Спортшыларды дайындаудың келешектік жоспары (командалық және жеке). Ол спортшылардың дайындық деңгейі, жасына байланысты әртүрлі мерзімдерге жасалынады. Кіші жастағы спортшылар үшін 2-3 жылға топтық кешенді жоспар жасау мақсатқа лайықты болады. Жоғары дәрежелі спортшылар үшін топтық және жеке жоспарлар 4 жылдан 8 жылға дейін жасалады.
Кешенді жоспарға негізгі көрсеткіштер ғана ендірілуі тиіс (артық бөлшектеусіз), яғни оларға сүйеніп жылдық жоспарды дұрыс құруға болады.
Спортшыны дайындаудың келешектік жоспарының негізгі мазмұнына келесі тараулар кіреді: 1/ шұғылданушылардың қысқаша мінездемесі (спортшының, команданың); 2/ көпжылдық дайындықтың мазмұны, әр жылдарға басты міндеттері; 3/ көпжылдық циклдың құрылымы және оның макроциклдарының мерзімдері; 4/ көпжылдық циклдың әр жылына жасалған жаттығу процесінің негізгі бағыттылығы; 5/ әр жылдарға нәтижесі жоспарланатын жеке күнтізбенің басты және негізгі жарыстары; 6/ әр жылға бақылау сынақтарының спорттық-әдістік көрсеткіштері; 7/ дайындық жылына қарай жаттығу күндерінің, сабақтарының, жарыс өтілетін күндері мен демалыстарының жалпы саны; 8/ жаттығу жүктемелерінің жалпы және спецификалық параметрлері; 9/ ішіне диспансерлік бақылау енетін кешенді бақылаудың жүйесі мен мерзімдері. Төменде мысал ретінде, спорт мектептері үшін спорттық жаттығудың көпжылдық жоспарының үлгісі келтірілген.
Спорттық жаттығудың топтық кешенді жоспары
Спорттық ұжым ___________________________________________
Жаттықтырушы ___________________________________________
Шұғылданушылар тобына қысқаша сипаттама. Жасы, спорттық дәрежесі, алдыңғы жылғы спорттық жетістіктер дәрежесі, дене, әдістік, тәсілдік және жігерлілік дайындығы деңгейі. Шұғылданушылардың дайындалғандық дәрежесіндегі негізгі кемшіліктер. Жаттықтырушы мен дәрігердің шешімі бойынша дене дамуы деңгейі мен денсаулық жағдайы және басқа әліметтері_________________________________________________
Көпжылдық жаттығудың мақсаты және негізгі міндеттері.
Көпжылдық жаттығудың мақсаты
|
Көпжылдық жаттығудың міндеттері
|
ІІІ. Дене дайындығы
|
Жаттығудың міндеттері
|
Негізгі жаттығу құралдары
|
ІV. Спорттық-әдістік дайындық
|
Жаттығудың міндеттері
|
Негізгі жаттығу құралдары
|
V. Спорттық-тәсілдік дайындық
|
Жаттығудың міндеттері
|
Негізгі жаттығу құралдары
|
VІ. Психикалық дайындық
|
Жаттығудың міндеттері
|
Негізгі жаттығу құралдары
|
VІІ. Көпжылдық жаттығу сатылары және негізгі жарыстар.
|
Жаттығу сатылары
|
Негізгі жарыстар
|
VІІІ. Жаттығу жүктемелерін көпжылдық жаттығу сатыларына бөлу.
|
Жаттығу жүктемелерінің параметрлері
|
Жаттығу сатылары
|
ІХ. Жаттығу сабақтарын, жарыстарды және демалыс күндерін бөлу.
|
Жаттығу көрсеткіштері
|
Жаттығу сатылары
|
Жарыстар саны
Жарысқа кететін күндер саны
Жаттығу сабақтарының саны
Жаттығу күндерінің саны
Демалыс күндерінің саны
|
|
Х. Жаттығу сатылары бойынша бақылау нормасы
|
Бақылау нормалары
|
Сатылары бойынша бақылау нормалары
|
ХІ. Педагогикалық және дәрігерлік бақылау_______________________________
ХІІ. Сабақ өтілетін орын, спорт қондырғылары және құрал-жабдықтары _____________________________________________________________________
|
Ағымдағы жоспарлау құжаттарына спорттық жаттығудың жылдық циклының жоспар-кестесі, команданы дайындаудың жылдық жоспары және әрбір спортшыны дайындаудың жылдық дербес жоспары жатады.
Спорттық жаттығудың жылдық циклының жоспар кестесі оқу жаттығу жасайтын жылға атқарылатын жұмыстың мазмұнын анықтайтын, ұйымдастыру әдістемелік құжаты, сонымен бірге жаттығудың жылдық циклы барысындағы оқу материалын кезеңдермен және айларға мақсатқа ылайықты әдістемелік жүйелілікпен бөліп өткізу болып табылады. Бұған мысал ретінде, 7- кестеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-жаттығу топтарындағы апталық цикл бойынша волейболдан өткізілетін жаттығу процесі кестесінің үлгісінен үзінді ұсынылған.
7-кесте
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-жаттығу топтарының апталық циклы бойынша волейболдан жаттығу процесі кестесінен үзінді (бірінші оқу жылы, 12-14 жасарлар)
Тараулардың аталуы
|
Жыл бойынша барлық сағат саны
|
Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Қаңтар
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
|
1. Ілімдік дайындық
|
26 с
|
- - - 2 - - - - 111 - - - - - - 1111 - - -
|
2. Жалпы дене дайындығы
|
129 с
|
4 4 4 4 3 3 3 3 2 2 1 1 3 3 2 2 2 1 1 1 1 1 1 1
|
3. Арнайы дене дайындығы
|
109 с
|
1 1 1 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 3 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2
|
4. Тәсілдік дайындық:
а/ шабуыл тәсілі
б/қорғаныс тәсілі
|
77
38
39
|
- 1 - 1 1 - 1 - - 1 - 1 - 1 - 1 1 1 1 1 1 1
- - - - - 1 - 1 1 - 1 - 1 - 1 - 1 1 1 1 1 1 1 1
|
5.Тәсілдік дайындық:
а/шабуыл тәсілі
б/қорғаныс тәсілі
|
134
70
64
|
1 1 – 1 1 1 1 1 1 1 2 1 1 – 2 1 2 2 1 – 2 1 2 1
1 – 1 – 1 1 1 1 1 1 – 2 1 1 1 2 1 1 – 1 1 2 1 2
|
6. Интегралды дайындық
|
91
|
- - 1 1 2 2 2 2 2 2 3 3 2 2 2 2 2 1 3 3 1 1 1 1
|
7. Нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе алу
|
14
|
- - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - - - 1 1 1
|
8. Емтихандар және бақылау сынақтары
|
24
|
3 3 3 - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
|
9. Барлық сағат саны
|
604
|
10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10 10
|
Жылдық дайындық жоспары (командалық және жеке) келесі тараулардан тұрады: шұғылданушылар тобының қысқаша сипаттамасы, жаттығудың негізгі міндеттері мен құралдары, оларды белгіленген уақыты бойынша шамалап бөлу, көлемі мен қарқындылығына қарай жаттығу жүктемелерін шамалап бөлу, жарысты, жаттығу сабақтарын және демалысты, бақылау нормаларын, спорттық-әдістік көрсеткіштерді (спорттық нәтижелер), педагогикалық және дәрігерлік бақылауды бөлу.
Төменде жаттығудың топтық жылдық жоспарының үлгісі ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |