Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет11/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147
Бақылау сұрақтары
1.Дене тәрбиесі жүйесінің сипаты мен негіздеріне анықтама беріңіз.
2.Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық мазмұнын, мөлшерлік және методологиялық негіздерін анықтаңыз.
3.Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдастыру әдістері және қызмет ету жағдайын сипаттаңыз.


4. Лекция сабағының тақырыбы Дене шынықтырудың қағидалары (принциптері).


Сабақ тың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесінің принциптерін оқытып үйрету


Жоспары:
1. Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілікке қозғалмалылық сияқты әдістемелік қағидаларында көрінетін дене тәрбиесі заңдылықтары.
2. Дене тәрбиесі саласында осы қағидаларды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.


Лекция мәтіні: Оқытып үйрету принциптерінің жалпы сипаттамасы Қандай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене шынықтыру мұғалімі дене тәрбиесі жүйесінің принциптерін басшылыққа алуға міндетті. Принциптердің әрқайсысының толықтай орындалуы оқытушының қызметіне байланысты. Принциптер әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшеліктеріне қарамастан, дене тәрбиесі жүйесіне сүйене отырып, жүзеге асырылуы тиісті.
Сауықтыру бағытындағы принциптер дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырып өткізу кезінде мұғалімнің балалардың денесін дамыту, сауықтыру қызметтерін басшылыққа алуы деп білеміз. Бұл принциптерді талдайтын болсақ, дене тәрбиесінің көмегімен біріншіден, қазіргі өмір жағдайында пайда болатын қозғалыс-қимыл белсенділігіндегі кемістіктерді өтеу, екіншіден, ағзаның қызмет атқару мүмкіндігінің жұмыс қабілеттілігін арттыру және оның қолайсыз күштердің әсерлеріне қарсылығын жетілдіруді айқындайды.
Бұл принциптер төмендегі негізгі талаптарды орындағанда ғана жүзеге асады:
1.Сауықтыру бағалылығы бар ғылыми негізделген дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерінің қолданылуы керек. 2. Денеге түсетін жүктеме оқушылардың орындау мүмкіндігіне байланысты жоспарлануы тиіс. 3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау кез келген оқу-тәрбие жүйесінде міндетті қызмет болуы тиіс. 4. Санитарлық-гигиеналық талаптарын үнемі сақтау, күнді, ауа мен суды тиімді пайдалану – міне мұның бәрін дене жаттығуларымен шұғылданғанда еске алып отыру керек.
Жеке тұлғаның жан-жақты даму принципі қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесінің мақсатын айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл принциптер екі негізгі талаптың орындалуын қарастырады: 1.Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыста жүргізілуі керек. 2.Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілеттілігінің келісімді, үйлесімді дамуы, қозғалыс біліктілігі мен дағдысы және арнаулы біліммен қарулануы қамтамасыз етілетіндей етіп жоспарлануы қажет.
Еңбек, қорғаныс іс-тәжірибесі мен байланыс принципі тәрбиенің барлық жүйесінің қолданбалы бағытын білдіреді. Бұл принциптің шешілуі мына талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады: 1. Дене тәрбиесінің мазмұны бәрінен бұрын өмірге қажетті жүру, жүгіру, секіру, жүзу т.б. кезіндегі біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру қажет. Дене тәрбиесінің бұл талаптары оқу бағдарламаларында жүзеге асырылған. 2. Дене тәрбиесі арқылы адамның жан-жақты дене дайындығы кең көлемде жүргізілуге тиісті, өйткені оның қабілеттілігі әр түрлі еңбек және әскери істерді игеруге мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болуы қажет. 3. Еңбекке және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ісінде дене жаттығуларымен шұғылдануды кең көлемде пайдалану қажет.
Дене тәрбиесі жүйесінің принциптері өзінен-өзі іс-тәжірибелік жұмыстарға енуі мүмкін емес. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық, материалдық, техникалық, әлеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған принциптердің іс жүзінде іске асырылуы осы мәселерге тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда, принциптер ұрандалған даңғазаға, қиялға айналуы мүмкін. Мысалы, көпшілікті қамтитын "дене шынықтыру шараларын жалпы халықтық дүниеге айналдырамыз", - деген ұран қажетті материалдық база, спорттық құрал жабдықтар болмаған жағдайларда дене шынықтыру саласындағы қызметкерлерді көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже болмайтыны ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет