Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Илгіштікке тәрбиелеу әдістері



бет81/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Илгіштікке тәрбиелеу әдістері. Иілгіштік шұғылданушының қозғалысты үлкен амшштудамен (теңселу шегі, арасы) орындау қабілеті болып табылады. Нілгіштіктің бар болуы түқым қуалаушылық заңдылықтарымен байланысты, алайда оған шұғылданушының жасы және үзіліссіз жүйелі дене жаттығулары (ықпал жасайды) әсер етеді. Иілгіштікке тәрбиелеуге әр түрлі спорт түрлері әр түрлі әсер етеді. Иілгіштікке бірқатар спорт түрлерінде (көркемдік және спорттық гимнастикада, суға және батутқа секіруде) және кейбір кәсіби қызмет жүйелерінде өте жоғары талап қойылады. Дегенмен, иілгіштік жаңа жоғары үйлесімді қозғалыс әрекеттерін меңгеруге немесе басқа да қозғалыс сапаларын көрсетуге мүмкіндік жасайды.
Иілгіштік динамикалық (қозғалыста көрінетін), статикалық (дененің қалпын және тұру жағдайын сақтау мүмкіндігі), белсенділік (өз күшіне сүйеніп көрсетуі) және сылбыр (сыртқы күштердің әсерінен көрінетін) болып айырмаланады.
Иілгіштік бұлшық еттердің, байланыс ұлпалары жасушаларының, буын қоспалары сумкаларының созылғыштығына көп байланысты. Спортшының көңіл-күйі көтеріңкі болған кезде, жарыстың алдыңғы сәтінде иілгіштік артады, ал жоғары дәрежедегі шаршау сәтінде бүлшық етгердің созылғыштығы азаюы мүмкін. Иілгіштікті арттыру үшін алдын ала қыздырыну, керілетін бүлшық ет топтарына массаж жасау және қысқа мерзімде міндетті түрде қозғалыс-қимылдарын орындар алдында бұлшық еттерді ширату қолданылады. Иілгіштікке сыртқы температура (төменгісі иілгіштікті азайтады, тәуліктік уақыт, яғни сағат 10,00-18,00 дейін иілгіштік жоғары, таңертең және кешке төмен) әсер етеді. Өмір заңдылығы бойынша табиғи дене дайындығына күш деңгейі жоғары адамдардың бұлшық ет тонустарының физиологиялык күш қуаты жоғарылығынан олардың иілгіштігі төмен болады. Иілгіштік қабілеті жоғары адамдардың жылдамдық-күш қабілеттерін көрсету мүмкіндігі төмен болады. Сондықтан буын қоспаларының қозғалыстары шектеулі қалыптағы адамдармен көбейтілген, барынша жиі және үзақ созылған бұлшық еттерді созуға арналған жаттығу түріндегі жүктемелерді беру қажет. Белгілі кезендерде бұл жүктемелерді күнделікті жаттығуда 2-3 рет беруге болады (оқытушының тапсырмасы бойынша үйде, жеке, өз бетінше шұғылдануды қосқанда). Керісінше, табиғатында иілгіштік көрсеткіші жоғары адамдар үшін бұлшық ет созылмалылығына берілетін жаттығуларды шектеп таңдап алынған, бағытталынған күшті арттыру және жалпы дамыту жаттығуларының жәрдемімен тірек-қозғалыс аппаратын дамытуға (бекітуге) арнайы шаралар қолдану қажет. Иілгіштікті тығыз, аз уақыт ішінде дамытуда алға басушылықты қамтамасыз ету қажет болған жағдайда Е.П.Васильевтің мына жаттығу пропорциялары ұсынылады: шамамен 40% белсенді-динамикалық, 40% сылбыр және 20% статикалық жаттығулар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет