Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі



бет51/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі. Жұмыс қабілеттілігінің негізгі аумақтарға сәйкестігі, сонымен бірге педагогпен Шұғылданушылардың қызмет мазмұнының ерекшеліктеріне қарай педагогикалық әдебиетте сабақтың кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерін белгілейді. Соңғы кездері кіріспе және дайындық бөлімдерін біріктіріп, сабақты дайындық (кейде кіріспе-дайындық деп те айтады), негізгі және қорытынды бөлімдеріне біріктіру қолданыста.
Сабақты бөлімдерге бөлудің маңызды педагогикалық мәні бар. Біріншіден, бұл әрбір нақтылы жағдайда негізгі жұмысқа дайындайтын және оны аяқтауға, сонымен бірге шұғылданушыларды жарыс сөресі алдындағы жақсы жағдайына алдын ала келтіру үшін ұтымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Бұл талапқа немқұрайды қарау өнімсіз бос еңбекке, ал кейде денсаулығын жоғалтуға әкеледі.
Сол сияқты, сайыстарда талаптарға сай қыздырынбай күш сынасу көп жағдайда жарақаттануға әкеледі.
Екіншіден, жұмыс қабілеттілігін басқаруға, яғни Шұғылданушылар оны неғұрлым үзақ ұтымды деңгейде тез дағдылану және жұмысты үйлесімді, ұтымды аяқтауға мүмкіндік береді.
Мұндай қалыптастыруды білудің қажеттілігі оларды іс жүзіндегі қызметке дайындау үшін айқын көрінеді. Алайда жалпы талаптарды іске асыру нақтылы сабақ құрылымының тек бір жағын өңдеуді ғана құрайды, өйткені жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі туралы сипатталған заңдардан тыс шұғылданушылардың қызмет тәртібі, сонымен бірге кез келген сабақтағы оқытып үйрету және тәрбиелеу жүйелерінің арнайы заңдылықтарына тікелей тәуеді.
Оқу-тәрбие жүйесінің қисынын (логикасын) анықтайтын бұл заңдылықтар сабақтың құрылымын өңдегенде ескерілгені жөн, өйткені ол мәселенің басқа жағын құрайды. Дене жаттығулары сабағында оқытушы тарапынан қазіргі кезде көп міндеттер қойылатыны белгілі: қозғалысқа үйрету, әр түрлі дене сапаларын дамыту, жеке тұлға келбетін тәрбиелеу, әр түрлі сауықтыру міндеттерін және т.б. шешу. Педагогикалық міндеттерді іске асыру жоспарында сабақты үш бөлімге бөлудің (үш бөлімді құрылым) салыстырмалы қатынасы бар. Сондықтан сабақтың жалпы құрылымы туралы үғым үйлесімсіз. Егер жұмыс қабілеттілігінің динамикасы есепке алынса, онда сабақта дайындық негізгі және қорытынды бөлімдері және оларға сәйкес жалпы педагогикалық міндеттер анық бөлініп шығады. Егер оқу-тәрбие жүйесінің қисынына (логикасына) қарай барынша талдасақ, онда сабақтың бөлімдері нақтылы міндеттердің санына қарай бұданда көп немесе аз болуы мүмкін. Бір міндеттерді шешу үлкен күш жұмсауды талап етеді.
Сондықтан шұғылданушыларға елеулі қиындық тудырмайтын әрбір нақтылы кезеңде міндеттер дайындық және қорытынды бөлімдеріне, ал бастылары, яғни тәртіп бойынша ең күрделілері негізгі бөлімге ендіріледі.
Сонымен, әрбір кезде шұғылданушылардың жұмысқа жақсы қабілеттілігін қамтамасыз ететін жалпы әдістемелік міндеттер іске асырылады. Одан әрі сабақтың құрылымын дайындағанда педагогикалық ой тұжырымдарын басшылыққа алып, сабақтарды бөлімдерге бөлуді оқу-тәрбие жүйесінің қисындық талаптарына сәйкестендіру қажет (міндет санына қарай). Қағида шегіндегі үлгі бойынша құрылымы әр түрлі оқу-тәрбие қызметі жүргізіледі. Мысалы, сабақтың дайындық бөлімінің дене қыздыру қызметі белгілі бір оқу немесе тәрбие міндеттерін шешумен үйлестікте болуы тиіс. Бұл сабақты шығармашылықпен өткізуге кең жол ашады, оған бөлінген уақытты мақсатқа лайықты пайдалануға, әдістемелік еліктеушілікті жеңуге мүмкіндік жасайды. Сипатталған ережелерден тыс сабақты сапалы өткізу үшін шұғылданушылардың қызметіне басшылық жасау ерекшеліктерінен туындайтын жалпы әдістемелік талаптарға сүйену қажет. Бұл қатынаста дене жаттығулары сабағының сабақтық және сабақтан тыс үлгілері айырмаланады.
Шұғылданушылардың сабақтық үлгісінің барынша ерекше белгісі оқытушылардың (жаттықтырушы, мұғалім, нұсқаушы, әдіскер) басқаруымен жүргізілетін оқу-тәрбие қызметі болып табылады. Оқытушы мен оқушылардың өзара келісімділігі дене тәрбие жүйесі үшін ең жақсы дидактикалық жағдай жасайды. Оқушылардың оқу тәрбие жүйесін қоғам алдында оқу-тәрбие жүйесінің нәтижесі үшін жауап беретін білім жүйесімен, педагогикалық дағдылармен және біліктілікпен қаруланған маман ғана басқарады. Оқушылар қажетті білім, біліктілік және дағдыларды үйренуге ұмтылады, яғни белсенді оқиды. Сабақтың мазмұны мен әдістемесін түрлендіру қажеттілігі үнемі адам ағзасында және шұғылданушылардың психикасында сыртқы жағдайдың өзгермелілігімен өтетін күрделіленген міндеттерге, алға басушылық динамикасына себепші болады.
Үшіншіден, шұғылданушыларды оқу қызметіне олардың жеке ерекшеліктерін есепке алып бірқалыпты тарту қажет. Тек осылай ғана ұзақ уақыт ішінде барлық оқушылар үшін біртектес оқу-тәрбие жүйесін жүргізуге және сөйтіп үлгермей қалып қоюшылықты болдырмауға болады.
Төртіншіден, әрбір сабақтың оқу қызметін жалпы әдістемелік принциптермен және дене тәрбиесінің қазіргі заманғы жүйесінің жалпы принциптерімен қатаң шұғылданушыларға әсері жан-жақты болуы, яғни сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін атқаруы тиіс.
Бесіншіден, сабақтың алдында ақиқат, нақтылы осы сабақта іске асырылатын міндеттерді қою керек. Оқу-тәрбие жүйесінің жалпы міндеттерін шешу (күшті, шапшаңдықты, әбжілдікті, төзімділікті, дене тұлғасын үйлестікпен дамытуды және т.б.) жекелеген нақтылы міндеттер жүйесін орындаумен іске асырылады. Әрбір сабақты табыспен аяқтау жағдайында, сонымен бірге әрбір оқу сабағының айқын аіішқталған нәтижелерінің үйлестікте жіктелуімен ғана мақсатқа жетуге болады.
Сабақ міндетін анықтау. Оқу-тәрбиеІ жүйесінің ңегізгі бөлімі болып әрбір сабақ шұғылданушыларға тәрбиелік те, білім беру де және сауықтыру бағытында да әсер етуі тиіс. Әрине, оқытушы әрбір шектелген мүмкіншілік жағдайында осы жиналып, қорытылған әсер етуді жақсы бейнеде ұйымдастыру үшін алдына мақсат қоюы тиіс. Оқу сабақтардың алдына бәрінен бұрын білім беру міндеттері қойылады, өйткені шұғылданушылардың өздері бұл сабақ үлгісін сабақтың сауықтыру және тәрбиелеу түрлерінен кең сөз үғымында айырады. Білім беру міндетін шешу бірқатар дене жаттығуларын орындаумен іске асады, яғни оның орындалу күрделілігі мен қарқындылығына сабақтың сауықтыру және тәрбиелеу әсері тәуелді. Оқу сабағының білім беру бағытының басты маңызы, оның сауықтыру және тәрбиелеу тиімділігі төмендейді деген үғым туғызбайды. Білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру міндетін алға қойып, әр түрлі жаттығулар кешенінің жәрдемімен, дене жүктемелерін қатаң мөлшермен бір уақытта сауықтыру және тәрбиелеу тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Оқу міндеттерін нақтылау қозғалыс әрекетіне үйрету жүйесінің заңдылықтарын білу негізінде іске асады. Олай болса, сабақтың оқу міндеттерін төмендегіше тұжырымдауға болады: "артқа топтастырып сальто жасауды таныстыру", "аттау әдісімен биіктікке секіруде жерден теуіп серпілуді уйрету", "тапсырылған жылдамдықпен құлаш ұру әдісімен жүзуде қолмен есу қозғалысын жетілдіру" және т.б.
Спорттық жаттығу сабақтарында білім беру міндеттері барынша нақтыланып, сонымен қатар оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілу ретіне қарай арнайы-сауықтыру тәрбиелік міндеттері қойылады. Оларда мүмкіндігіне қарай тапсырма нақтылы болуы тиіс: "белтемірден секіріп түсу кезінде батылдықты тәрбиелеу","берілген жаттығу арқылы омыртқаның қисаюының алдын алу" және т.б. Дегенмен, кейбір тәрбиелік және сауықтыру міндеттері, әсіресе, дене сапаларын дамытуға, ерік-жігер мен денсаулықты нығайтуға жеке тұлға бейнесін тәрбиелеуге байланысты және т.б. ағзаның түрі мен сәйкес келетін қызметтерінің өзгеруі жолымен тек уақыт тар аралығында шешімін табуы мүмкін. Мұндай міндеттер сериялы сабақтардың алдында қойылады және мүмкіндігіне қарай жекелеген сабақтар үшін нақтыланады. Сабақта міндеттердің саны оқу-тәрбие жүйесінің соңғы күрделілігімен, оқушылардың оқу материалын, бағдарламаны біртіндеп меңгерудегі психофизиологиялық мүмкіндіктеріне себепші болады.
Дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде жеке сабақтардың алдында оларды іске асыру үшін әр түрлі уақыт және бірдей емес күш салуды қажет ететін міндеттер кешені қойылады.
Сабақтың педагогикалық құрылуы. Сабақ басқа дене жаттығуларымен шұғылданушылар сияқты үш бөлімге бөлінеді: дайындық, негізгі және қорытынды. Одан әрі бөлінген бөлімдердің жүктелген міндетін ескеріп, сабақтың құрылымының нақтылы міндеттеріне сәйкес бөлшектеп талдауға кіріседі.
Дайындық бөліміне бәрінен бұрын оқушыларды бастапқы ұйымдастыру кіреді. Ол шешіну орынын тәртіпке келтіру, киімді және пайдаланылатын спорт құрал-саймандарын дайындау, қысқаша кезекшінің нұсқауы, оқушыларды спорт алаңына шығар алдында сапқа тұрғызу және т.б. кіреді. Ұйымдастырудың бұл жақтары көбіне сабақтың барлық бөлімдеріндегі табысты айқындап, қарқынды жұмыс үшін қажетті тез әсерленгіш орта (фон) жасайды. Сабақты құру қызметі тікелей сабақтың басында әр түрлі әрекеттер атқаруы мүмкін, яғни сабақ басталар алдында бір қатарға тұрғызу, рапорт беру, назарға арнайы жаттығулар, сабақтың міндетін түсіндіру және тағы басқалар. Олар жеке-жеке және кешенді пайдаланылуы мүмкін. Педагогикалық қатынаста бастапқы ұйымдастыру сәтінде әр түрлі міндеттер шешіледі, яғни оқушыларды сапқа тұруға үйрету, дұрыс дене мүсінін қалыптастыру, бұйрықтарды анық орындауға үйрету және т.б. жөнге келтіру сәттері сабақтың барысында бар. Олар сабақтағы әрбір ірі міндеттерді шешуге және толық аяқтауға алдын ала жол салады. Сабақтың ұйымдастыру жақтарын дұрыс жүзеге асыру оқытушының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осының арқасында оқушылар жаттыққан әрекетке, өзінің назарын алдағы қызметке және т.б. шоғырландыруға үйретеді. Сабақтың бірінші бөліміндегі негізгі орынды алда тұрған негізгі жұмысқа қызметтік дайындық алады. Дайындыққа және оның орындалуына ұзақ уақыт талап етілмейтін және жеңіл мөлшерленетін жаттығулармен табысқа жетеді. Оларға мыналар жатады: жүру, жүгіру, секірулер, жалпы дамыту жаттығулары, қарапайым би адымдары, ойындар және алдыңғы сабақтардан оқушыларға таныс басқа қозғалыстар. Оларды орындау кезінде оқытып үйрету және тәрбиелеу міндеттері шешілуі мүмкін (таныстыру, үйрету және жетілдіру, шапшаңдықты дамыту және т.б.). Сабақтың дайындық бөлімінде шешілетін міндеттердің арасында жаттығудың мағыналық үйлесімділікпен және физиологиялық қозғаушы күштермен қамтамасыз етілген айқындалған қисындық өзара байланыс алдын ала қарастырылған болуы тиіс. Мысалы, біртін-біртелік принципін басшылыққа алып жалпы дамыту жаттығуларының кешенін орындау кезінде, әдетте келесі реттілік сақталады: созылу; қолға және иық белдеулеріне арналған жаттығулар; аяқ, қолға арналған жаттығу, тізені бүгу; кеудеге арналған жаттығулар; секірулер; босаңсуға арналған жаттығулар.
Сабақтың дайындық бөлімі келесі сабақ бөлімдерімен байланыста болуы тиіс. Сабақтың басталар алдындағы жаттығуларды үйлестік механизмімен және дене жүктемесі сипатымен іріктеу алда тұрған негізгі қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бұл үшін арнайы-ұштастырушы деп аталатын жаттығулар қосылады (9-суретте сабақтың дайындық бөлімінің әр түрлі үлгілері берілген). Негізінен оған сабақтың негізгі уақытының 10-20 пайызы бөлінеді: мектептегі сабаққа 5-12 минут, спорттық жаттығу сабағына 30-40 минутқа дейін.
Сабақтағы барынша күрделі міндеттерді шешу оның негізгі бөлімінде шешіледі.
Негізгі бөлім нақтылы мазмұнына қарай бір немесе бірнеше тараулардан құрылуы мүмкін. Әдетте барынша күрделі принципінде жаңа материалдарды меңгерумен байланысты және үлкен үйлестік күрделілігіндегі міндеттерді сабақтың негізгі бөлімінің ең басында іске асырады. Мұнда оқытып үйрету кезеңдерін есепке алып және міндеттерге жолға қоюда келесі бірізділікті қолданады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.
Дене сапаларын тәрбиелеу әдетте келесі тәртіппен жоспарланады: шапшаңдыққа, күшке, төзімділікке арналған жаттығулар. Әр түрлі спорт түрлерінен өтілетін сабақта жоғары жұмыс қабілеттілік сәтінің ерекшелік сапаларын дамыту үшін пайдаланады.
Мысалы, штангашы бұл сәтті күшті дамыту үшін пайдаланады. Өмірдегі іс жүзіндегі қызметте барлық қозғалыс міндеттерін әр түрлі жағдайда шешуге тура келеді. Сондықтан білім беру міндетін шешудегі жүйелілік және дене сапаларын тәрбиелеуде ағзаның әр түрлі жағдайында оқушылар жоғары жұмыс қабілеттілігін көрсетуге үйренетіндей түрлендіру қажет. Сабақтың негізгі бөлімінде дайындық, негізгі және жаттығудың басқа түрлері орын алады және оларды өткізуде, сонымен бірге әр кезде белгілі бір реттілікті алдын ала ескеру қажет.
Шұғылданушылардың сезімге бой алдыру жағдайын арттыру және сабақта дене сапаларының көрінуін күшейту үшін жарыстық және ойындық әдістер кең ауқымда пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлімінің нақтылы созылу ұзақтығы жаттығудың қаркынына, Шұғылданушылардың жасына және жынысына, сабақтың басталуы мен аяқталуына қажет уақыт мөлшеріне тікелей байланысты. Мектептегі сабақта, мысалы, негізгі бөлімге 35 минут, спорттық жаттығу сабағына 90 минут және одан да көп уақыт бөлінеді.





Осы бейнеде негізгі бөлімнің құрылымы дайындық бөліміндегідей барынша күрделі болуы мүмкін (10-сурет).


- сабақта үйретілетін негізгі жаттығулар;
- дайындык жаттығулары;
- негізгі жаттығулардын үгілері;
-дене сапаларын дамыту жаттығулары; күш;
- шапшандық;
- төзімділік
-әбжілдік;
-иілгіштік;
-жаттығуларды үйреніп алу элементтері;
-ойындар;
- жарыстар;
сызыктардын жоқтыгы - жаттығулармен танысу.
10-сурет. Сабақтың негізгі бөлімінің педагогикалық кұрылымының үлгілері

Сабақтың аяқталуы жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты. Спорт қондырғыларын жинау, сабақтың аяқталуына қарай сапта қайта тұрғызулар қандай да бір кездейсоқ болғанымен, шұғылданушыларды біршама тыныштандырады, жүктемені түсіруге жағдай жасайды. Алайда оқу-тәрбие міндеттерінің ерекшелігі және сабақтың қорытынды бөлімінің мазмұны шұғылданушылардың қарқынды қозғалыс қызметін жете түсініп аяқтай білуін талап етеді.




















- жалпы дамыту жаттығулары;

- тыныс алу жаттығулары;
- бұлшык еттерді босансыту жаттығулары;
- қимыл-козғалыс ойындары;
- назар аудару жаттығулары;
-жаттығуларды үйреніп алу элементтері
- жаттығуларды жетілдіру элменттері;
- сызыктардың жоктығы - жаттығулармен танысу.
Сабақтың қорытынды бөліміне тән сәйкестік келесі педагогикалық міндеттер болады: әр түрлі күш қуаты дәрежесімен қозғалысты еркін орындай білуге біртіндеп күшін, қарқынын, жаттығудың жылдамдығын төмендетіп түсіру; назарын оқуға, еңбекке, демалысқа аудара білуге үйрету. Бұл міндеттерді шешу үшін жеңіл мөлшерленетін мына жаттығулар таңдап алынады: жүру, жеңіл жүгіру, қарапайым қозғалыстар, би элементтері және т.б. Бұл міндеттерді шешудің тәртібі жүктемені бір мезгілде түсіруі тиіс.
Сабақтың қорытынды бөлімі қисындық өзара байланыстағы бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін (11-сурет). Бірқатар сабақтарда қорытынды бөлімінің дидактикалық ақталған жүйеліліктегі міндеттері алдын ала қарастырылған болуы тиіс. Үйге берілген тапсырмаға ерекше назар аудару керек. Сабақтар тек дене тәрбиесі жүйесінің бөлшегі ғана, яғни өз бетінше жаттығумен, жарысқа қатысумен, ойынмен және т.б. толықтырылады. Үй тапсырмасын бағаламау шұғылданудың сабақтық және сабақтан тыс түрлерінің арасындағы байланысты бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет