Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Мектептен тыс мекемелерде келесі дене мәдениеті және спорт шараларының ұйымдастыру формалары іске асырылады



бет67/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Мектептен тыс мекемелерде келесі дене мәдениеті және спорт шараларының ұйымдастыру формалары іске асырылады :
1. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептері. Мұнда әр спорт түрлері бойынша тұрақты оқушылар контингенті болады. а/ жүйелі түрдегі оқу-жаттығу сабақтары ; ә/ мектептегі сияқты жалпы-көпшілік іс-шаралары.
2. Спорттық, туристік сауықтыру лагерьлері. а/ күн тәртібіндегі сауықтыру іс-шаралары (соның ішіне шынығу да кіреді) ; ә/ белгілі бір дене жаттығуларынан тұратын оқу-жаттығу сабақтары ; б/ күн тәртібіндегі жоспарланған жалпы көпшілік іс-шаралары (жарыс, жорық т.б.).
3. Тұрғылықты орындағы дене мәдениеті мен спорт: а/ көше, үй комитеттерінің жанындағы қоғамдық негіздегі спорт секциялары ; ә/ аула клубтарының арасындағы жарыс.
От басындағы дене мәдениетіне мыналар жатады :
1/ Күн тәртібіндегі шаралар : таңертеңгілік (денсаулықты түзетуге арналған) гигиеналық гимнастика, шынығу процедуралары (шомылу), үй тапсырмасын орындар алдындағы денені сергіту жаттығулары.
2/ Жаңа қозғалыс әдісін, әрекетін үйрену үшін өз бетінше дербес және үлкендердің жәрдемімен дене жаттығуларымен шұғылдану, дене тәрбиесінен үйге берілген тапсырма жаттығуларды орындау.
3/ Демалыс сағаттарында, демалыс күндері, оқушылардың демалыстарындағы ойындар, қыдыру (сергу) саяхат, жорықтар, отбасы мүшелерінің қатысуымен жарыстар өткізу (мысалы “Әкем, анам және мен” - атты жарыстар).
Мектептегі оқушылардың денешынықтыру және спортпен шұғылдануына, жағдай жасауға бұл жұмыстарды ұйымдастыруға мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары жауап береді. Денені тәрбиелеу мәдениетінің әртүрлі тәрбиелеу формаларын іске асыру жұмыстары дене тәрбие пәні мұғалімі мен алғашқы әскери дайындық (АӘД) жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшілері күн тәртібінің сақталуын, оқушылардың таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканың орындауын, сабақ өтілетін орынның тазалығын, ауаның демалуға жеткілікті мөлшерін, температурасын қадағалап, олардың мектепте өтілетін спорт секцияларына қатысуына, сонымен бірге мектеп және мектепаралық т.б. спорт жарыстарына, спорт сауықтыру шараларына, спорттық туристік жорықтарға қатынасуына ықпал етеді.
Басқа пәндерден сабақ беретін мұғалімдер өз сабақтарының мазмұнында денешынықтыру мен спорттың адам денсаулығына пайдалы әсерін, оның педагогиканың бір саласы екенін насихаттауы, олардың сабақ үстінде оқушылармен денешынықтыру минуттарын жасатқаны жоғары әсер (эффекті) береді.
Сыныптан тыс дене шынықтыру және спорт шараларын өткізуде мектептегі қоғамдық негіздегі ұжымдық денешынықтыру кеңесі, спортклубтардың рөлі зор. Оқушылардың денсаулық жағдайына байланысты маңызды міндеттердің бірі ретінде, оларды өмірге, еңбекке, отанды қорғауға дайындайтын құралы ретінде мектеп педагогикалық кеңесінде, жастар комитеті мәжілістерінде және ата-аналар жиналыстарында күн-тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде жоспарға ендіріліп қаралауы тиіс. Денені тәрбиелеу мәдениетін ұйымдастыру жүйесі үнемі дамып, жаңа тәжірибелермен байытылып келе жатқандықтан, өскелең өмір талабы оның жаңа формаларын, варианттарын, түрлерін туғызады. Мысалы, оған жаңа Президенттік тест жүйесі, “Туыстар” командалары арасындағы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты “ Әкем, анам және мен - спорттық отбасымыз” деген отбасылар арасындағы конкурстар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет