Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп жасындағы дене тәрбиесін жоспарлау және бақылау
2. Жұмысты жоспарлаудағы басты бағыттар.
«Оқушылардың дене тәрбиесі» бағдарламасының сипаттаасы.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үрдісін жоспарлаудағы бірізділік.
№15 Лекция сабағының тақырыбы : Сабақ мектептегі оқытудың негізгі түрі.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесі сабағының мектептегі оқытудың негізгі түрі ретіндегі рөлін түсіндіру.
Жоспары:
Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұнына қарай топтастырлуы
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылардың әс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылар іс-әрекеттерің белсенділігің арттыру әдістері.
Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің дайындығы.
Лекция мәтіні: Мектептегі денешынықтыру сабағы. “Денешынықтыру” пәні бойынша негізгі оқу формасы – сабақ болып саналады. Бағдарлама бойынша қарастырылған сабақтың міндеті мен мазмұнының ерекшелігі мектеп сабағында шұғылданатындардың кейбір жас ерекшеліктері ескеріледі.
Сабақтың міндеттері:
Білім беру міндеті – жүйелі бір жылдық және тоқсандық болып нақтыланады. Яғни, оқушылардың білімін оқып, үйренуін және дағдыларының берілген сабақтың нәтижесінде артқандығының дәрежесін анықтау. Іс тәжірибе көрсеткендей бір сабақта 2-3 міндетті шешу, яғни оқу материалының меңгерілуімен және жетілдірілуімен байланысты және қажетті қозғалыс сапаларының дамытылуымен сипатталады Сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері де өте маңызды орын алады.
Мектептегі сабақтың типтері (түрге жіктелуі). Мектеп сабақтарын типке бөлудің негізгі дидактикалық міндеттерін шешуге бағыттау болып табылады. Сабақтың типі беске бөлінеді. Бұлар : кіріспе, жаңа сабақты оқып-үйрену, өткен сабақты қайталап жетілдіру, бақылау (есеп алу) және аралас сабақтар.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың түрге жіктелуінде оның құрамының ерекшеліктері, ұйымдастыру әдістері мен оқушылардың белсенді әрекеттерін қамтамасыз етумен сипатталады.
Кіріспе сабақ оқушыларды ұзақ кезеңге (жыл, тоқсан, берілген тарау бағдарламасы бойынша қатарынан сериялап сабақ өткізу) және оған қойылатын талаптарымен таныстыру үшін өткізіледі.
Оқушыларға сабақтың ілімдік мазмұндары барынша жалпы сипатта жеткізіледі. Сонымен бірге, бір уақытта сыныптың ерекшеліктері және оқушылардың жаңа материалды игеруге дайындығы айқындалады. Оқу жылында бір немесе екі сабақ ілімдік мазмұнда өтуі мүмкін. Бірақ, ереже бойынша кіріспе сабақтар бөлікпен немесе толығымен дене жаттығуларын орындау арқылы өтіледі. 1 сыныпта сабаққа дайындыққа және ондағы мінез-құлық ережелеріне үлкен мән беруге назар аударылады. Мүмкіндікке қарай бірінші жұмысты мектептің спорттық базасын көрсетуден бастаған дұрыс.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тәртіптілігі белгілі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатудың жәрдемімен анықталады. Нақтылы белгіленген талаптары бар тест жүйесі бойынша оқушылардың дене дайындық деңгейін тексеріп айқындауға болады.
Жаңа оқу материалын оқып, үйрену сабағы. Бұл сабақтың мәні жаңа материалды ілімдік мазмұнда түсіндіру және қозғалыс арқылы көрсету жүйесімен қызықтыру, болашақтағы қажеттілігін ұғындыру міндеттерін шешу арқылы жүзеге асады. Кешенді жалпы дамыту жаттығуларының әрқайсысы жаңа қозғалыс әрекетінің барынша дұрыс ұғылуына есептелініп құрылады. Ұзақ және көп қуатпен орындалатын жалпы қыздырыну жаттығулары ереже бойынша бұл сабақтың сипатына жатпайды. Сабақтың негізгі міндеттерін шешу, оның басталуына әкеледі, өйткені оқушылар сабақ барысында қажымауы және ширақ болуы тиіс.
Бұл жаңа материалды үйрену сабағының дайындық және негізгі бөлімдері үзіліссіз байланыста, яғни біртұтас. Жаңа материалды оқып, үйренуге сабақтың барлық уақыты арналмайды. Сабақтың негізгі бөлімінің соңында жан-жақты талап деңгейінің дәрежесіне қарай дене жаттығуларының басқа түрлеріне өту, мысалы, күшті немесе төзімділікті дамытуға арналған жаттығуларды орындатқан дұрыс. Сабақтың қорытынды бөлімінде қайтадан басты міндетке оралу, яғни үйретілген материалды оқушылардың қабылдау деңгейін сұрау арқылы анықтау және үйге тапсырма беру қажет.
Оқытып, үйретілген материалды жетілдіру сабағы. Бұл оқытылып, үйретілген материалды жетілдіру сабағында өтілген материалдың әдістерін тереңдетіп үйрету, өтілген материалды күрделі жағдайда пайдалану немесе үйретілген материалдың жәрдемімен қозғалыс сапаларын арнайы дамыту болып табылады. Сабақтың міндеттері қысқаша түсіндіріледі, өйткені оқушылар оны зейінімен зерделеп қабылдауға дайын. Бұл сабақтың кіріспе бөлімі ағзаның қарқынды жұмысқа қызметтік дайындығына сабақтың басқа алдыңғы типтеріне қарағанда барынша бейімделген (бағынышты).
Мұнда әртүрлі қарқында жүгіру, шалт қимылды талап ететін жаттығуларды орындау және назарға жаттығулар беру кең ауқымда қолданылады. Қозғалыс әдістерін жетілдіруге топпен үйрету түрі қолайлы, ал дене сапаларын арнайы дамытуда сабақтың “айналмалы” (круговой) түрі жиі қолданылады. Меңгерілген жаттығулар әртүрлі кедергілер аймағында, күрделі құрастырылған (комбинированный) жаттығуларды орындағанда, эстафеталарда, ойындарда, сонымен бірге жарыс түрінде өткізіледі.
Қалыпты жағдайда басқа сабақ типтеріне қарағанда үйретілгенді жетілдіру сабағының қозғалыс тығыздығы жоғары болады. Сабақтың қорытынды бөлігінде ретіне қарай денеге түскен жүктемені түсіруге, кең, терең және ырғақты демалуға көп уақыт кетеді.
Бақылау сабағы Бақылау сабағы тақырып бойынша немесе пән бағдарламасының бүтіндей тарауы бойынша оқытудың қорытынды нәтижесін шығару үшін арналған. Мұнда оқушылардың барлығы немесе көпшілігі бағаланады. Сабақта оқушыларға өз дайындықтарын көрсетуі үшін барлық жағдай жасалады, яғни арнайы қыздырынуға, спорт қондырғыларында өздерінің жаттығуды орындап көруіне толық мүмкіндік жасалады және т.б.
Сабақтың басты қорытындысы, әрбір оқушы өзінің қай жаттығуды, қалай орындағаны үшін бағаны алғанын ұғынуы, үлгерімін жақсартудың жолдарын білуі болып табылады.
Аралас сабақ Жоғарыда айтылған сабақтардың барлық түрлері бұл сабақтың мазмұнына кіреді. Мұнда шұғылданушылардан ерекше дайындықты талап ететін екі-үш міндеттер бірігуі мүмкін. Сондықтан, оқушылардың жалпы дайындығын қамтамасыз ететін кіріспе бөлімінен тыс негізгі бөлімінде кезектегі міндетті шешу алдында көп мөлшерде емес арнайы дайындық өткізіледі.
Жаңа материалдарды оқып, үйренуге байланысты міндеттерді шешуге, әдістерді (детальдарымен) бөлшектермен үйрету және жаттығуларды бағаға орындау, өтілген сабақты бекіту міндеттерінен бұрын шешіледі. Тепе-теңдікті, жылдамдықты, әбжілдікті дамыту, күшті және шыдамдылықты дамыту тапсырмаларына дейін жоспарланады.
Үй тапсырмалары. Денешынықтыру пәніндегі үй тапсырмаларының ерекшелігі, ол оқушылардың күн тәртібіндегі (режим) қозғалыс белсенділігін арттыруына қызмет етуі болып табылады. Мұнда үй тапсырмасы сабақта үйренген білімді, орындай алуды және дағдыны жақсы меңгеруіне бағытталған ; бағдарламаның әртүрлі тарауларын меңгеруіне қажетті қозғалыс сапаларын қамтамасыз ету (тапсырма қозғалыс әрекетін үйренуге дейін немесе үйрену кезінде беріледі) ; денсаулықтың жалпы нығаюына және дене дайындығының жақсаруына ; дене дамуының ауытқуын жою ; тұлғаның паталогиялық емес ақауын түзеу, қалыптан тыс (семіздік) салмақты жою.
Үй тапсырмалары дене жаттығуларын өздігінен дербес орындауына дағдыландырады, ұйымшылдық, өз мінез-құлқын игеруге, табандылығын дамытуға қалыптастырады.
Ұй тапсырмасы мына тапсырмалар жобасынан тұрады :
1. Сабақта орындалған арнайы, дайындық және негізгі жаттығулар ;
2. Сабақ міндетіне қарай оқушының өзбетінше ойланып құрастыруына ұсынылатын жаттығулар варианты;
3. Мұғалімнің бір айға, тоқсанға жоспарлап құрастырған оқушылардың күнделікті үйде орындайтын кешенді және жекелеген жаттығулары.
Қосымша тапсырмалар :
Спорт құрал-жабдықтарын, киімдерді, берілген тестілер мен басқа сабақта пайдалы жұмысқа қажетті құралдарды дайындау.
Үй тапсырмаларын дайындаған кезде мұғалім үй жағдайында меңгерілу және орындалу мүмкіндіктеріне көз жеткізуі тиіс. Әсіресе оқушылардың өз ақыл-есімен орындауына сүйеніп атқаратын бақылау жүйесін ойлап табуы ерекше маңызды. Оқушылардың дайындығын кезеңдермен оқу бағдарламасында көрсетілгендей тест жүйесімен тексерудің оқушылардың өзі толтыратын көрсеткіш динамикасы хаттама-корточкасының үлкен маңызы бар.
Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына ата-аналардың назар аударуын ұйымдастырып және оларды бақылау жасауға тарту педагогикада маңызды орын алады.
Оқу жұмысын жоспарлау Жоспарлаудың мәні мен маңызы. Оқу жұмысын жоспарлау дегеніміз денешынықтыру сабағы жүйесіндегі бағдарламалық материалдардың сабақтастық жүйелілікпен және ұтымды (оптимальді) дәл уақытпен өтілуін анықтау болып табылады. Жоспарлау алдағы атқарылатын жұмыстың нақтылы нәтижесін алдын ала білуге, оқыту кезеңдеріндегі жекелеген міндеттерді шешу үшін барынша пайдалы жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының бірге қызмет әрекетінің барынша нәтижелілігін қамтамасыз ететін нақтылы бағдарламалық әрекетті қамтуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |