Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері



бет29/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
5.Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері
Адамдар арасындағы қарым-қатынас негізінен құрмет пен сүйіспеншілікке байланысты. Егер де осы екі негіз жақсы сақталса, қоғамда бейбітшілік пен бақыт болмақ, Фарабидің айтқанындай адамдар сүйіспеншілікпен бірге бітісіп, әділетпен бірге өмір сүреді. Бір-бірін сүйетін өлкенің адамдары өз араларында өмір сүріп жатқан адамдардың бақытын да ойлайтыны анық, міне, осының нәтижесінде бірлік те артады. Ал бір-бірін сүймейтін адамдар бір-бірінің қажеті мен бақытын да ойламайды. Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) бір хадисінде былай деген:: «мұсылман мұсылманмен бауыр, оған зияндық жасамайды, оны жау қолына тастамайды. Кім мұсылманға көмектессе, Аллаћ та оған көмектеседі. Кім мұсылман бауырын қиыншылықтан құтқарса, Аллаћ та оны бір қиыншылықтан сақтайды. Кім мұсылманның кемшілігін ескермесе, Аллаћ та оның кемшілігін ескермейді (кешіреді)».
Адамдар арасындағы ең қымбат нәрсе сүйіспеншілік пен бауырмалдық болғанына байланысты, орынсыз жерде кезкелген адамның дұшпандық сезімін ояту мұсылман адамға жараспайды. Ал адамдар арасындығы дұшпандықтың алдын алу жолы - сүйіспеншілікті ұран ету. ¤зіне біреуді дұшпан қылуды қаламаған адам, ең тура жол - өзінің де басқаларға дұшпан болмауы. Сондай-ақ достықты дұшпандыққа айналдыру – үлкен қылмыс. Ақылды адам жамандыққа жамандықпен жауап бермейді, ешкімді балағаттап кемсітпейді.
Сонымен қатар адамдар бір-бірінің сеніміне, ұлтына құрмет көрсетуі тиіс. Мәселен, қоғамда бір адам дұрыс не бұрыс бір сенімде болуы мүмкін, ал мұсылмандық оның хұқығына қол сұғуға, зорлап өз сенімін қабыл еттіруге, кемсітуге жол бермейдi, әркім сенімі бойынша еркін.
Аллаћқа ең көп құрмет көрметкендерің Аллаћ тарапынан ең қадірлі, құрметті орынға ие боласыңдар. Араб ұлтының басқа ұлттардан ешқандай артықшылығы жоқ. ¦лттың ұлттан артықшылығы Аллаћқа деген құрметімен өлшенеді, - деген қоштасу құтпасындағы ардақты Пайғамбардың жалынды сөзiне орай, бiр ұлттың екінші ұлттан артықшылығы жоқ. Аллаћ алдында тек Аллаћ ризашылығына бөленген адамдардың ғана дәрежесі артық болмақ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет