Бақылау сұрақтары:
Лексика-семантикалық тәсіл туралы түсінік
Зат есім мағынасы немесе субстантивтену құбылысы
Сын есім, сан есімнің заттық мағынада қолданылуы
Етістіктің заттық мағынада қолданылуы
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
№ 20 лекция. Тақырыбы: Сын есім сөзжасамы. Сын есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуы
Жоспар:
Сын есім сөзжасамы туралы түсінік, оның зерттелуі
Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар
Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар
Лекцияның мақсаты: Сын есім сөзжасамын және сын есімнің синтетикалық тәсілмен жасалуын түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Мысалы, хабардар, мәдени, жолақ - зат есімнен, жетілік, үштік (шам) — сан есімнен, жақсылы-жаманды, ұзынды-қысқалы — сын есімнен жасалған сын есім туындылары. Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары - дара жұрнақтар. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі -мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары - құранды жұрнақтар. Бұл туынды түбірлерге сұра, жат, ау, жарас сөздері негіз болған, өйткені тілде сұрам, жатың, аума, жарасым сөздері осы қалыпта қолданылмайды. Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, калалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң т.б.
Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |