғалымтай, Сырымтай, Қасымтай, апажан, ағажан, Сәулежан, Ғалымжан, Сырымжан т.б.
Бұл екі жұрнақ мағыналас, синоним жұрнақтар, олар кісі аттарын жасауда кең орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет