Бақылау сұрақтары:
1. Туынды сөз туралы түсінік
2. Туынды сөз және туынды түбір
3. Туынды сөздің түрлері
4. Біріккен сөз және оның түрлері
5. Қос сөз және оның түрлері
6. Тіркескен күрделі сөз және оның түрлері
7. Қысқарған сөз және оның өзіндік белгілері
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Н.Оралбай, К.Құрманәлиев, Ж.Балтабаева. Қазақ тілінің сөзжасамы. –А., 2014.
№15 лекция. Тақырыбы: Сөз таптарының сөзжасамы.
Жоспар:
Сөз таптарының сөзжасамы туралы жалпы түсінік
Сөзжасамы қалыптасқан сөз таптары
3.Сөзжасамы толық қалыптаспаған сөз таптары
Лекцияның мақсаты: Сөз таптарының сөзжасамын түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықган тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де - туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір санынан бастап, миллион, миллиардқа дейінгі күрделі сан атаулары-сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге кедей сөз табы.
Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің түрлі қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына т.б. осы сияқты түрлі себептерге байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын карауды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз құрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын туынды сөздермен толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім мен сын есім сөзжасамы өте өнімді. құнарлы болса, үстеу сөзжасамында өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |