Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қарапайым және күрделі қозғалыс реакциясының жылдамдығын тәрбиелеу



бет77/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   147
Қарапайым және күрделі қозғалыс реакциясының жылдамдығын тәрбиелеу. Реакциялар, қарапайым және күрделі болып айырмаланады. Қарапайым реакция бұл алдын ала белгілі, бірақ аяк астынан пайда болатын белгіге (сигналға) белгілі бір қозғалыспен жауап беру (мысалы, сөреден шығардағы пистолеттің атылуы).
Шапшаңдықты тәрбиелеу үшін қайталау, үзіліспен (әр түрлі үдеумен) ойындық және жарыстық әдістері кең қолданылады. Қарапайым реакция шапшаңдығын тәрбиелеу кезінде көбіне қайталау әдісі жиі пайдаланылады, яғни онда жаттығуды орындаудың мақсаты күтпеген белгіге барынша тез реакция (жауап) беру мүмкіндігі болып табылады. Дыбыстық, есіту және көру белгілері қолданылады. Кейбір алдын ала жүмыс бүлшық ет талшықтарының керілуінен реакцияның шапшаңдығы біршама артады (жоғары спорттық дәрежелі спринтерлер сөредегі төрешінің пистолеттен атуын күтіп, аяғымен сөредегі аяқ тірегішті сығады). Күрделі реакция әр түрлі болады. Бірақ бүл реакция қозғалыстағы зат пен таңдау реакциясында жиі кездеседі. Қозғалыстағы зат реакциясында үлкен жылдамдықпен қозғалып келе жатқан затты үнемі көру (маңызды) қажет. Бүл үшін заттың жылдамдығы біртіндеп артып, күтпеген жағдайда әр түрлі орындарда пайда болып, бақылау ара қашықтығын қысқартып отыратын және т.б. жаттығулар пайдаланылады. Зат (ойындағы доп) орнын ауыстырмай түрғанда көзге байқалған жағдайда күрделі реакцияның уақыты елеулі қысқарады. Қозғалыстағы зат реакцияның дәлдігі, оның шапшандығының дамуымен қатар жетілдіріледі. Таңдау реакциясын тәрбиелеу ерекшелігі қажетті мүмкін болған қозғалыс жауабының қатарынан таңдауға байланысты. Таңдау реакциясының күрделілігі жағдайдың өзгеру үлгісінде қарсыластың немесе командалас әріптестің көңіл-күйінің әр түрлілігіне көп байланысты. Таңдау реакциясын тәрбиелеу кезінде де қарапайымнан күрделіге, жағдайдың мүмкін болған өзгеру санына қарай біртіндеп арттыру арқылы жүреді. Дегенмен, шапшандыққа тәрбиелеудің кез келген үлгісінде (жекелей немесе циклді қозғалыста, қарапайым және күрделі реакцияда) оны тәрбиелеу қүралы аз дегенде келесі үш талапты қанағаттандыруы тиіс:
1) жаттығудың әдісі шұғылданушылар жылдамдығы үшін мүмкін жағдайды орындауға болатын болуы тиіс;
2) жаттығуды меңгеру дәрежесі барынша жоғары болғандықтан оған күш салу орындау әдісіне емес, орындау шапшаңдығына бағытталады;
3) жаттығудың созылуы оны орындаудың соңында, шаршау нәтижесінде шапшаңдығы төмендеп кетпейтіндей болуы тиіс. Шапшаңдықты тәрбиелеудегі маңызды сәт жаттығуды орындап көру арасындағы демалыс болып саналады.
Бүл демалыстар шұғылданушының күшін толық қалпына келтіретіндей дәрежеде көп болуы тиіс, яғни қозғалыстың жылдамдығы қайталаудан, қайталауға көшкенде төмендемеуі тиіс.
Шапшаңдықты тәрбиелеу - күрделі жұмыс тәртібі. Жылдамдық мүмкіндігін арттырудың барынша үтымды, пайдалы кезеңі балалық және жасөспірім шақ. Бұдан кейінгі ересек жастарда жылдамдық қабілеттерін тәрбиелеу күш және үйлесімділік сапалары арқылы мүмкін болады және егер баланың ерте жас кезінде шапшаңдықты дамытуға назар аударылмаса, көп тер төгуді талап етеді. Студенттік шақта дене тәрбиесімен шүғылданушылар үшін бұл сапаны белгілі бір деңгейде басқа дене сапаларын арттыру арқылы бірқалыпты үстап тұруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет