Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет22/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
3. Кітаптарға иман
¦лы Аллаћ пайғамбарларына біршама кітаптар жіберген және осы кітаптардың шын, ақиқат екенін қабылдау иманның үшінші шарты болып табылады. Аллаћ кейбір пайғамбарларына көлемі шағын парақтар, ал кейбіріне көлемі үлкен кітаптар жіберген және осы илаћи парақтар мен кітаптар арасында ешқандай айырмашылықтар жоқ. Олардың көлемі шағын болғандары парақтар (сахифа), көлемдері үлкен болғандары кітаптар деп аталады. Парақтың арабша көпше түрі «сұхұф».
Парақтар мынандай пайғамбарларға берілген:

  1. Адам пайғамбарға 10 парақ (сұхұф);

  2. Шит пайғамбарға 50 парақ (сұхұф);

  3. Идрис пайғамбарға 30 парақ (сұхұф);

  4. Ибраћим пайғамбарға 10 парақ (сұхұф).

Барлығы 100 парақ болып, қазір бұлардың ешқайсысы қолымызда жоқ. Ал үлкен кітаптар төртеу, ұлы Аллаћ.

  1. Мұса пайғамбарға “Тәуратті”;

  2. Дәуіт пайғамбарға “Забурды”;

  3. Иса пайғамбарға “Інжілді”;

  4. Мұхаммед пайғамбарға “Құранды” түсірді.

Дегенмен, бастапқы үш илаһи кiтапқа қарағанда бүгiнгi күнi Құран Кәрімнің мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Құран күнімізге дейін өзгермей өз негізін сақтап келген. Құраннан басқа қасиетті кітаптардың кейбірі көптеген өзгерістерге ұшыраған, кейбірі болса жоғалған. Ал Құранның сақталатындығы жайлы Хижр сүресінің 9-шы аятында «Құранды біз түсірдік және оны біз қорғаймыз», - демекшi аталмыш кiтап өзгерiске ұшырамаған.

  2. Құран аят-аят, сүре-сүре болып түсті. Бұл Құранның тез және оңай жатталуына мүмкіндік бердi.

  3. Құран соңғы қасиетті кітап. Одан басқа кітап келмейді. Құранның үкімдері қиямет қайымға дейін жалғасады. Әуелгі қасиетті кітаптар болса белгілі уақыт үшін жіберілген.

  4. Құран Кәрім бүкіл адамзатқа жіберілген кітап, әр дәуірдің қажеттілігін қамтамасыз ететін ақиқатқа толы.

  5. Құран Кәрім пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизасы. Оның сөздері, мағынасы және ақиқаттылығы - мұғжиза.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет