«Әуелде жер мен көк бір тұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлықтың барлығын судан жараттық» (Әнбия-30). Қазіргі ғылымдардың дәлелдегеніндей, тірі организм үшін, судың аса зор маңызы бар. Бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін су қажет. Су – бүкіл табиғаттың, әлемдегі өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі. Жердің 75 %-і, адам клеткаларының 80 %-і судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендер, теңіздер, мұхиттар арқылы жердің температурасын тұрақты ұстап тұрғанын айтуға болады. Судың мұндай ғаламдық қасиеті Аллаћтың құдіретін, хикметін көрсетеді.
«Ал күн белгіленген жағына қарай, жылжып кете барады. Мұның өзі – әрі үстем, әрі дана Аллаћтың алдын ала белгілеген ісі. Айдың да тұрақтайтын орнын белгіледік, Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін, ол да аспанды кезіп жүреді»(Ясин-38-39).
Жердің күнді белгілі бір жүйемен айналып қозғалатыны ІХ ғасырда Бируни, Х‡ ғасырда Коперник ашты. Ал күннің қозғалатындығы, ғылымға ХІХ-ХХ ғасырда белгілі болды. Оған дейін күн түгіл жер қозғалмайды деп келген. Құранның ‡ІІ ғасырда түскенін ескерсек, бұл кітаптың әлемді жаратқан Аллаћтың сөзі екендігін көрсетеді.
Әлемдегі заттардың тепе-теңдігі жайлы Аллаћтың кітабында тағы бір ұлы, әлемдік заң бар: "Ол (Аллаћ) барлық нәрсені өлшеп, мөлшерлеп тұрады" (Рағыд-8).
Сондықтан Құран Кәрім адамдардың табиғат жаратылысына қарап, Аллаћтың бар екеніне ой жүгіртуін ұсынады.
«Анығын айтайық, аспанның жердің жаратылысында түн мен күннің алмасып тұруында, пайымдаған пендеге, әрине айқын ғибрет бар. Зерделі жандар тұрса да, отырса да тәңірін ұмытпайды, аспан мен жердің жаратылысына ой жібереді. Сон соң: «Ей Тәңірім! Бұларды бекер жаратқан жоқсың. Сен пәксің, бізді тозақтың тауқыметінен сақта.» (Әли Ғимран, 190-191). 2. Сүннет. Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) тірі кезіндегі әрбір әрекеті мен оның әрбір сөздері мұсылмандарға үлгі болған. Ардақты пайғамбардың тірі кезіндегі айтқан өсиеттері мен ақыл-кеңестері, оның өмірі мен қызметіндегі әдепті, сыпайы іс-әрекеті мен инабаттылыққа үндейтін сөздерi немесе жаман бір нәрселерге тыйымдары «сүннет» деп аталады.
Сүннет “жол”, “үлгі” дейтін мағыналарға келсе, хадис “хабар”, “әңгіме” деген мағыналарға келедi және осы екi сөз де Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) айтқан сөздеріне, іс-әрекеттеріне, тақрирлері* мен сипаттарына қатысты.
Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) хадистері бірден-бір Аллаћ сөзі Құранның түсіндірмесі болып табылады. Яғни, Құран сүрелерінгi кейбір мағынасы терең аяттарды Мұхаммед пайғамбар сахабаларына түсіндірген.
Ардақты пайғамбар (ғ.с.) сахабаларға сөздерін хатқа түсіруге тыйым салған, себебi, Құран аяттары мен пайғамбар сөздерінiң араласып кетуінен қауіптенсе керек. Алайда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) дүниеден озғаннан және Құран аяттары бір кітап болып жинақталғаннан кейiн Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) сөздері, іс-әрекеттері мен сипаттары қағаз бетiне түсiрiле бастады. Хадис жинау науқаны әсiресе, халифа Омар ибн Абду-л-Азиз тұсында ерекше етек алған. Осы хадистерді мұсылман ғұламалары түрлі електен өткізіп, оның жеткізiлу (риуаят ету), мағына тұрғысынан өзіне тән дәрежеге қойған.
Қазіргі кезде Құран Кәрімнен кейінгі негiзгi қайнарлар - имам Бұхари жинақтаған “Сахиху-л-Бұхари” атты хадис кітабы мен имам Мүслім жинақтаған “Сахих Мүслім” атты хадис еңбегі. Мұны ислам әдебиетінде “Сахихайн” деп атайды. Сонымен қатар Әбу Дәуід, Тирмизи, Нәсаи және ибн Маже жинақтаған төрт “Сүнен” кітаптары - құны жетпес еңбектер. Бұлар ислам әдебиетінде “Сүнен-и Әрбаа” деген атқа ие. Мұсылмандық әдебиетте жоғарыдағы Сахихайн мен Сүнен-и Әрбаа кітаптары қосылып, “Күтүбу-с-Ситта” деген атауды иеленген.
Сопылық дүниетанымның қайнары – Құран мен Сүннет. Сондықтан түркi сопылығының iргесiн қалаған Ахмет Ясауи түркi халықтарына Құран мен Сүннетке негiзделген аса құнды пiкiрлерiн ұсынған. Тiптi Диуани Хикметтi Құран мен Сүннеттiң түркi тiлiндегi түсiндiрмесi десек те артық етпес.
Менiң хикметтерiм Алладан пәрмен, Оқып ұққанға бар мағынасы – Құран Менiң хикметтерiм хадис қазынасы
Арабша жазылған Құран мен Сүннеттiң мағынасын ұқпаған қара халық мұсылмандықты Диуани Хикмет арқылы таныды.
21 хикмет «Әл-кәззаб ла үммати» дедi бiлсең Мұхаммед, Алдамшылар қауымын үмметiм демес Мұхаммед. Тура жүрген құлды, адал жүрген жолды, Дұрыс жүрген құлды үммет дегей Мұхаммед. Әркiм үмметпiн десе, расул iсiн қолдаса, Шапағат күнi туса махрұм қоймас Мұхаммед Тәңiр тағала сөзiн, Расул Алла сүннетiн Иланбаған үмметiн үмметiм демес Мұхаммед.