7. Отанға байланысты міндеттер Әрбір адамның ұлттық отаны, басқан топырағы, кіндік қаны тамған жері бар. Мұны біз “отан” дейміз. Ал біз туып өскен отанымыздың ұл-қыздарымыз. Сондай-ақ біз сол туған отанымызға адал қызмет етпесек, оны қорғамасақ, онда өзіміздің азаматтық борышымызды өтемегеніміз. Егер біз өз туған жерімізді қорғаудан бас тартсақ, бір күн болмаса бір күні өзіміз де келешек ұрпағымыз да жоқ болатыны шүбәсіз.
Дініміз ислам да, әрбір мұсылманның өз отанын қорғауға шақырады. Отан үшін қан кешіп өлген адамдардың дәрежесі, жәй өлген адамдардың дәрежесінен жоғары екендігін дініміздің қағидаларында кездестіреміз. Ардақты Пайғамбарымыз да отан туралы: “отанды сүю - иманнан”- деп, отанның қаншалықты маңызды екенін баяндайды. Сондықтан әрбір мұсылманның отанын қорғауға, оған қызмет етуге міндетті екенін, тіпті мұның төркіні иманнан келетінін дініміз де көрсетіп отыр.
Біздің отанымыз – Қазақстан. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде қалдырып келген ұлан–ғайыр жерімізді ата-бабаларымыздың аманаты деп білеміз. Біздің міндетіміз - келер ұрпаққа ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жеріміз бен тәуелсіздігімізді аман-есен өткізу. Бұл туралы дана аталарымыз: “отан үшін отқа түс”, - демей ме?
Әдебиеттер тiзiмi: А) Негiзгi әдебиеттер
Хизметли С. Дiнтану. Шымкент, 2001
Есiм Ғ., Артемов А., Қанаев С., Бiләлов Г. Дiнтану негiздерi. Алматы, 2003
Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ. Ислам ғылымхалы. Алматы, 2003
Өмiрзаққызы Д. Адамзаттың асыл тәжi. Алматы, 2003
Берки А.Х., Кескiоғлы О. Соңғы пайғамбар хазiрет Мұхаммедтiң өмiрбаяны. Анкара, 1997
Исаұлы М. Құран кiмнiң сөзi. Алматы, 2004
Сейiтбеков С., Нысанбаев С. Ислам Әдебi. Шымкент, 2003
Жолдыбайұлы Қ. Ақиқат шуағы. Алматы, 2004
Кислук К., Кучер О. Религиоведение. Ростов, 2003
по.ред.Писманик М. Религия в истории и культуре: учебник для студентов. Юнити, 2000
Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
Яблоков И.Н. Основы религиоведения. Москва, 1994
Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.