Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет39/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Қысқарған атаулар. Қысқарған аталымдардың тілде белгілі орны бар. Қысқарған аталымдар қазақ тілінде үлкен екі топқа бөлінеді:
1) кісі аттарының қысқартылуы
2) мекеме, ұйым т.б. атауларының қысқартылуы
Кісі аттарын қысқарту қазақ тілінде ертеден қолданылып келе жатыр. Ол сөйлеу тілінен бастау алып, жазба тілде де орнықты. Көркем шығармада ол жиі қолданылады. Мысалы, Рақмет Әбдеке (Әбдуәли) үйі жағынан келіп кет деген хат алып еді, сізбен бірге тез жүріп кетсе, жолы болады (Х.Есенжанов). Мұндай қысқартуды кез келген шығармадан кездестіруге болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Күрделі зат есімнің жасалуы

  2. Біріккен және кіріккен зат атаулары

  3. Тіркескен күрделі зат атаулары

  4. Қосарланған күрделі зат атаулары

  5. Қысқарған күрделі зат атаулары

  6. Идиомаланған күрделі зат есім



Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  5. Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.

19 лекция. Тақырыбы: Лексика-семантикалық тәсілмен зат есімнің жасалуы


Жоспар:

  1. Лексика-семантикалық тәсіл туралы түсінік

  2. Зат есім мағынасы немесе субстантивтену құбылысы

    1. Сын есім, сан есімнің заттық мағынада қолданылуы

2.2 Етістіктің заттық мағынада қолданылуы
Лекцияның мақсаты: Лексика-семантикалық тәсілмен зат есімнің жасалуын түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Тілімізде көп мағыналы сөздер бары белгілі. Олардың көбі – негізгі түбір сөздер. Мысалы, ақ, бет, бос, ем, жой, жал, күш, құн, қол, ат, ана т.б. Осы сияқты негізгі түбір сөздің қайсысын алсаңыз да, сөздіктерде бірнеше мағынасы берілген. Мәселен, ақ сөзінің мынадай мағыналары «Қазақша-орысша сөздікте берілген: 1.ақ – түс (белый), 2.таза (чистый), 3.адал (искренный, честный, добрый), 4.сүт тағамдары т.б.
Ақ сөзінің бұл мағыналары мамандар келісімімен арнайы жасалған мағыналар емес. Олар – бірте-бірте халық қалыптастырған мағыналар.
Олай болса, бір сөзді бірнеше мағынада қолдану - табиғатында көне замандарадан бар тәсіл. Ол тәсіл қазір сөзжасамдық мағына тәсілі деп аталады. Сөзжасамдық мағына тәсілі тілде қолданыста бар сөздердің бұрынғы мағынасының үстіне жаңа мағына қосып, ол сөздің тілде екі, кейде үш сөздің қызметін атқаруын қамтамасыз ету болып табылады.
Лексика-семантикалық тәсіл аркылы жасалған туынды зат есім сөздер ғылымда субстантив зат есімдер деп аталады.
Сын есім, сан есім, етістік сөздер қолданыста заттық маганаға ие болып, бара-бара зат есімге көшеді. Бұл үрдісте ықшамдалу зандылығының қызметі күшті. Сын есімдер сөйлемде соңындағы зат есім сөздің қолданыста түсіп калуы арқылы оның мағынасын қосып алып, заттық мәнге көшеді. Мысалы, кәрі кісілер - кәрілер, жас адамдар - жастар, қызыл әскерлер - қызылдар, ақ әскерлер –ақтар. Зат есім мәнінде де қолданылады. Мәселен, бөріктінің намысы бір. Әлсіз кәрілер көріне бастады (М.Әуезов) деген сөйлемдегі бөріктінің деген сын есім заттанып, ілік септік жалғауын жалғап зат есім орнына қолданылса, кәрілер көптік жалғауын жалғап, заттық мағынада жұмсалған: бөрікті қыз - бөрікті, қорқақ адам – қорқақ. Сан есім сөздерден де заттық ұғымға ауысқан біраз сөздер бар: тоқсан (оқу мерзімі), жеті (неделя), екі, үш, төрт, бес (оқу бағасы), үші, жетісі, қырқы, жүзі (өлімге қатысты). Сөйлемде қолданысы. Мысалы, Оспанның қырқына жиналған ел топ-топ болып орналасты (М.Әуезов). Оқушылар бүл тоқсанды жақсы аяқтады (газеттен).
Етістіктен заттық ұғымға көшкен сөздер көп: туған-туысқан, туыс, жасаған, жаратқан, бойжеткен, атқамінер, күн қақты, ауызашар, қолкесер, қолүздік, жанкүйер, алтыатар, нақсүйер, антұрған, жиған-терген т.б.
Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері

    1. Зат есімнің синтетикалық тәсілі

    2. Есім сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар

    3. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар

    4. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі зат есімдер

    5. Біріккен зат есім

    6. Қосарланған зат есім

    7. Тіркескен зат есім

    8. Қысқарған зат есім

Сөз мағынасын өзгерту, сөзге жаңа мағына беру – терминжасамда өте жиі қолданылатын өнімді тәсіл. Терминдену арқылы екінші мағынаға ие болған сөздер ғылымның барлық саласында бар. Олар ешбір сөзжасамдық бірліктің көмегінсіз екінші мағынаға ие болғандықтан, сөзжасамдық мағына тәсіліне жатады.
Мысалы, екпін, буын, дыбыс, тасымал (тіл білімінің терминдері), қоғам, ұйым, уәкіл, жол (әлеуметтік терминдер), сабақ, тақта, үзіліс, қоңырау (білім беру жүйесі), құн, нарық, пайда (экономика), өнім, өндіріс, күш (өндіріс саласы), бет, кітап, баспа (типография терминдері), қосу, алу, көбейту, қосынды, көбейтінді (математика терминдері) т.б.
Демек, сөздің мағынасының кеңеюі, сөзжасамдық мағынаға ие болу – көне замандардан келе жатқан, өнімді сөзжасамдық тәсілдердің бірі. Қазір бұл тәсілдің өнімділігін тіл білімінде терминжасам арқылы дәлелдеуге болады. Мысалы, тіл біліміндегі буын, екпін, дыбыс, дауысты, дауыссыз, үнді, үнсіз жақсы (баға), орта, жаман (баға), тоқсан (оқу мерзімі), тіл түбір, туынды, жұрнақ, қосымша, жалғау, жіктелу, болымды, болымсыз, көсемше етіс, шақ, рай, қалау, үстеу, шылау, еліктеуіш, сөйлем, қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу, одағай сияқты терминдердің бәрінің тілде жай мағыналары бар. Сондықтан олар – омоним сөздер. Ал қаншама омоним сөздер күрделі терминдер құрамында қолданылады. Бұлар тіл білімінің фонетика, грамматика салаларынан ғана келтірілді. Басқа ғылымдар салаларының терминдеріне де қатысты.
Ғылымда бұл мәселе нөлдік морфема арқылы жаңа сөздің жасалуы деп аталады.
Демек, сөз мағынасын кеңиту арқылы ешбір тілдік бірліктердің көмегінсіз жаңа заттық атау жасау – ертеден келе жатқан сөзжасамдық тәсіл. Кейін бұл тәсілдің белсенділігін теринжасам арттырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет