Батылдық қорқыныш сезімін жеңіп шығуды талап ететін әрекеттерде тәрбиеленеді.
Шешімшілдік спортшыдан қабылданған шешімнің артынша әрекет ету қажет болған жағдайда, кездейсоқ күрделі мәселе туындағанда, жолы болмай қалуы мүмкін сәтке де қарамастан жедел әрекет жасау талап етіледі.
Өзін-өзі ұстай білу - өз әрекетін бақылаудан шығарып алмау қабілеті - объективті жағдайда барынша күрделі сәттерде тәрбиеленуші, мысалы, ауа-райының бұзылуы, шаңғының нашар сырғанауы және алдыңғы жарыстардағы жолы болмаушылық немесе күшті қарсыластың белсенді әрекеті т.б. себептер.
Ақыл-ой тәрбиесі - бұл тек оқушылардың арнайы пәндер бойынша білімін, қабілетін және дағдыларын байытумен шектелмейді. Ол, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, назар аударуын, зердесін, танымдық белсенділігінің артуын дамытуға бағытталады.
Еңбек тәрбиесі - мектеп оқушыларында бірнеше бағытта іске асады :
1/ Қоғамның мүддесі үшін еңбектің қажеттілігі туралы сендіру.
2/ Еңбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.
3/ Дене тәрбиесі сияқты еңбекке іс жүсінде дайындалу, сонымен бірге қабілетпен және дағдымен, еңбек қызметіне қажетті әрекеттермен қарулану.
Эстетикалық тәрбие - денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану процесінде мыналарға бағытталған.
1/ Сыртқы сымбат, көрік сұлулығына жетуге белсенді ұмтылыс.
2/ Қозғалыс - қимыл сұлулығын ұғуға тәрбиелеу және іс жүзінде оны пайдалана білуді қалыптастыру.
3/ Тамаша, қуанышты сезінуге байланысты сезімге, толқушылыққа әсер ете білу, қоршаған тамаша, көрікті ортаға, адамдардың өзара тамаша ара-қатынасына еліктеу, жақсылыққа талаптану.
Дененің сымбаты туралы ой түйгенде бірінші дененің саулығы, дұрыс тұлғаны тәрбиелеуді жүйелі дамумен байланыстыру керек.
Бұл жерде “сұлулықты” көрсету үшін дененің бұлшық еттерін “өнерлеп” қана дамытатын батыстың “әуесқойлары” туралы емес шын мәнінде қозғалыс қимылға бейімді даму туралы, яғни бұлшық еттердің дамуы дене қозғалысына жүйелі әсер етуі тиіс. Қозғалыс қызметіне пайдалы әсері болмайтын релефті бұлшық еттерді “сұлулық” үшін өсіру кемтарлыққа соқтырады. Әсіресе мектеп оқушыларына қозғалыс сұлулығы өз денесін өте жақсы меңгерусіз мүмкін емес екенін ұғындыру абзал. Дененің қозғалыс бағытын, ырғағын, қабілеттерін меңгеру қозғалыстың мәнерлі тілінің негізі болып саналып, қозғалыс мәдениетінде көрінеді. Бұл мәдениетке тәрбиелеу – оқушыларды қозғалыс негіздеріне үйретудегі міндеттердің бірі.
Кез келген қарапайым қозғалыс өзінің дәлдігімен және адам бойына сезімдік (эмоционалдық) даруымен, табиғилығымен эстетикалық қанағат әкеледі. Мысалы, гимнастқа сұлу сымбатымен үйреншікті жеңіл жүрісімен ешқандай күш түсірмеуі. Оқушылар ұжымдық әрекеттік қимыл-қозғалыстың эстетикалық пайдалы әсерін сезінуі және түсінуі тиіс - дәл орындау, топтық ырғақты, жүйелі қозғалысы (ұжымдық еркін жаттығуларда, сапқа қайта тұрғызу жаттығуларында, би комбинацияларында), қозғалыс үйлесімділігі, өзара түсіністік, орнықты ойын өрнегі (спорт ойындарында). Балаларды дене жаттығуларының сұлулығын, көркемдігін өздігінен бағалауға тарту қажет, бірақ үнемі бұл бағалаудың дұрыстығын бақылау керек. Оқушыны талғампаздыққа тәрбиелеу оның әрекетінде шығармашылық жақсы қасиеттерді көрсетуіне мақсатты бағыт береді. Қозғалыс-қимыл жаттығуларын музыканың сүйемелдеуімен орындау қозғалысты толық ұғынып және жақсы орындауына мүмкіндік береді. Қозғалыс әрекетін музыкалық мәнер құралымен (дыбыстың күші, мәнерлі ырғағы және т.б.) сүйемелдеу жаттығуды толық ұғып, түсініп орындауға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қозғалыста музыканы тыңдап, сезіммен бойға сіңіріп жаттығуларды орындау музыкалық тәрбиеге жәрдемдеседі. Хореография, би құралдары дене жаттығулары сипатында пайдаланылады.
Әдеміліктен, әсемдіктен, сұлулықтан, ырғақтылықтан, мәнерліліктен басқа би адамгершілік тұрғыда да тәрбиелейді. Мысалы, жұппен билеу жаттығуында билеушілерден белгілі бір өзара қарым-қатынас мәдениетін талап етеді.
Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары Оқушыларды дене мәдениетіне тәрбиелеудің әртүрлі міндеттерін іске асыру үшін сан қырлы әрекет жүйесі, әртүрлі өзара байланыстағы мекемелерді, ұйымдарды және жеке тұлғаларды қатыстыру арқылы мектепте, мектептен тыс мекемелерде, от басында оқыту, тәрбиелеу және демалдыру формалары талап етіледі.
Шұғылданудың сабақта және сабақтан тыс ұйымдастыру формалары бірін-бірі толықтырып жан-жақты әсер етуге мүмкіндік береді. Үйрету және белсенді демалыс элементтері бұларда әртүрлі сапада педагогикалық басқарудың деңгейіне қарай шешіледі.
Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формаларына мыналар жатады :
1/ “Денешынықтыру” пәні сабағы. Бұл Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша аптасына 2 немесе 3 рет міндетті түрде өтілетін сабақ, яғни денеге білім берудің негізін құрайды, сондықтан бұл маңызды форма болып табылады.
2/ Мектеп күн (режімі) тәртібіндегі белсенді демалыс формасы, сонымен бірге сабаққа дейінгі гигиеналық гимнастика, денешынықтыру үзілістері, үлкен үзілістерде ойындар ұйымдастыру сияқты ұзартылған күн тобы.
3/ Сыныптан тыс жұмыс формасы :а/ Төменгі сынып оқушыларының үйірмелердегі, барлық талапкерлердің секциялардағы жалпы дене дайындығы, әсіресе медициналық дайындық топтарындағы және спорт түрлері секцияларындағы, жаттығу сабақтары ; ә/ Көп оқушылардың қатысуымен, көрермендерге қызғылықты етіп жоғары талғаммен, адамдардың көңіл-күйін көтеретіндей атмосферамен мерекелік деңгейде өткізілетін спорт жарыстары, спорттық мерекелер, ойындар, туристік жорықтар және т.б. іс-шаралар; б/ Тақырыптық саяхат (экскурция), спорттық тақырыптарға кино, бейне фильмдер көрсету, спорттық көріністер (показательные выступление), танымал, белгілі, атақты спортшылармен кездесу өткізу және басқа да үгіт-насихат шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |