Іс-тәжірибелік әдістер Бұл әдістер оқушылардың өздерінің белсенді қозғалыс әрекетіне негізделген. Келіскен түрде оларды екі топқа бөлуге болады: қатаң және жекелеген уақытпен белгіленген (регламентті) жаттығулар әдістері. Олардың арасындағы айырмашылық бір-біріне тәуелді.
Уақытпен белгілеу сәті кез келген әдісте бар, бірақ оның дәрежесі мен сипаты әр түрлі болады. Белгілі бір жағдайда әр түрлі топтардағы екі әдіс бірігуі, екі қозғалыс әрекетті түрде бір уақытта үйретілуі мүмкін, мысалы, бөліктерге бөліп үйрету әдісі мен жарыстық әдіс. Солай бола тұрса да бұл оларды бірдей етуге негіз бола алмайды.
Жаттығулардың қатаң уақытпен белгіленген (регламенттелген) әдістері - қозғалыс әрекетін көп қайталап орындалатындығымен және қатаң уақытпен мөлшерленген қозғалыс түрінің, жүктеменің өлшемінің демалыспен алмасып өсуімен сипатталады (немесе оның бөліктерін) және т.б. Осының нәтижесінде жекелеген қозғалыстарды таңдап, меңгеруге мүмкіндік туады және оның барысында қажетті қозғалыс әрекетін құрайды.Бұл топқа жататын қозғалыс әрекетіне үйрету әдістерін бөлікпен және бүтіндей қолдану бірін-бірі толықтырып отырылады және нақтылы оқу міндетін анықтайды: оқушылардың топтық және дербес сипаттамасына, оқытып үйрету кезеңіне, оқу материалының сипаты мен мазмұнына, оқу құралдарының қолдағы нақты санына қарай.
Бөліктерге бөліп үйрету әдісі - қозғалыс әрекетінің жекелеген бөліктерін және одан әрі оларды қажетті бүтінге біріктірудің бастапқы үйретілуі алдын ала қарастырылады. Бұл әдістің дүрыс, құнды шешілуі қозғалыс әрекетінің бөліктерге бөлінуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін түсінуге тәуелді, сонымен бірге оны іске асырудағы тәжірбиелік біліктілікке байланысты болады. Бірқатар зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе нақтылап бекітіп бергеніндей, кез келген қозғалыс әрекеті оны құрайтын бөліктеріне бөлінуі мүмкін. Бөлінудің шегі мен сипаты оқытып үйрету міндеттерінің оқытып үйретудегі құндылығына сәйкес бөліктерге бөлуді іске асыру қабілетімен анықталады. Бүтін дегеніміз оны құрайтын бөліктердің қарапайым жиынтық мөлшері емес. Сондықтан күрделі әрекетте оның қозғалыс жиынтығын құрайтын механикалық жиынтығы болып табылмайды. Бүтінді құрайтын жекелеген бөлшектердің арасында белгілі бір айырма, қарым-қатынас орнатылады. Бүтінді ұғыну үшін оның пайда болуының заңдылықтарын, бөліктерін тек ұғу арқылы қол жеткізуге болады. Бөлшектерге бөлу бөліктерге бөліп үйрету әдісінің сипаттық белгісі болып табылады. Бірақ қозғалыс әрекетінің бөліктерін оқытып үйрету аясы тар мақсат болып табылмайды. Ол тек бүтіндік қозғалысты меңгеруді жеңілдетудің бастапқы кезеңі қызметін атқарады.
Қорытындысында оқушылар қозғалыс әрекетін басынан аяғына дейін біріктірілген бүтіндік ретінде қабылдауы тиіс. Бұл жымдасқан орындауда басты және қосымша бөлшектер болмауы тиіс. Барлығы - басты. Екеуі де Корытындысында жалпы табыстың кілті, кепілі бола алады. Қозғалыс орекеттерін бөліп-бөліп орындау әдісі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның орқайсысы соңғы қорытындыда нақтылы, одан әрі жалғастырылатын жаттығулардың құрылуына әкеледі. Олар өздерінің табиғатына және міндетгеріне қарай бүтіндей әрекет бөліктерімен принциптік айырмасы болмайды және бөліктерге бөліну кезеңінің бағытталған нәтижесі болады. Жалғастырушы (подводящие) жаттығулар. Бұл жаттығулар бүтіндей қозғалыс актісін меңгеруді жеңілдету үшін жекелеген алдын ала білім беру міндеттерінің серияларын шешу арқылы пайдаланылады. Сондықтан бүтіндей қозғалыс әрекеті бөлшектері жүйке - бұлшық ет ширығуына құрылымы мен сипаты жағынан ұқсастығы бар жалғастырушы жаттығуларды табу ете маңызды. Жалғастырушы жаттығулар орталық жүйке жүйесінде барынша біртекті және негізгі жаттығумен ортақ үйлесімділігінен оны жеңіл үйренуді қамтамасыз ететін бірізді пайдалы әсер беретін уақытша қарапайым байланыстардың жиналуына жәрдемдеседі. Жалғастырушы жаттығулардың жүйесі қозғалыс әрекетіне үйретуге арналып оны құрамдас бөліктерге таратып және барынша жауапты бөлшектерге бөліп көзделген талдаудың нәтижесінде құрылады. Жалғастырушы жаттығулар оқушылардың үйренуіне қолайлы және аяқталған түрі болуы тиіс. Қозғалыс әрекетінің бөліктерге бөліну сипаты, жалғастырушы жаттығулардың саны, олардың кезектегі орындалу реті - бұлардың барлығы мұғалімнің жекелеп үйрету жағдайына қолайлы болуы тиіс. Әрбір жаттығуды қолданудың ұзақтығы оның күрделілігіне және маңыздылығына, сонымен бірге оқушылардың оны игеруге дайындығына тәуелді.
Жалғастырушы жаттығуларды шартты түрде мына екі түрде ұсынуға болады:
1.Тұтас қозғалыс әрекетінің жеке бөліктерге бөлінген немесе тұтастай әрекеті, бірақ одан егжей-тегжейлі бөлшектеріне дейін бөлінуі. Мұндай жағдайларда қозғалыс әрекетінің бір бөлігі нақты таза күйінде, қосымшасыз ұсынылады, ал жеке жағдайда мұндай бөліктерге бөлу үйретілетін қозғалыс әрекетінің әдістері негіздерінің бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
2. Жалғастырушы жаттығулардың басқа түрі үйретілетін қозғалыс әрекетінің белгілі бір бөлігін қосымша бөлшектерімен көрсету арқылы аяқталған құрылымды құруға жәрдемдеседі.
Бұл әдісте қозғалыс әрекетін меңгеру жүйесі жеңілдейді. Белгіленген мақсатқа оқушы жекелеген қозғалыс дағдыларын біртіндеп жинақтап, солар арқылы қажетті қозғалыс әрекетін қалыптастырады. Олардың назары бүтіндей қозғалыс актісінің әрбір бөлшегіне шоғырландырылып, оның рөлін ұғындырып, әрбір сәті зердесінде қалады, бұлардың бәрі шұғылданушылардың жекелеген бөліктерін тиянақты игеруіне мүмкіндік жасап, қозғалыс әрекетін бүтіндей меңгеру барынша жеңіл жағдайда өтеді, оқытып үйрету мерзімі қысқарады. Кейбір жағдайларда (мысалы, салыстырмалы гимнастиканың барлық түрлерінде жиі) әдістің нәтижелілігі жаттығудың сапалылығынан, қозғалыс мәдениетінің жоғарылауынан көрінеді. Жалғастырушы жаттығуларды бөліктерге бөліп үйрету мұғалімнің әрбір сабағындағы оқытып үйрету барысын барынша нақтылы етеді, сондықтан психологиялық дәлелденген немесе оқушылардың бір бөлшегін меңгергенінің өзі адамгершілік қанағат, ризашылық сезімін туғызады. Жалғастырушы жаттығулардың молдығынан сабақ барынша әр түрлі деңгейде, ал оқытып үйрету жүйесінің өзі барынша қызықты болып өтеді. Бөліктерін үйрену арқылы игерген қозғалыс дағдыларын барынша кеп меңгеру балалардың қозғалыс тәжірибесін байыту міндеттерін нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Бөліктерге бөліп үйрету әдісін қолдану жоғалтқан дағдыларды салыстырмалы түрде тез қалпына келтіруге жәрдемдеседі.
Бұл үйлесімділігі күрделі қозғалыс әрекеттерін үйрену кезінде жекелеген буындар мен бұлшық ет топтарына әсер ету қажет болған жағдайда таптырмайтын әдіс. Сонымен, бөліктерге бөліп үйрету әдісі үйретілетін қозғалыс әрекетін талдауға шығармашылық тұрғыдан келуге, қозғалыс әрекетін тек сыртқы түріне қарап қабылдамауына жәрдемдеседі. Алайда сауатсыз бөліктерге бөліп үйрету, сонымен бірге жалғастырушы жаттығуларды кездейсоқ ала салу, оларды дұрыс қолданбағанда қозғалыс дағдыларының қалыптасу жүйесі айтарлықтай қиындайды.
Қозғалыс әрекетін тұтас, бүтіндей үйрету әдісі - козғалыс әрекетін үйретуді оқытып үйретудің соңғы міндетін шешу түрінде ұсынылады, бұл әдіс кез келген қозғалыс әрекетін оқытып үйретудің аяқталу кезеңінде және бөліктерге бөліп үйрету әдісінің соңынан қолданылады. Дене шынықтыру жаттығулары әдістерінің жетілдірілуі оның тұтастай орындалуы нәтижесінде орындалады. Тұтастай үйрету қозғалыс әрекетін байқағанда таптырмайтын әдіс. Көптеген қозғалыс әрекеттері барынша қарапайым. Әсіресе, оқушылардың жақсы дайындалған жағдайында оларды бөліктерге бөліп үйрету әдісімен үйрету босқа тер төгу болар еді.