Қазіргі кезеңде қоршаған орта проблемасы маңызды орында тұр, бірінші адам болып, бүкіл жанды мақұлықтар табиғат сұлулықтарын жоюмен келеді. Бірақ, қазір жер бетіндегі мемлекеттер кеш те болса, бұл қауіпті аңғарып, олардан құтылу жолдарын қарастыра бастаған. Жер бетіндегі адамдар осы тұрғыдан ортақ түсіністікке келе бастағанына орай ендігі мәселе - бұл саналы түсіністікті одан ары дамыта отырып, кемелденген қалыпқа түсіру және адам мәселесіне керегінше пайдалану. Осы тұрғыдан ислам діні қоғамдық жауапкершіліктік құндылықтарды керегінше белгілеген. Құранда Аллаћтың көкті биік етіп етіп жаратқаны, әлемге белгілі бір жүйе мен тепе-теңдік қойғаны баяндалады және адамдардың осы тепе-теңдік жайында шектен тыс тартысуларын шектейді. Яғни адам объективті дүниені және олардың құрылысын ашуға тырысуына болады және белгілі мөлшерде ғана оны өз пайдасына асыра алады. Бірақ дүниенің тепе-теңдігін қауіпке айналдырмауы тиіс. Негізінде дүниенің тепе-теңдігін және оның сырларын түсіну үшін табиғат заңдылықтарын бiлу керек.
«Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық, әміріміз бір-ақ қас қаққандай» (Қамар-49-50). «¤йткені біздің жанымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз (Хыжыр-21), – деген мағынадағы аяттар жер жүзі мен әлемнің жаратушысы Аллаћ екендігін және қоршаған орта туралы мәлімет пен қоршаған ортаға байланысты жауапкершілікті білдіретін хабар болып табылады.
Адамның табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауы және оны қорғауы – ахлақи міндеті. ¤йткені адам Аллаћтың жер бетіндегі халифасы (орынбасары) болып жаратылған, сондықтан Аллаћтың аманатын қорғауға міндетті. Егер адам табиғатқа үкім жүргізуге және тепе-теңдікті бұзуға бет алса, аманатқа қиянат жасағаны. Ардақты Мұхаммед пайғамбардың бұлақтың көзiн ашуға, тал егуге, таза суды үнемдеуге және суды ластамауға т.б. байланысты айтқан хадистерi мұсылмандықтың қоршаған ортаға байланысты қаншалықты мән беретiнiн аңғару қиын емес.
Табиғаттағы сұлулықты қорғаудың ең көрнекті мысалы – адамның өз ар-ожданы, яғни істеген жамандығының Аллаћ алдында күнә, заң алдында қылмыс және бүкіл халық алдында ұят, адам ақысын (келер ұрпақ) жеу екенін сезіну керек.