Бақылау сұрақтары:
Сөзжасамдық мағына туралы түсінік
Сөзжасамдың мағынаның өзіндік белгілері
Сөзжасамдық мағынаның түрлері
Сөзжасамдық мағынаның берілу жолдары
Сөзжасамдық мағынаның негізділігі
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.
№14 лекция Тақырыбы: Туынды сөздер
Жоспар:
1.Туынды түбір мен туынды сөз ұғымы
2.Туынды сөздердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінуі
3.Дара туынды сөздер
4.Күрделі туынды сөздер
Лекцияның мақсаты: Туынды түбір мен туынды сөз ұғымын түсіндіру.
Лекцияның мазмұны: Тіліміздің сөздік қоры туынды сөздермен үздіксіз толығып, байып отырады. Тіліміз туынды сөздерге өте бай, олардың түрлері де баршылық. Туынды сөздердің түрлері олырдың жасалу тәсіліне қарап ажыратылады. Сондықтан туынды сөздердің түрлерін білу үшін, сөзжасамдық тәсілдерді білу керек.
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағынаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.
Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам заңдылықгары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның қажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады. Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Аналитикалық тәсіл арқылы екі я онан да көп сөзден кұралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, бойжеткен, елтаңба, әнүран, әнтаспа, өуежай, жазбапікір (отзыв), жылыжай (теплица), қонақүй (гостиница), ауыз ашар, шағын кәсіп, аш-жалаңаш, бау-бакща, бизнес-жоспар, бизнес-орталық, ғалым-хатшы, Қазақгелеком, АҚ (акционерлік қоғам) т.б. Күрделі сөздер қанша сөзден құралса да, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін аткарады. Көпшілік жағдайда олар екі сөзден түрады, яғни күрделі сөздің қүрамында екі сыңар болады. Алайда екіден көп сөзден де құрала береді. Мысалы, Екібастүз, Кемпірөлген, Ащысай сияқты мысалдар-оның құрамы үш, төрт сөзден қүралуы да бар екеніне дәлел.
Біріккен сөздердің бір тобы сыңарларының өте ықшамдалуы арқылы жасалған. Мысалы, биыл (бүл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады.
Кіріккен сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай, немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер.
Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады.
Тіркескен күрделі сөз деп екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртүтас лексикалық мағына беретін сөздер аталады.
Сөзді қысқартып, ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану тідлде көне замандардан бар. Бүл тілде кең орын алатын ықшамдау заңдылығымен байланысты. Ол заңдылық дүние жүзіндегі барлық тілдерде бар, оның түрлері, қатысты салалары да мол. Соның бірі -қысқарған сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |