Басқару және ұйымдастыру құрылымы. Спортшыны басқаруды жетілдіру жүйесі - бұл басқарылатын және басқарушы жүйенің ішіндегі әсер ету әрекеті бағдарламаны іске асыруға және қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жүйе. Ол кешенді сипаталады және спортшыны тікелей дайындауды жергілікті, аймақтық, республикалық басқарудың барлық деңгейін қамтиды. Әрбір кезеңде бағыныштылығын және үйлесімділіктерін басқару жүйелілігі анықтайтын ерекше міндеттері шешіледі.
Олардың кешенділігі басқару жүйесінде биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық, ақпараттық және т.б. әртүрлі компоненттердің болуынан көрінеді.
Басқару жүйесінде жүйенің қызметін және мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың құрылымы мен тетігін бөліп көрсетеді.
Ұйымдастыру құрылымы дегеніміз әртүрлі спорт ұйымдарының өзара байланыстылығы мен бағыныштылығы бүтіндей жүйелердің және оның компоненттерінің мақсаты, міндеті және олардың арасындағы ақпарат ағымы болып табылады.
Басқару тетігі (механизмі) - әртүрлі әдістердің, тәсілдердің, ынталанулардың спортшыны дайындауды басқаруда адамдарға қолданылуы болып табылады.
Спортшыларды дайындау жүйесінің отандық құрылымы тарихи жинақталып, олар өзіне әртүрлі ұйымдарды қосып алды және мемлекеттік қоғамдық сипатқа ие болды.
Қазіргі таңда бұл құрылымның шегінде бұқаралық дене мәдениетін де, жоғары нәтижелер спортын да басқару іске асырылады.
Бүтіндей күрделі ұйымдастыру құрылымының жағдайында әртүрлі даму бағыттары көрінеді: бірінші жағынан, мемлекетаралық одақтардың құрылуы (интеграция), бірлестіру (кооперирования), үйлестіру, басқа жағынан - әкімгершілік және қызметтік жекелену (өзімен-өзі болушылық), тар көлемдегі және тар ұйымдастыру мақсатындағы қалыптасу.
Спорттық жетістіктер ереже бойынша баллмен, голлмен, ұпаймен бағаланатын қарсыласын жеңумен сипатталады; бағаланатын күрделі қозғалыс уақыт көрсеткішімен, ара қашықтық, салмағы, дәл тигізу, композициясы күрделі қозғалыс үйлесімділігін барынша сапалы орындауымен және т.б. бағаланады.
Спорт жеке тұлғаның, сол сияқты бүтіндей адамдар қауымдастығы қорының (резервтік) мүмкіндіктерін бағалаудың өлшемі (эталон) ретінде өте жоғары жетістіктерге ұмтылыссыз ойға келмейтін дүние. Алайда, егер бүгінгі абсалюттік жетістікке азғантай үздік спортшылар тобының ғана қолы жетсе, онда бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш барынша кең ауқымдағы көпшілік шұғылданушылардың мүмкіндік биігіне айналады.
Спортшының жеке дарындылығы. Осы заманғы ғылым адамның таланттылығын, дарындылығын және қабілеттілігін айқындайды. Кез келген спорт түрімен шұғылдану адамнан бір немесе бірнеше қызмет түрлерін табысты орындау жағдайы болып табылатын жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерінен көрінетін белгілі бір қабілетті көрсетуді талап етеді. Қабілеттіліктің білімге, біліктілікке және дағдыларға байланысты емес екенін, яғни ол шапшаңдықта, белгілі бір қызмет түрінің әдістері мен тәсілдерін меңгерудің тереңдігі мен беріктігінде көрінетінін атап өткен жөн. Қабілеттіліктің табиғи себепші болатын компоненті дарындылық болып табылады. Ол адамға өзіне сәйкес келетін қызметін табысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Спортқа байланысты анықталған жарыстық қызметті іске асыруға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның дене және психикалық сапалары мен қасиеттерін айтуға болады. Дарындылық біртіндеп спорт мектебінде шұғылданушының бір топтан екінші топқа, бір құрама командадан екіншісіне, яғни жоғарырақ сатыдағысына ауысуы кезінде басты өлшем критериі болады. Спорт түріндегі белгілі бір қабілеттің даму негізінде туа бітті табиғи анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері болып түсіндірілетін белгілі бір келешектігі жатыр. Алайда адамның әртүрлі қабілеттілігінің жоғары деңгейі оның қызмет түрін үйлесімді құру процесіндегі даму нәтижесі, ал спортта дайындау жүйесі болып табылады. Өзінен өзі адамның талаптылығы, оның қабілеттілігін дамытуға тек қана жәрдемдесуі мүмкін. Бұл үшін бағытты тәрбиелеу, дамыту және оқытып үйрету қажет. Осы бейнеде, адамның талаптануы дарындылығымен үйлесімділікте, ұтымды педагогикалық әсер ету жолымен, ал жекелеген жағдайларда бұрынғы өткен буынның жинақталған тәжірибесін пайдалану арқылы белгілі деңгейде қабілеттілікті дамытуға болады.
Спорттық қабілеттілікті бағалау кезінде жаттықтырушы үш шешімді сәттермен тоқайласады:
белгілі бір спорт түріндегі қабілет құрамымен;
әрбір адамның бұл қабілеттілігін өзінің одан әрі жетілдіру ерекшеліктерінің барысын болжалдау мақсатында әділ және барынша ерте бағалауымен;
егер бұл қабілеттер әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған болса немесе олардың төменгі деңгейін немен орнын толтыруға, қандай жолмен қалыптастыруға болатынын білуімен.