Материалдық-техникалық қамсыздандыру. Соңғы жылдары спортта материалдық-техникалық базаның жетілуіне байланысты, құрал - саймандардың, қондырғылардың, тренажерлардың, спорт аяқ киімдерінің, киімдерінің және т.б. жаңа үлгілерінің жасалуымен өте маңызды өзгерістер болды. Көптеген мамандандырылған фирмалар жыл сайын өте жетілген, жаңа үлгідегі спорт өнімдерін шығарып, спорттық әдісінің өзгеруіне, жаттығу әдістерінің жетілуіне, спортшылардың денсаулығының жақсаруына мүмкіндік жасайды, спорттық нәтижелердің өсуін жеделдетеді.
Спорттың қаржыландырылуы мемлекеттік бюджеттің әртүрлі көздерінен, коммерциялық ұйымдардан, демеушіліктен, сонымен бірге жергілікті бюджеттен бөліну арқылы іске асады. Бұл, барынша дарынды балалардың, жас жеткіншектердің және ересек тұрғындардың спорт мектептерінде, білім беру жүйесінде және бірқатар басқа ұйымдарда спортпен ақысыз тегін шұғылдануларына жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Соңғы жылдары спорт түрлерінен федерациялар, аймақтық, ведомстволық спорт ұйымдары, клубтар, командалар өзін-өзі қаржыландыруға және басқа да қаржымен қамтамасыздандырудың дәстүрге жатпайтын түрлеріне табысты көшіп, өздерінің спорттың дайындық жүйелерінде көптеген мәселелерін тиімді шешуге қол жеткізуде.
Жаттығу және жарыстық жүйелердің қызметтері тиімділігін арттыратын технологияның үнемі артуына байланысты спортшыларды дайындау жүйесінде, әсіресе жоғарғы спорттық шеберлік сатысында қымбаттаушылық тенденциясы байқалуда.
Бір спортшыны бір жылда жоғары спорттық шеберлік сатысында дайындауға, бастапқы дайындық сатысына қарағанда 800-1000 есе көп қаржы жұмсалады (кейбір спорт түрлерінде одан да көп).
Сыртқы орта қозғаушы күштері. Спортшыларды дайындау жүйесінің қызметін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық жағдайлардан және табиғи ортадан бөлек құруға болмайды.
Бұл қозғаушы күштердің барлығы әртүрлі спорт түрлерінің дамуына елеулі әсер етеді. Мысалы, қарлы аудандарда қысқы спорт түрлеріне, ал таулы аудандарда тау шаңғысы спортына басымырақ назар аударылады.
Жаттығу және жарыстық қызметтің тиімділігіне сыртқы орта қозғаушы күштерінің мына қозғаушы күштері әсер етеді: теңіз деңгейінен жоғарылығы, температура, қоршаған ортаның ылғалдылығы, сағаттық белдеудің өзгеруі. Бірінші жағынан, олар спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі, ал басқа жағынан оны елеулі төмендетеді. Әсіресе, маңызды жарыстарға дайындау барысында сыртқы ортаның қозғаушы күштерін есепке алу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |