Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет69/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147
“Грек-рим күресі” тарауында палуанның тұрысы және кілем үстіндегі күрес әдістері, сонымен бірге өзін-өзі қорғау қауіпсіздігі әдістері енеді. Әрбір әдісті меңгеру, оны қолдану тәсілін игерумен қатар жүреді. Балуанға әдістер, қарсы әдістер, қорғану және өз қауіпсіздігі тығыз байланыста оқытып, үйретіледі. Әдістерді бекіту оқу-жаттығу айқастарында іске асады: екі балуан 2 минуттан, сосын үш минуттан, арасында 2-3 минут демалыспен.
“Жеңіл атлетика” өз алдына дербес тарау ретінде ІІІ сыныптан айқындалған. Оған келесі түрлері кіреді:
Жүгіру. ІІІ-ІV сыныптарда еркін табиғи жүгіру үйретіледі, одан әрі жетілдіру жалғастырылады. Сонымен бірге, түзу сызық бойымен, адымның жиілігін және ұзындығын өзгертіп жүгіруді үйрету міндеттері шешіледі. Одан әрі үйлесімді жүгіру әдістерін қалыптастыру екі бағытта жүреді: жүгірудің спорттық түрлері (V және VІ сыныптарда жоғары жылдамдықтағы жүгіру адымының әдістерін, сөреден шығу және жылдамдық алу, мәре сызығын кесіп өту әдістерін үйрету, VІІІ сыныптан бастап орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру әдістерін, ІХ-ХІ сыныптарда – эстафеталық жүгіру әдістеріне), сонымен бірге тік (вертикалды) және көлденең (горизонтальды) кедергілерден (шұңқыр, қоршау қабырға) өтіп жүгірудің қолданбалы түрлері, тау басына және тау етегіне жүгіру әдістерін үйрету. Жеңіл атлетиканың барынша қолданбалы сипаты Президент тесті талаптары мен кросстық жүгіруде, кедергіден өтуде айқын көрінеді. Мектептерде кросстық жүгіруге қарсыз аудандарда ерекше мән беріледі.
Секірулер. ІІІ-V сыныптар аралығында секіру дайындығы кең ауқымда іске асады. Бұл сыныптарда барынша қолдан келетін жеңіл атлетикалық “аяқты бүгіп” секірулер әдісімен ұзындыққа және “аттау” әдісімен биіктікке секіру әдістері жиі оқытылып үйретіледі. Ұштастырып, жалғастыру әдістерінің жәрдемімен және арнайы жағдай жасаумен секірудің әрбір элементі жетіледі. Ұзындыққа секіруді үйренгенде адымдап секіру, кедергіден секіру (нысана) пайдаланылып, яғни ұшу траекториясы шектелген аймақтан серпіліп секіру қалпынан дұрыс мағлұмат алуға мүмкіндік береді. VІІ сыныптан бастап осы негізде барынша күрделі әдісті меңгеруге кірісу мысалы, биіктікке секіруде “аяқты кезек тастау” (перекидной) әдісі, жоғары сыныптарда ұзындыққа секіруде “қайшы” әдісімен секіру іске асырылады. Әдістерді жеке меңгеруге үлкен назар аударылады, мысалы, VІІІ сыныпта екпін алудың ұзақтығын таңдайды.
Лақтыру. Ұзақтыққа және нысанаға лақтырудың негізгі әдісі- “арқасынан асырып, иық арқылы”- бір ізділікпен, жүйелі сыныптан сыныпқа үйретіледі және жетілдіріледі: ІІІ және ІV сыныптарда бір орыннан “садақты керіп тартқандағы” кейіпте және ақтық күш салып, сонымен бірге әртүрлі қалыптағы жағдайда әртүрлі орналастырылған нысанаға бейімделу, көзбен шамалау және дәлдікті дамытуға әсер етеді; V сыныпта- адымдап; VІ сыныпта - қысқартылған адыммен; VІІ және VІІІ сыныптардан – “бағана” (коридор) бойымен толық екпін алумен, сонымен бірге қозғалыстағы нысанаға лақтыру.
Жоғары сыныптарда граната лақтыру мен ядро итеру үйретіледі. ІХ сыныпта бір орыннан, Х-ХІ сыныптарда екпінмен келіп секіру үйретіліп, жетілдіріледі.
“Қимыл-қозғалыс ойындары” тарауы. І-ІІІ сыныптарда өзбетінше дербес бөлінген, ал келесі сыныптарда басқа тарауларға бөлінген. Мұнымен ойынның маңызы майда сынып (бастауыш) жастарында білім беру және тәрбиелік міндеттерін шешуге арналғандығы атап көрсетіледі. І-ІІ сыныптарда балалар бірінші кезекте ойынның ережесін үйреніп, ойнауға үйрету және оған бағыну, ұжымның мүддесі үшін әрекет ету үйретіледі. Бұл сыныптарда ойындар негізінен командалық емес, ІІІ сыныптан эстафеталар мен ауыспалы және командалық ойындар кіргізіледі (мысалы аңшы мен үйректер).
Ойындардың мазмұны оқытылып, үйретілген қозғалыс әрекеті түрінен меңгергенін есте қалдырып бекітуге есептелген. ІІІ сыныпта оқушылардан тек ойын ережесін меңгеріп ойнауды ғана емес, олардан жолдастарымен ойынды ұйымдастыра білуді де талап етеді.
“Спорттық ойындар” тарауы ІV-ХІ сыныптар бағдарламаларында бар: ІV сыныпта – мини баскетбол, V-VІІІ сыныптарда - қол добы немесе баскетбол (мектеп ұжымының таңдауы бойынша), ІХ-ХІ сыныптарда бұларға қосымша волейбол. Басқа спорт түрлеріндегі сияқты бастапқы дайындық негізгі әрекеттерді тыңғылықты оқып, үйренуден тұрады. Мысалы, баскетболда бұл қозғалыста орын ауыстыру, допты қағып алу және әріптесіне беру, алып жүру және торға лақтыруды байланысқан оқу комбинациясы түрінде жалғастырылған күрделілікпен эстафетада қолдану, көрермендердің бақылауынсыз допты тартып алу және т.б. VІ сыныптан тәсілдік әдістерді меңгеруге үлкен мән беріле бастайды, яғни шабуылда және қорғаныста, жекелей және командалық әрекетте олар оқу ойындарында бекиді.
Оқушыларға қойылатын талаптарда ойын мектебін меңгерудің қажеттілігі, яғни әдістік және тәсілдік әдістердің үлкен арсеналынсыз ойнауға ұмтылудың қажетсіздігі атап көрсетілген. Мысалы, VІІ-VІІІ сыныптарда баскетбол добын кедергіні айналып, еденнен серпілту, серпілу биіктігін өзгерту және дұрыс алып жүре білу. Жоғары сыныптарда оқушыларға ойынға төрешілік ету ережесін меңгеруді үйрену талап етіледі. Мектеп бағдарламасының түсініктеме беру жазбасында қол добымен шұғылданудың жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын қалыптастырып бекіту үшін және Президент тесті талаптарын тапсыруға дайындық, сонымен бірге таза ауада сабақ өткізу мүмкіндігі үшін мақсатты маңызы бар. Жоғары сынып оқушылары волейболды үйренуге жеткілікті дәрежеде дайын. Қысқа уақыт ішінде (10 сағ.) негізгі әдіс-тәсілдерін, тәсілдік әрекетттерді және жарыс ережелерін қатар үйретуге болады.
“Шаңғы дайындығы” тарауы барлық сыныптар бағдарламасында бар. Оқушыларды негізгі қозғалыс әдістеріне, оның ішінде биікке өрмелеу мен ылдидан төмен түсуге үйреткен жөн. Оқушылар үйренген дағдыларын серуендеу кезінде және ара қашықтықты өткен кезде нақты, жүзеге асатындай жағдайы, яғни сырғанау, жер бедері ескерілуі тиіс. Қарға шығар алдында дұрыс киінуді, шаңғыны дайындауды үйрету қажет. Алдымен шаңғымен қар үстінде аяқ басып жүруді және таяқсыз сырғанау адымдарын жасауды, ал содан соң қозғалыс үйлесімділігін және таяқпен қуатты сырғанауды игеруді үйретеді. Мұнда ерекше назар тепе-теңдікті сақтауға, аяқты серпіп тебуге, қолдың жұмыс істеуіне аударылады. Осы негізде І-ІV сыныптарда біртіндеп алма-кезек екі адамдап жүру жетілдіріліп, екі аяқпен қатар жүру меңгеріледі; VІІ және VІІІ сыныптарда алма-кезек төрт адымдап жүру үйретіледі. VІ сыныптан бастап қашықтықтағы кедергілерден сырғанап өту әдістерін үйренуге үлкен назар аударылады (қырлар мен жыралар), VІІ сыныптан- бір жүріс түрінен екіншісіне ауысып отырады. Бір уақытта тік құлама ылдиға, тауға көтерілу, барынша күрделі айналымға бұрылу үйретіледі (параллель шаңғыға аяқ тіреп бұрылу-VІІІ сыныпта). Осы бейнеде VІІІ сыныпты аяқтау сәтінде шаңғымен сырғанаудың тәсілдік әдістерінің негізгі барлық түрлері, яғни ІХ-ХІ сыныптарда шаңғымен жарысу тәсілдерін жетілдіріп және меңгерген әдістерді күрделі жағдайларда қолдану меңгерілген болуы тиіс.
“Коньки” тарауы (мұзда сырғанауға арналған темір табан) қарсыз аудандарда шаңғы дайындығының орнына кросстық дайындықпен қатар үйретіледі. Басқа да циклдік локомоторлы қозғалыс әрекеттерін үйрету кезінде бастапқы кезде тепе-теңдікті сақтап, негізгі қозғалыстарды жетілдіру қажет. Оқушыларды конькиде дұрыс тұруға, сырғанауға, алға итеріліп (серпіліп) сырғанауға, ІV-V сыныптарда оқушыларды қозғалыста бұрылуға, тура жүгіруге, сөреден және бұрылыстан жүгіріп шығуға үйретеді; VІ сыныпта жылдамдықты бірқалыпты ұстап түзу және бұрылыспен жүгіру; VІІ-VІІІ сыныптарда кіші және үлкен жүгіру жолақтарымен жүгіру және үлкен жолақтан кіші жолаққа және керісінше өту; ІХ сыныпта - сөреден өту үйретіледі. Сонымен, Х-ХІ сыныптарда арақашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы толығымен оқытылып, үйретілуі тиіс.
Жоғарғы сынып оқушыларына ара қашықтыққа күшті дұрыс есептеп жұмсауды үйретуге үлкен назар аударылады.
Кросс дайындығы "Кросс" сөзі ағылшын тілінде "жолды кесіп өту немесе жолдан өту" деген ұғымды береді. Табиғи кедір-бұдырлы жермен спорттық жүгіру, шаңғымен жүру, атпен шабу, велосипед тебу “кросс” деп аталады (велокросс, шаңғы кроссы, спорттық жүгіру кроссы және атпен желу кроссы т.б.).
Кросстың басты мақсаты кедергілерден ақылмен, тиімді әдістерді пайдаланып өту болып табылады. Біздің Республикамыздың оңтүстік аймақтарында (Тараз, Шымкент, Қызылорда) қыс айларының қары аз, жылы болуына байланысты шаңғы дайындығының орнына тегіс емес ойлы-қырлы немесе жыртылған жермен жүгірумен шұғылдануға болады.
Кросс дайындығының жүргізілу барысында мына төмендегі қауіпсіздік ережелері әртібінің сақталуы тиіс:
1/ қиын асулары, өткелдері бар күрделі жолдармен өту қашықтығында шұғылданушылар өте мұқият болуы, қажет болған жағдайда қарқынды төмендетуі тиіс;
2/ қозғалыс - қимылды төмен қарқынмен бастап, біртіндеп оны сөреге жақындағанда арттыру қажет;
3/ табиғи кедергілерден секіріп өткен кезде екі аяқтың тізесін бүгіп аяқты жерге жұмсақ қою керек.;
4/ спорттық киім жеңіл, қонымды және желден қорғайтындай, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс.
5/ аяқ киімнің су өтпейтін, жеңіл, жылы және эластикалық серіппелі қасиеті болуы қажет.
Суға жүзу” тарауы - бағдарламадағы ең маңызды бөлімдердің бірі ретінде өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады. Міндеттті түрде өтілуге тиіс тарау ретінде ІV сыныптың бағдарламасына суға жүзу ендірілген. Мұнымен 10-11 жасқа дейінгі барлық балалардың суда жүзе алуын қамтамасыз етудің өткір қажеттілігі ерекше атап көрсетіледі. Мүмкін болғанынша оқытып, үйрету құралдарымен бұданда ерте жаста (6-8 жасар) бағдарламаға ендіру жоққа шығарылмайды.
Егер мүмкіндік болса (мектепте жүзу бассейні болса) оқу бағдарламасының басқа тарауларынан 3-4 сабақты суға жүзуге алып және Х-ХІ сыныпқа дейін жүргізуге болады. Суға жүзуге арналған сабақты бастар алдында балаларға қауіпсіздік ережелерін және суда жарақат алып қалмау шараларының алдағы уақытта бұлжытпай орындалуын айтып, түсіндірудің ерекше маңызы бар. Суға жүзудің бағдарламасында ІV сыныптар үшін 26 сағат қаралған. Бұл бағдарламада суды меңгеру, суда өздерін сенімді ұстау және еркін демалу үшін әртүрлі жаттығулар ендірілген. Бұл жаттығулардың көпшілігі ойындық тапсырмалар және қозғалыс-қимыл ойындары түрінде ұсынылған. Сонымен бірге, суға жүзушілерге құрғақта жалпы дамыту және арнайы жаттығулар беріледі.
Кеудесімен жүзуді үйреткеннен кейін арқасымен жүзу қолға алынып, негізінен кеудемен және арқасында құлаш ұрып жүзу (кроль) әдісінің негіздері үйретіледі. Бұл кеудемен және арқамен жүзудің екі түрі де жоспарланады. Бір орында және су астындағы аяқ қозғалысы, сол сияқты қолмен суды есу үйретіледі. Суда тек аяқты немесе қолды қимылдатып жүзу беріліп, соңынан екеуін де толық үйлестікпен қосады. Сөреден шығу алғашқы кезде су ішінде үйретіледі. Содан кейін суға түсу біртіндеп күрделілене түседі, сондықтан суға секірер алдында қорықпау үшін бассейннің ернеуінде тұрып суға секіреді. Оқушыларға қойылатын талаптарда суға жүзудегі 50 метр қашықтықтан басқасында суға жүзу кезінде жүріп-тұру ережелерін білуі қажет. Оқу материалын құрудың негізгі принциптері келесі сыныптарға көшкенде де сақталады. Құрғақта жалпы дамыту, арнайы және имитациялық еліктеу жаттығуларының кешені, суда еркін, сенімді, батыл жүзуге арналған ойындар беріледі. Суда құлаш ұрып жүзу (кроль) дағдысы бекітіледі және жүзудің жаңа әдістерін үйрету басталады: V-сыныпта - брасс әдісі, VІІ сыныпта-дельфин, ара қашықтықта бұрылу сүңгу әдістері үйретіледі (VІ сыныпта).
Бұлардан басқа оқушылар суға батып кетушілерді құтқару әдістерін меңгеруі тиіс. Бұл үшін суға батып бара жатқан адамның ұстап қалуынан босану және оны алып жүру, су жұтқан жағдайда оған көрсетілетін бірінші дәрігерлік көмекті беру, атап айтқанда өнерлеп демалдыру және жүрекке тікелей емес уқалау массажын жасаудың әдістері үйретіледі. Қозғалыс сапаларын дамытуға арналған материалдар әрбір практикалық тарауда дербес жаттығулар кешенімен ұсынылған. Оның бағдарламада арнайы бөлініп көрсетілуі мұғалімде қажетті сапаларды жүйелі дамыту жұмыстарына, атап айтқанда орындалатын дене жаттығуларымен шұғылдану үшін қайсысы қажеттілеріне бағыттайды. Бұл оқушының үйренулерінің арасындағы үзілісті болдырмауына және оның функциональдық дайындығына мүмкіндік береді. Әрекет етуге үйретуде оның сәйкес келетін қозғалыс сапаларының дамуына әсері алдын-ала қарастырылады; басқа жағынан сананы дамытуға арналған жаттығуды пайдаланып, оның жүзу әдісіне әсер етуін ескеру қажет. Мысалы, белгі бойынша әртүрлі қалыппен жүгіру, жауап беру реакциясы жылдамдығына және сөредегі төменгі әдістен жоғарғыға біртіндеп өтуге үйрету үшін беріледі, яғни ол сөреден төменгі әдіспен шығуды меңгеру үшін маңызды. Жаттығулардың әртүрлілігі барлық қозғалыс сапаларының жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әртүрлі сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты барынша мақсатқа лайықтысына күш салу қажет. Алайда бағдарламада орындауға мүмкін жүктемелерді қамтамасыз ететін қарапайым жаттығулар мен әдістер ұсынылған.
“Гимнастика” және “Күрес” тарауларында күшті, күштік және статикалық (орныққан) төзімділікті (шыдамдылықты), буындардағы қозғалмалылықты дамыту және тепе-теңдік ұстауға арналған жаттығулар ұсынылады. “Спорт ойындары” тарауында жылдамдық-күш сапалары мен секіру төзімділігіне басты назар аударылады. Бағдарламада күшті дамытуға арналған ауырлықпен жұмыс істеу әдістері, жіппен, резинамен секіру өлшемдерінің шамасы, атап айтқанда секіру төзімділігін дамытуға арналған қарапайым жаттығулардың жүйелері келтірілген.
Циклдік локомоторлы қозғалыстар кіретін тарауларда (жүгіру,шаңғымен, конькимен сырғанау, суға жүзу) шапшаңдықты, жылдамдық төзімділігін және қайталау, үзіліссіз және үзіліспен үйрету әдістерін қолдану төзімділігін дамыту туралы нұсқау берілген.
Жүктемелер біртіндеп арттырылады және қыздар мен балаларға дифференцияланады (бөлінеді). Жоғары сыныптарда жылдамдық төзімділігін дамытуға басты назар аударылады. Мұнда тек қана жаттығуды сабақта тікелей орындауға ғана басты маңыз берілмейді, сонымен бірге өзін-өзі бақылау әдістерін қолданып өзбетінше сабақ өткізу әдістемесін үйрету, сөйтіп оқушылардың күнделікті сабағына орташа қарқынмен жалғастырылатын жаттығуларды кіргізуге дайындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет