Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Спорттық қозғалыстың дамуындағы негізгі бағыттар



бет113/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Спорттық қозғалыстың дамуындағы негізгі бағыттар. Спорт бүкіл әлемде негізінен екі бағытта дамиды (9- сурет):

  1. Жалпыға бірдей (бұқаралық) спорт

  2. Жоғары нәтижелер спорты

Спорттың әлеуметтік практикасының құрылымы.


Жалпы көпшілік спортына студенттік, кәсіби-қолданбалы, денешынықтыру-кондициялық, сауықтыру-реакративтік спорты кіреді. Әлемнің көптеген елдерінде спорттың бұл түрлері миллиондаған шұғылданушыларды қамтып "Спорт бәрі үшін" деген қозғалысқа кіреді.


Жалпы көпшілік спортында шұғылданудың бағытына байланысты жүйелі сабақ барысында бүтіндей қатардағы мына міндеттер іске асырылады : білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру, кәсіби-қолданбалы, рекреациялық, өзінің дене жағдайын (кондициясын) арттыру.
Жалпы көпшілік спортының негізін оқушы-студенттік спорт құрайды, яғни базалық дене дайындығына жету және білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде (жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер, кәсіптік-техникалық училищелер, институттар, академиялар мен университеттер және т.б.) қабілетті дене дайындығын оптимизациялау болып табылады.
Осылай, оқушы-студенттік спорт жалпы дене дайындығын және жалпы бұқаралық деңгейдегі спорттық нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді. Жалпы көпшілік спорттық қозғалысына сонымен бірге нақтылы кәсіп түріне дайындау құралы ретінде (әскери және қызметтік көпсайыс, өрт сөндіру қолданбалы спорты әскери-әуе, десанттық,ішкі бөлім әскері және арнайы дайындалған бөлімдердегі күрес және шығыс жекпе-жегі) кәсіби қолданбалы дене дайындығы болып саналады.
Денешынықтыру-кондициялық спорты жалпы көпшілік жарыстарға қатысатын адамдардың дене дайындығын арттыру, қажетті жұмыс қабілеттілік деңгейін сүйемелдеу құралы болып табылады..
Жалпы көпшілік спорттық қозғалысқа, сонымен бірге нақтылы жұмысқа қабілеттілігі деңгейін сақтау және ағзаның саулық демалысы, қалпына келуі, сауықтырылу құралы ретінде сауықтыру- рекреациялық спорты жатады.
Жоғары жетістіктер спорты - қоғамда мойындалған, жоғары спорттық жетістікке жету үшін нақтылы бір спорт түрінің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған қызмет түрі болып табылады. Мұнда спортшы өзінің, сол сияқты команданың беделін, ал жоғары деңгейде Отанның беделін арттыруға ұмтылады.
Үлкен спортта жетістікке жету үлкен дене және психикалық күштенумен тек, тұрақты жаттығу-жарыстық қызметтің арқасында ғана мүмкін. Спортшыға жарыстарға қатысу үлкен жауапкершілік жүктейді, яғни әрбір қателіктің, әрбір сәтсіз сөрелік бастаудың жоғары бағасы оның психикасына қатаң талапты анықтайтын қозғаушы күштерге айналады. Жоғары жетістіктер спортының негізгі спецификасы осында жатыр.
Солай бола тұрсада, жоғары жетістіктер спорты жалпы көпшілік спортынан өсіп шығады, құралдарымен дайындық әдістері қатынасында нақтылы сабақтастық байланыста жетістіктің бағыттарын құрып, жалпы көпшілік спорттық қозғалысқа дем береді.
Қазіргі заманғы жоғары нәтижелер спорты бір текті емес. Қазіргі уақытта онда бірқатар бағыттар бар.
1/ өте жоғары жетістіктер (әуесқойлар) спорты;
2/ кәсіптік спорт;
3/ кәсіптік-коммерциялық спорт;

  • жетістіктік – коммерциялық спорт;

  • көріністік – коммерциялық спорт.

Ең жоғары жетістіктер (әуесқойлар) спорты қазіргі уақытта күннен күнге жүктеме талаптары, жаттығу-жарыс қызметін ұйымдастыруға байланысты бөлімдерінде кәсіптік, спорт белгілерін алып келеді.
Әуесқойлық жоғары нәтижелер спортының өкілдері тәртіп бойынша студенттер, оқушылар немесе әскери қызметкерлер болып табылады, яғни олардың әуесқойлықты иеленуге құқығы бар (қазіргі кезде олардың еңбек ақылары кәсіпқойлардікімен шектеледі).
Әуесқой - спортшылар барлық кезде дерлік өзінің дайындығын мына төмендегі басты жарыстарды нысанаға алып құрады: Олимпиада ойындары, Әлем құрлық, республика чемпионаттары. Бұл жарыстарда табысты өнер көрсету өзінің спорттағы рейтингін көтеруге, ал одан әрі таза кәсіпқойлыққа өтіп, барынша жоғары еңбек ақыға қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Кәсіптік-коммерциялық спорттың ең жоғарғы жетістіктер әуесқойлық спортынан айырмашылығы ол кәсіпкерлік заңымен дамиды, екінші жағынан спорттың заңы бойынша кәсіпқой спортшыларды дайындауда, оны іске асыруға мүмкіндік жасайды. Спортшы-кәсіпқойлардың жарыстар жүйесіне бірінен кейін екіншісі келетін ұзыннан ұзақ спорттық жарыстар сериясында спорттық базарда спортшы атлеттің бағасына сәйкес әрбір жарысқа материалдық сыйлық берумен байланысты табысты қатысуымен қортындыланатын белгілі бір мақсатты нұсқау-ереже әсер етеді. Осыған байланысты кәсіпқойлардың бір бөлігі жылдық дайындық циклында тек 2-3 рет барынша жоғары бапқа келу жағдайына кіруді алдына мақсат етіп қоймайды. Ұзақ уақыт кезеңі барасында олар жеткілікті дәрежедегі жоғары, бірақ максимальды емес дайындық деңгейін ұстайды.
Спортшы-кәсіпқойларды үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа Олимпиада ойындарында да, әлем құрлық чемпионаттарын- да, сонымен бірге кубок үшін және коммерциялық жарыстарда да нәтиже көрсетуге ұмтылыс жасайтын спортшыларды жатқызуға болады.
Екінші топқа жоғары жетістіктері бар, бірақ ірі жарыстарға қатысып жоғары нәтижеге жетуге өзін дайындамайтын спортшылар жатады.
Үшінші топқа әсіресе, спорт ойындарындағы, жеке сайыстардағы, конькимен мәнерлеп сырғанаудағы спортшы-ардагерлерді жатқызуға болады. Бұл спортшылар орташа дене дайындығы және өте жоғарғы шеберлік қабілетінің деңгейін ұстаумен қатар жүретін жоғары өнерпаздық шеберлігімен көрермендерге еңбек ақы үшін жоғары спорттық шеберлікті көрсетеді. Жалпы көпшілік бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты арасындағы спорттық қозғалыстағы аралық жағдайдағы орынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, клубтарындағы, секцияларындағы шұғылданушы спортшылар алады.
Республика бойынша статистикалық мәліметтер бойынша көпжылдық жүйесінің әртүрлі сатыларында спорт мектептерінде шұғылданушылар саны келесі шамада болады:

  • алғашқы дайындық - 70-71% ;

  • бастапқы және тереңдетіп мамандану – 27-28% ;

  • спорттық жетілдіру – 1,5-2% ;

  • жоғарғы спорттық шеберлік – 0,45% .

Осылайша, жоғары жетістіктер спортына шұғылданушылардың небәрі 2% ғана өтеді, яғни 2 млиондай балалар мен жеткіншектердің жасөспірімдер мен қыздардың тек 35000 ғана жоғары дәрежелі спортшы болады екен. Сонымен, спорт мектептері мен клубтар жүйесі жоғарғы жетістіктер спортына да, сол сияқты жалпы көпшілік бұқаралық спортына да жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет