Жарыстардың жүйесі.Спорттық жарыстар, спорттағы ерекше қызмет түрі болып табылып, дайындықтың мақсатын және бағытын анықтайды, сонымен бірге шұғылданушылардың дайындық деңгейін салыстыру және арттыруға мүмкіндік беретін маманданырылған жаттығулардың маңызды құралдарының бірі ретінде пайдаланылады.
Спорттық және экономикалық мақсатқа сәйкестігі, өткізілу жағдайы, дәстүрлері ескеріліп әрбір спорт түрінің өзгеше ерекшеліктеріне қарап жарыс жүйелерін құрайды, ал олар, өз кезегінде әлемдік, ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде сабақтастықта болады.
Осы заманғы спорттың спорттық жарыс жүйесі қызметі ерекше кең және көп түрлі. Жарыс жүйесі спортшылар шеберлігін жетілдіруді басқарудың маңызды әмбебап тетігі болып табылады. Ол жаттығу барысының мазмұнын, бағытын және құрылымын көп дәрежеде анықтайды; бақылау құралының міндетін атқарады; спорт түрінің дамуына елеулі әсер етеді; спорттық дайындықтың отандық және әлемдік жүйелерінің өзара қарым-қатынасын жедел ұйымдастыруға мүмкіндік береді; спорттың халыққа таралуын дамытуға мүмкіндік жасайды; дәлелдеу тетіктерін қалыптастыруға белсенді әсер етеді.
Алайда белгілі жағдайларда жекелеген жарыстар спортшыны дайындау жүйесі шегінен шығып кетеді, өйткені ол көпжылдық және жылдық циклдағы осы дайындықтың қортындысы болып табылады. Мұндай жарыстарға Олимпиадалық ойындар, Әлем және Еуропа чемпионаттары, ал спорттық дәрежесі төменірек спортшылар үшін басты мақсаттағы жарыстарға Республикалық, аймақтық және т.б. жарыстар жатады.
Спорттық жаттығулар жүйесі. Жарыс жүйесі қызметінің тиімділігі, яғни белгілі бір жарыстарда және қажетті уақытта жоспарланған спорттық нәтижеге жету жаттығудың тиімді жүйелілігі арқылы қамтамасыз етіледі.
Жаттығудың жүйелі жүргізілуі спорттық дайындықтың негізі болып табылып, барлық қозғалыс әрекетінің мазмұны мен сипатын анықтайды, сонымен бірге қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық, ғылыми және медициналық қамтамасыздандыру және қалпына келтіруді айқындайды.
Спортшы өзінің жаттығу қызметі жүйесінде өзінің дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындығын жетілдіреді, ал олардың жоғары нәтиже деңгейіне жетуінің алғы шарты адамның тәрбиелену және оның инттелектуалдық қабілеттерінің даму деңгейі дәрежесі болып табылады.