6. Тағдырға иман Тағдырға иман - ислам сенім негіздерінің бірі. Яғни барлық нәрсені Аллаћтың қалауы мен жаратуы арқылы жүзеге асатынына сену.
Тағдыр сөзi - бiр нәрсенi белгiлi бiр өлшем, мөлшерге қарай реттеу, белгiлi есеппен жүйелеу деген мағыналарды бiлдiредi. ¦лы Аллаћ барлық нәрсенің жаратылысынан бастап, соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және жағдайларын, көлемі мен мөлшерін, олар пайда болмай тұрып біледі. Міне осыны “тағдыр” деп атайды.
Ал ұлы Аллаћтың қалаған нәрселерді уақыты келгенде тағдырға сай жүзеге асуын “қаза” деп атаймыз.
Тағдыр мен қазаның жүзеге асуында адамның да атқаратын рөлі бар. Адам өз білімі мен еркіне сай бір нәрсені жасаса, істеген нәрсесіне жауапты болады. Құлдың өз еркімен қалаған ісін Аллаћ өз қалауы бойынша жаратады, яғни Аллаћ – жақсылық пен жамандықты жаратушы, ал адам өз әрекетімен оны жүзеге асырушы. Аллаћ адамды бір нәрсе жаса деп зорламайды, жақсылық пен жамандықты - таңдау адамның өз еркінде.
Қысқасы жақсы, жаман әрбiр iсiмiздi iстеуге ниет ету, таңдау - бiздiң еншiмiзде, ал оны жарату - Ұлы Жаратушының қалауы мен құдiретiне тапсырылады.